Курсовая работа: Экономикалық өсудің теориялық негіздері¸ерекшіліктері, факторлары


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
29

ЖОСПАР

 

Кіріспе.......... 3

 

1 Экономикалық өсудің теориялық негіздері.......... 5

1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму.......... 5

1.2.Экономикалық  өсудің  факторлары, көрсеткіштері, типтері.......... 7

1.5 Экономикада  және  оның  өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі.......... 14

 

2. Экономикалық  өсудің  негізгі   модельдері.......... 17

2.1.  Динамикалық  тепе-теңдіктің  кейнсиандық  моделі.......... 17

2.2.  Экономикалық  өсудің  неоклассикалық   моделі.......... 19

2.3 «Нөлдік  экономикалық  өсудің»  концепциясы.......... 20

2.4.  Салааралық  баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу.......... 21

 

3 Қазақстан  Республикасындағы экономикалық өсудің   қазіргі  жағдайы және   болашағы.......... 23

3.1 ҚР-дағы  қазіргі  экономиканың  жағдайы.......... 23

3.2.ҚР-дағы  экономикалық  өсудің  болашағы.......... 24

 

Қорытынды.......... 27

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі.......... 29

 

 

Кіріспе

 

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді  шешуге мүмкіндік  береді.

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық  реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты ...

 

 

1 Экономикалық өсудің теориялық негіздері

1.1 Экономикалық өсу және экономикалық даму

 

Экономикалық өсу – шығарылатын пайдалы өнім көлемінің өсуі, яғни  халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы.

Экономикалық өсу – ұзақ уақыт аралығындағы нақты және әлуетті (мүмкін) ұлттық табыстың  өсуі.

Экономикалық даму экономикалық өсуге қарағанда шаруашылық прогресті толығырақ сипаттайды. Ол тек қана өндірістің көбеюін ғана емес, сонымен қатар ұлттық шаруашылықта жаңа прогрессивті пропорциялардың пайда болуын білдіреді. Олар, өз кезегінде келесі дамудың негізін салады. Экономикалық өсу ең бірінші, жасалған өнімнің сандық өсуімен байланысты. Ол өндірісті және товар ассортиментін жаңарту, экологиялық ортаны сақтау сияқты шаруашылық дамуының маңызды бағдарларын елемей алады. Ал тура осы процестер экономикалық дамудың және оның жоғарырақ сапалы сатысына өтуіне кедергі болады ...

 

 

1.2 Экономикалық  өсудің  факторлары, көрсеткіштері, типтері

 

Экономикалық өсу бірқатар факторлармен анықталады. Экономика ғылымында негізін салушы Ж .Б. Сэй болған өндірістің 3 факторы кең тараған (3-сурет).

 

3-сурет. Өндірістің үш факторы теориясы

        

Кейінірек өндіріс факторларын жіктеу анағұрлым тереңірек және кеңірек көрініс тапты.

Оларға жатады:

 

 

 

 

 

 

 

  • еңбек;
  • жер;
  • капитал;
  • кәсіпкерлік ынта;
  • ҒТР.

Экономикалық өсудің факторлары бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар, бұл ірі факторлар кешенді болып келеді және олар кейін топтастыруға келетін кішігірім факторлардан тұрады ...

 

 

1.5 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі

 

Өнеркәсібі дамыған барлық елдерде экономиканың мемлекеттік секторлары бар. Олардың мөлшері мемлекеттің экономикалық рөлінің өлшеуіші болып табылады.

Экономикалық  өсудің тарихы экономикадағы мемлекеттік реттеудің бірнеше модельдерін біледі.

