Реферат: Қаржы саясаты және қаржы тетігі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Финансы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
23

Жоспар

 

1.Қаржы саясаты ұғымы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны. Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары мен принциптері..........3

2. Қаржы тетігі, оның мазмұны мен құрылымы..........4

3. Қаржы саясаты мен қаржы тетігінің өзара байланысы.........7

4. Қаржы аппараты, оның құрылымы. Қаржы менеджменті ұғымы..........8

5. Нарықтық ортадағы қаржылық жоспарлау мен болжау және оны жетілдіру бағыттары..........12

6. Қаржы құқығы, оны құрайтын элементтер. Мемлекеттің қаржылық қызметі. Қаржылық – құқықтық актілер, олардың түрлері..........16

7 .Қаржылық бақылау ұғымы, қаржылық  бақылаудың принциптері, міндеттері, жіктеуі.  Қаржылық бақылау органдары..........16

 

 

1 Қаржы саясаты ұғымы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны. Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары мен принциптері

 

Қаржы саясаты – бұл өз функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржы саласындағы мемлекет жүргізетін нысаналы бағытталған іс-шаралар жиынтығы.

Қаржы саясаты – дербес қызмет аясы, бірақта бұл ретте ол экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып саналады.

Экономикалық заңдардың қолданылуын ескере отырып және қоғам дамуының міндеттеріне сәйкес қаржыларды жоспарлы ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып саналады.

 

 

2 Қаржы тетігі, оның мазмұны мен құрылымы

 

 Қаржы тетігі – қоғамдағы қаржыларды және экономиканы басқару жүйесіндегі белсенді элемент.

Кез келген мемлекетте қаржы саясатын жүзеге асыру, оны өмірде табысты жүргізу үшін, экономикалық қатынастарды басқару және оның реттеуіш элементі ретінде, қаржы тетігі қолданылады. Ол экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында, қоғамда қолданылатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.

Қаржы тетігіне, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлері, формалары мен әдістері, оларды сандық тұрғыдан анықтау тәсілдері кіреді.

 

 

3. Қаржы саясаты мен қаржы тетігінің өзара байланысы

 

 Тұтастай алғанда, экономика саясаты сияқты, қаржы саясатын мемлекет экономикалық заңдардың талаптары негізінде, яғни қоғамның экономикалық өміріндегі құбылыстар мен процестердің негізгі, тұрақты қайталанып отыратын объективті байланыстары мен өзара тәуелділігі негізінде әзірлейді.

Экономикалық заңдармен айқындалатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар – экономикалық өмірдің белгілі бір жағын сипаттайтын және абстрактылы, жинақталған түрде көз алдыға елестетуге болатын, оған: баға, қаржы, сақтандыру, несие, пайда және т.б. жататын, біріңғай экономикалық қатынастарды білдіру.

 

 

4. Қаржы аппараты, оның құрылымы. Қаржы менеджменті ұғымы

 

 Қаржыларды басқару – бұл, қаржы қатынастары аясындағы жоспар мен болжауды, саясат пен стратегияны, іс-қимыл мен құқықтық негізді, тәртіп пен бақылауды қамтитын қаржы жүйесіндегі күрделі элементтердің бірі.

Қаржыларды басқару – оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен, қаржы және салалас экономикалық және әлеуметтік жүйелерге ықпал ету процесі. Бұл ретте, қажетті нәтижеге жететін объектіге нысаналы бағытталған түрде ықпал етудің тәсілдері мен әдістері пайдаланылады. Қаржы жүйесіндегі басқару оның әдістері, ынталандырулары және санкцияларының көмегімен қаржы тетігі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

5. Нарықтық ортадағы қаржылық жоспарлау мен болжау және оны жетілдіру бағыттары

 

Қаржылар жүйесінде, қаржы тетігінің ішкі жүйесі, ең бастысы – экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың бөлігі болып саналатын жоспарлауға ерекше орын беріледі.

Қаржылық жоспарлау қоғамдағы қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану аяларының бүкілін, орталықтандырылған, сол сияқты орталықтандырылмаған нақты ақша қорларын қамтиды. Қаржылық жоспарлау мазмұны жағынан кең және аса бай, нақты ақша жинақтау қорларын жасауға және оларды қоғамда қайта бөлуге бағытталған.

Қаржылық жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері қаржы ресурстарын қалыптастыру көздерін, олардың көлемін, қаржы қатынастарына қатысушылар арасында кірістерді бөлу кезіндегі оңтайлы пропорцияларды айқындауға, аумақтық аспектіндегі шаруашылық субьектілері, салалары бойынша, экономикадағы пропорционалдық және теңгерімділікке жетуге бағытталған.

 

 

6. Қаржы құқығы, оны құрайтын элементтер. Мемлекеттің қаржылық қызметі. Қаржылық – құқықтық актілер, олардың түрлері

 

Қаржы саласындағы мемлекеттің қызметі белгілі бір ережелер бойынша, белгіленген нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Ф.Энгельс былай деп жазған болатын: «Қоғам дамуының бізге белгілі, өте ерте сатыларында күн сайын қайталанатын жалпы ережемен өнімдер өндіру, бөлу және айырбастау актілерін қамту және жеке адам өндіріс пен айырбастың жалпы шарттарына бағынуы туралы қамқорлық таныту қажеттілігі пайда болады».

 

 

7 Қаржылық бақылау ұғымы, қаржылық  бақылаудың принциптері, міндеттері, жіктеуі.  Қаржылық бақылау органдары

 

Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуын, экономиканың жағдайын бақылау халық шаруашылығын басқару қызметінің маңызды аясы болып саналады. Қаржылық бақылау, бақылау жүйесі буындарының бірі болып саналады.

Қаржылық бақылау, материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал ету мүмкіндігін жасайтын, қаржылардың бақылау функцияларын жүзеге асыру формасы ретінде қатысады. Қаржылық бақылау, ақша қаражаттарын жұмсаумен, дұрыс есеп жүргізумен байланысты, барлық объектілерді тексеруге бағытталған өзіндік қызметті білдіреді.