Реферат: Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
20

Жоспар

Жоспар...........2

1 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі..........3

2 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар  көздерінің түрлері..........4

3 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің жүйесі..........7

4 Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы, кеңістіктегі және қызметкерлер санаты бойынша күші..........14

 

 

1 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі

 

Бұл қай орган және қандай мәселелер бойынша оларды қабылдағанына қарай ажыратылатын нормативтік құқықтық актілер. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі тура мағынада әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларына бастау беретін, әлеуметтік қамсыздандыру туралы құқықтық нормалардың мазмұнын анықтайтын қасиетті білдіреді, сол себепті әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерін әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан тұратын, құзыретті органдардың жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады.

 

 

2 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар  көздерінің түрлері

 

Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды болып бөлінеді.

…Қазақстан Республикасында қабылданатын заңдар мен өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы саясаты адамның жақсы  өмірі мен еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған саясатқа ие әлеуметтік мемлекет болып табылады.

Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы қорғалады, отбасын, балаларды және аналарды, мүгедектерді және қарт адамдарды мемлекеттік қолдау қамтамасыз етіледі, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дамып жатыр, мемлекеттік зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік қорғаудың өзге де кепілдіктері белгіленеді. Соған қоса, азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтары ҚР Конституциясының жекелеген баптарында белгіленген (28, 29, 30-баптары).

… Бұл заңдылық қағидасының мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мәселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты маңызды мәселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы заңға сәйкес актілермен реттеледі.

 

 

3 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің жүйесі

 

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздері өз жүйесіне ие, ол әлеуметтік қамсыздандыру құқығының барлық заңдарының біртұтас кешенде орналасу құрамын, өзара байланысын және кезектілігін білдіреді.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерін былайша түрлерге бөлуге болады:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (28, 29, 30-баптары);

2. Халықаралық-құқықтық актілер – халықаралық конвенциялар, декларациялар, ТМД елдерінің арасындағы келісімдер;

ҚР Конституциясына және ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес заңдардың келесі түрлерін атап өтуге болады:

А) ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар. Олар ҚР Конституциясында (62-б. 3-т.) белгіленген тәртіппен қабылданады. Мысалы: мемлекеттік қызметшілердің жасына қойылатын талапты жойған  ҚР 1998 жылғы 7 қазандағы «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы (33-б. 4-т.);

…Еңбекті қорғаудың негіздері туралы заң еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысында қызметкерлердің өмір және денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін, сонымен қатар әлеуметтік қорғау мәселелерін реттейді.

Заңдардан өзге барлық қайнар көздер заңға сәйкес актілер болып табылады, олар: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары және т.б.

Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен қабылданған бірқатар актілер де бар.

 

 

4 Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы, кеңістіктегі және қызметкерлер санаты бойынша күші

 

Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы күші. Еңбек құқығының қайнар көздері болып табылатын нормативтік құқықтық актілер үшін олардың әрекет ету күшінің басталу және аяқталу уақытын, яғни, олардың уақыттағы шектерін белгілеудің тәжірибелік маңызы зор.

ҚР Конституциясының нормалары мен ережелері оны ресми түрде жариялаған күннен бастап күшіне енеді. 1995 жылғы 30 тамызда  республикалық референдумда Конституцияны қабылдаған күн Қазақстан Республикасы Конституциясының күні деп саналады. ҚР Конституциясы күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келмейтін бөліктері қолданылады. Конституция және оның жекелеген нормативтік ережелері белгіленген тәртіп бойынша жаңа Конституция қабылдағанға дейін немесе осы ережелерге өзгертулер мен толықтырулар енгізетін конституциялық заң қабылдағанға дейін қолданыста болады.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің арасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары – мемлекетердің келісімдері айрықша орынды иеленген. Бұл келісімдер азаматтардың ТМД бір мемлекетінен екіншісіне көшкен кезде оларды әлеуметтік қамсыздандырудың жағдайлары мен тәртібін белгілейді. Мысалы, «Тәуелсіз Мемлекеттер достастығының қатысушылары – мемлекеттердің азаматтарының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы» келісімі (1992 жылғы 13 наурыздағы) КСРО-ның бұрынғы республикаларының аумағында зейнетақыға құқықты иеленген және осы құқықты Келісімнің барлық қатысушыларының – мемлекеттердің аумағында жүзеге асыру құқығын иеленген тұлғаларды зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды үйлестіру саясатын жүргізуді көздейді.

Нормативтік құқықтық актілердің тұлғалар шеңбері бойынша күші.

…Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық нормалар екі үлкен топқа бөлінеді: (бұлай бөлудің негізіне объективтік факторлар, нақты айтар болсақ, Қазақстан Республикасының әртүрлі аумақтарының ауыр табиғи-климаттық жағдайлары алынған):

1) экономика саласына және еңбек жағдайына ...