Осылай, Дж.М. Кейнс және оны жақтаушылар экономикалық өсуді ынталандырудағы мемлекеттің ролін сұраныс факторлары жағынан қарастырады. Олар күрделі салымдарды көбейту үшін проценттік мөлшерлемені азайтуды ұсынады («арзан ақша» саясаты). Қажет болса, қаржы-бюджеттік  саясат үкіметтік шығындар мен тұтынуды шектеу үшін, яғни күрделі салымдарының биік деңгейі инфляцияға соқтырмауы үшін қолданылады. Марксизм-ленинизм сияқты Кейнстің теориясы нарықтық экономиканың қарама-қарсылықтары мен қиындықтарына қарсы бағытталған реакция болды. Егер материалист К. Маркс барлық мәселелерді меншікке, экономиканы басқару үшін оны мемлекет қарамағына өткізуге тіресе, Кейнс мемлекеттендірусіз, меншіктің үш түрін: жеке, мемлекеттік және ұжымдық байланыстыра отырып экономиканы реттеуге болатыны айтқан ...

 

2. Экономикалық  өсудің  негізгі   модельдері

2.1 Динамикалық  тепе-теңдіктің  кейнсиандық  моделі

 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Дж.М. Кейнстің ізбасарлары динамикалық тепе-теңдіктің әр түрлі жағдайларын түсіндіре алатын жаңа модельді ойлап табуды өз алдына  қойды. Экономикалық өсудің неокейнсиандық  модельдері ішіндегі аса танымалдары – Р. Харрод (Англия) және  Е. Домар (АҚШ) модельдері. Бұл модельдер екі алғышартқа негізделген:

Ұлттық табыстың өсуі – тек қана капитал қорының функциясы, ал капитал қайтарылымына әсер ететін  барлық басқа факторлар (еңбекпен қамтылудың өсуі, ҒТП жетістіктерін қолдану деңгейі) шығарылып тасталынады. Осылайша, Харрод пен Домар модельдері – бір факторлы. Берілген капитал сыйымдылығында капиталға деген сұраныс тек қана ұлттық табыстың өсу қарқынына байланысты ...

 

 

2.2 Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі

 

Экономикалық өсуге анализ жасағанда, неоклассиктер біріншіден, өнімнің бағасы барлық өндіріс факторларымен жасалады; екіншіден, өндірістің әрбір факторы өнімнің бағасан жасауға барлық шектік өнімдермен сәйкес өзінің үлесін қосып, осы шекті өнімге тең табыс көреді; үшіншіден, өнім өндіруге қажетті  өнім мен ресурстар арасында сандық байланыс болғандықтан; төртіншіден, факторлардың дербестігі мен өзара ауыспалдығынан шығады. Неоклассиктердің моделі бірфакторлы неокейнсиандыққа қарағанда, көп факторлы болып келеді ...

 

 

2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы

 

ХХғ 70-жылдарының басында  шарасыз, қоғамның даму беталысы сақтала тұрса да, кейбір экономисттер болмай қалмайтын «әлемдік апат» концепциясымен шықты. АҚШ-тың Массачусет технологиялық  институтының  зерттеу группасының профессоры Медоузаның басшылығымен «Рим клубының»  «Өсудің шектері» докладында Жердегі адам санының тез өсуімен, инвестициондық товар өндірісінің дамуының және тез таусылып келе жатқан табиғат ресурстарының арасындағы қарама-қарсылықтың өсуіне байланысты «жалғасып келе жатқан экспоненциалдық  өсудің әрбір күні әлемдік жүйені осы өсудің шегіне итермелейді ...

 

 

2.4 Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу

 

Экономикалық  өсудің маңызды модельдерінің бірі – салааралық баланс моделі. Салааралық баланстың теориялық негіздері бірінші бесжылдыққа әкелген жылдары СССР-да жасалған болатын. Бірақ рәсімделген түрінде алғашқы болып американдық экономист В. Леонтьев «шығын шығару» деген атпен шығарды. АҚШ-тағы салааралық байланыс шахматтық тип түріндегі кестелерді және сызықтық алгебра құралын қолдану арқылы 30-жылдары В. Леонтьевпен американдық экономиканы зерттеу үшін қолданылған болатын.

