Реферат: Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Финансы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
20

Жоспар

 

1. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі және бюджеттен тыс қорлардың жіктеуі.........3

2. Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры..........5

3. Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар..........11

4. ҚР Ұлттық қоры, оның рөлі..........13

 

 

1. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі және бюджеттен тыс қорлардың жіктеуі

 

 

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны. Олар, мемлекет қатаң белгіленген мақсаттарға пайдаланатын және заңнамалық тұрғыдан бекіген қаржыландыру көздеріне ие, ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттің нысаналы қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын орталықтандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып саналады.

 

 

2. Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры

 

 

Мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар алуан түрлі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға, нысаналы ақша қаражаттарын қалыптастыруға және пайдалануға арналған. Олардың құрамы, бағыттары мемлекеттің жүргізіп отырған әлеуметтік саясатымен, қоғам дамуының сол кезеңіндегі оның мақсаттарымен, сондай-ақ экономиканың мүмкіндіктерімен айқындалады.

 

 

3. Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар

 

 

Инвестициялық, Инновациялық, Ұлттық Қор мемлекеттік даму институттары сияқты бюджеттен тыс экономикалық қорлар құру Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға дейінгі арналған индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған. Стратегияның мақсаты – шикізатқа бағытталушылықтан кейін шегінуге ықпал ететін экономика салаларын диверсификациялау, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту жағдайын жасау жолымен елдің тұрлаулы дамуына қол жеткізу. Өңдеуші өнеркәсіпте бәсекеге қабілетті және экспортқа-бағдарланған тауарлар өндіру, жұмыстар атқару, қызметтер көрсету мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың басты бағыты болып саналады.

 

 

4. ҚР Ұлттық қоры, оның рөлі

 

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер – шикізат секторы ұйымдарынан келесі салық түрлері: корпоративтік табыс салығы; қосымша құн салығы; үстеме пайдаға салынатын салық; бонустар; роялтилер; жасалған контрактылар бойынша өнімдер бөліміндегі бюджетке түсетін түсімдердің жиынтығы.

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерге болжам жасау, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарымен айқындалатын, шикізат секторы тауарларына есептік тұрақты әлемдік бағаларды ескере отырып жүзеге асырылады.