Реферат: Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржылардың маңызы, функциялары мен рөлі


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Финансы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
23

Жоспар

1 Қаржылардың құндық экономикалық категориялар ретіндегі ұғымы; қаржылардың қажеттілігі..........3

2. Қаржылардың функциялары..........13

3 Қаржылардың өзге экономикалық категориялармен (бағамен, еңбекақы төлеумен, несиемен) өзара байланысы. Қаржы ресурстары және олардың көздері..........17

4 Қаржылық қатынастарға қатысушылар және нарық жағдайындағы жаңа қаржылық қатынастардың дамуы..........21

 

 

1 Қаржылардың құндық экономикалық категориялар ретіндегі ұғымы; қаржылардың қажеттілігі

 

 

Қаржылар – бұл бөлу және қайта бөлу процестері арқылы қоғамдағы ақша қатынастарының маңызды бөлігін қамтитын, тарихи түрде қалыптасқан экономикалық категория.

Экономикалық өмірдегі қаржылардың сыртқы көрінуі қоғамдық өндірістің әртүрлі учаскелеріндегі ақша қозғалысы түрінде жүреді және қолма қол ақшасыз немесе қол ақшамен есеп айырысулар мен төлемдер жасау түрінде ақша сомаларын оның бір иесінен екіншісіне беруді білдіреді. Құн категория ретінде, қаржыларға қатынасы бойынша алғашқы болып саналады. Соңғысы құнның қозғалуын тауар-ақша қатынастарымен ашып көрсетеді.

 

 

2. Қаржылардың функциялары

 

 

Функцияның атауы – бұл қатынастардың аталған жүйесіндегі қандай да бір объекті қасиетінің сыртқы көрінуі. Функциясыз оның маңызын көз алдыға елестетуге болмайды. Қаржыларға қолданылатын функция аталған экономикалық категорияға тән қызметтер шеңберін білдіреді. Функциялардың өзі тұрақты, сол мезгілде олар, қаржыларға тән қасиеттерді білдірудің өзіндік тәсілдері арқылы өзін көрсетеді.

Қаржылар дәстүрлі түрде, экономистер таныған және оқу әдебиеттерінде көрсетілген: бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Екі функция да бір-бірімен өзара байланысты және бір мезгілде қаржылармен ілесе жүреді. Бөлу функциясы ақша қорларын (кірістерді) қалыптастырумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты. Қоғамдағы әрбір қаржы операциясы қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлуді білдіреді. Ақша қорларын (кірістерді) қалыптастыру ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған және орталықтандырылған қорларын құруды болжайды. Қаржылардың бөлу функциялары жағдайында бастапқы, одан кейін қайталама (екінші) кірістердің құралуы болады. Бастапқы кірістер ұлттық табысты материалдық өндіріске қатысушылардың арасында бөлу кезінде құралады. Осылайша, кәсіпорындардың материалдық өндіріс аясында ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары (қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорлары, фермерлердің, шаруа қожалықтарының кірістері, негізгі қорлар, кәсіпорынның таза кірісі) құралады.

 

 

3 Қаржылардың өзге экономикалық категориялармен (бағамен, еңбекақы төлеумен, несиемен) өзара байланысы. Қаржы ресурстары және олардың көздері

 

Қаржылар экономикалық қатынастардағы өзінің көрінуінде оқшау түрде жұмыс істемейді, көптеген экономикалық категориялармен өзара байланыста болады.

Қаржылар құндық бөлулерге қатыса отырып, баға, еңбекақы, пайда, несие, сақтандыру сияқты категориялармен де тығыз байланыста жұмыс істейді.

Ұдайы өндіріс процесінің әртүрлі сатыларындағы жекелеген экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес, ал құндық бөлу сатысында жұмыс істейтін экономикалық категориялардың өзара байланысы, шаруашылық жүргізу тәжірибесінде оларды кешенді пайдалану қажеттілігін туғызады. Бұл ретте қаржылардың, бағаның, пайданың, несиенің, сақтандырудың жұмыс істеу аясының өзі және олардың қолданылу аясының ерекшелігі ескерілуі тиіс.

Барлық аталған категориялардың бөлу және өзге ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде өзінің ерекше алатын орны бар, өзінің функцияларын қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біртұтас процесінде көрсетеді.

Олардың өзара байланысындағы қаржылардың және бағалардың жұмыс істеуі, бағалардың құнды бөлудің қаржылық әдісі болып саналатынын растайды. Баға, сатып алу-сату актілерінің толық циклін орталанды отырып, құндық бөлудің бастапқы категориясы ретінде қатысады. Егер бөлу процесінде бағаның құннан ауытқуы болатын болса, онда бұл объективті түрде болуы мүмкін, яғни нәтижесінде бір қатысушылардың құны жоғары, ал екіншісінікі төмен болады.

Мұндай жағдайда қайта бөлу процесінде, соның әдістерімен құнның бір бөлігі (акциздер, экспортқа немесе импортқа бөлінетін салықтар, кеден баж салығы) алынатын немесе субсидиялар (жәрдем ақшалар), бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен құнның алынбаған бөлігі берілетін, қаржылар қатысады. Егер мемлекет өзінің араласуымен баға саясатын терең ойластыра отырып жүргізетін болса, онда реттелетін бағалар, әлеуметтік төмен бағалар, монополиялық бағалар қолданылады. Нарықтық экономика жағдайында, тауарлар мен қызметтер көрсетудің сұранысымен және ұсынысымен реттелетін еркін бағалар басымдыққа ие болады.

 

 

4 Қаржылық қатынастарға қатысушылар және нарық жағдайындағы жаңа қаржылық қатынастардың дамуы

 

 

Бізге белгілідей, қаржылар ұдайы өндіріс циклінің бүкіл сатыларына қызмет көрсетеді, бүкіл материалдық аялардың, сондай-ақ материалдық емес аялардың әртүрлі салаларын қамтиды, бөлу қатынастарына қатысушылардың көпшілігінің мүдделері тоқайласады. Қаржы қатынастары ақша қаражаттары қорларының пайда болу, бөлу және қайта бөлу мен оларды пайдалану күрделі процестерін қамтиды. Қаржылық қатынастарға қатысушылар, әдетте, бір-біріне қарсы қойылған.

Құнның бір бөлігін беру, ақша қорларын қалыптастыру, салық төлеу кезінде олардың мүдделері тоқайласады. Қаржылық қатынастар қоғамның объективті заңдарымен және мемлекет заңдарымен басқарылады. Мемлекеттің, қаржылық қатынастардың субьектісі және қатысушысы ретінде экономикалық мүддесі болады, қоғам мүддесі үшін алдыға мақсаттар қояды.

Қоғамның экономикалық өмірінің қандай аясы қаржылық қатынастарға өзінің белгісін қалдыратынына қатысты, олар өзгеріп, жетілдіріліп отырады.