Бұл әдісте В.Леонтьев ең бірінші экономикадағы мөлшерлік байланыстарға назар аударады (1-кесте). Сала араларындағы бұл байланыстар технологиялық  коэффициенттер (а11, а12, а13, және т.с.с І квадрант ішінде) арқылы беріледі ...

 

 

3 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің қазіргі жағдайы және болашағы

3.1 ҚР-дағы қазіргі экономиканың жағдайы

 

Қазақстандағы ЖІӨ көлемі 2002 жылда 9 ай ішінде шамамен 3 млрд. теңгеге жетті. Қазақстанда 2002 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында ЖІӨ көлемі  2797,9 млрд. теңгені құраса, өсу 2001 жылдың сол уақыт аралығына қарағанда 9,4% өсті. Қазақстанның статистика агенттігі көрсетілген уақыт аралығында өнеркәсіптегі өндіірс қарқыны 9,5 %, ауыл шаруашылығында 6,6% және құрылыста 7,7%  өсті.

БҰҰ- ның  сарапшыларының айтуы бойынша өтпелі кезең Қазақстан тұрғындарының өмір сүру деңгейіне теріс әсер етті, сондықтан республикадағы кедейлік пен теңсіздік үлкен мәселе болып отыр. Өмір сүру минимумынан да аз табыс көретін халық үлесі 1996 жылғы 35%-тен 2002 жылы 27 %-ке төмендеді. Кедейлердің басым бөлігі – балалар(35%), еңбек қабілеттілігі бар төмен ақы алатын жұмысшылар (30%) және жұмыссыздар (30%), зейнеткерлер (6%) ...

 

 

3.2 ҚР-дағы экономикалық өсудің болашағы

 

Алдыңғы қатарлы халықаралық қаржы институттары өте ұстамды болды. Осылайшы, қайта құру мен дамудың Еуропалық банкі (ЕБРР) өзінің сараптамасында  2004 жылы ТМД елдерінде экономикалық өсу 5,6% -ке баяулайтындығын, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2проценттік деңгейге төмендейтінін анықтаған. 2003 жылы Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның және Украинаның экономикалық өсуін итермелеген мұнайдың бағалары, шетелдік инвестициялардың жоғары деңгейі бұл елдерге енді өзінің өсу қарқынын көрсетуге мүмкіндік бермейді. Обзорда ТМД елдерінің экономиканы әртараптандыруға аз көңіл бөлетіндігіне алаңдаушылық білдіреді. Сонымен қатар ЕБРР Ресей және ТМД елдерінің Армения, Грузия және Беларусия сияқты бірқатар елдерінің экономикалық өсуін көрсетсе, Қазақстан экономикасын сол баяғы бағада қалдырған ...

 

 

Қорытынды

 

Экономикалық өсу ұлттық экономика масштабында өндірістегі товар және қызмет көлемінің өсу түрінде көрсетілуі мүмкін. Экономикалық өсуге анализ жасауда тек қана  нақты ЖІӨ-нің өзгеруі назарға алынатындығы маңызды болып келеді. Номиналды өзгерістердің көрсеткіштері экономикалық өсу болып қарастырыла алмайды. Экономикалық өсу ішкі және халықаралық  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді шеше алатын өндіріс өсуін қамтамасыз етеді.

Экономикалық өсудің типтерін қарастырғанда, экстенсивті типте жұмыссыздық деңгейі қысқарады, өндіріс қарқынын жоғарлататтын еңбекпен  қамтылу өседі. Бірақ бұл уақытша құбылыс. Сондықтан бұл тип тоқырау мінезді, бұнда техникалық прогресс жоқтың қасы, өндіріс фондтары өнегелік және физикалық жағынан да тозады ...

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

6. Экономическая теория: Учебник / Под общ. ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. – М.: Изд-во ЭРА, 2000.

7. Экономика: Учебник / Под ред. А.С. Булатова. – М.: БЕК,2003.

8. Терминологиялық сөздік. Алматы: Рауан, 2000.

9. Қазақша-орысша сөздік. Алматы: Аруна, 2002.