Реферат: Қазақстан республикасындағы кооперативтік қозғалыс


Цена: 2 Скачать
Предмет:
История и теория кооперативного движения
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
18

Жоспар

 

1 Қазақстан кооперацияларының идеялық бастаулары.......... 3

2. Қазақстандағы кооперациялардың пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері.......... 5

3. Қазақстандағы ұжымдастырудың ерекшеліктері және оның зардаптары.......... 8

4. Нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі тұтыну кооперацияларының жай-күйі мен міндеттері.......... 12

5. Қазақстандағы колхоз қозғалысының проблемалары.......... 15

6. Қазақстандағы жаңа кооперация.......... 17

 

 

1 Қазақстан кооперацияларының идеялық бастаулары

 

Қазақстандағы кооперативтік ойлардың бастауларында ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті гуманисттер мен ағартушылар А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин және Ш. Уәлихановтар тұрды.

Абай «Өсиеттерінің» алтыншы сөзінде «Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» деген мақалды келтіреді. Абай шаруашылықты жүргізуде бірігуге шақырды, ал бұл кооперацияның алғашқы белгілері болатын. Абай нарықтық экономиканың сонымен бірге нағыз жақтаушысы болды. Оның пікірі бойынша, тек сол ғана қол өнерліліктің дамуына, еңбектің бөлінуіне белсенді түрде ықпал етіп, еркін кәсіпкерлікті қамтамасыз етеді. Осыған орай ұлы ойшыл еркін сауданы адамдардың қажеттіліктерін кең ауқымдағы тұтыну тауарларымен қанағаттандырудың аса маңызды факторы ретінде қарайды, ...

 

 

2. Қазақстандағы кооперациялардың пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері

 

Кооперациялардың несие серіктестіктері үлгісіндегі ең қарапайым түрлері Қазақстанда 1886 жылы құрылды. Қазан төңкерісіне дейінгі кооперациялардың тарихын екі кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең – ХІХ ғасырдың аяғынан 1909 жылға дейін және екінші кезең – 1909 жылдан 1914 жылға дейін. Егер бірінші кезеңде бар болғаны 33 несие мекемелері құрылса, одан кейінгі бес жыл ішінде (1909 жылдан 1913 жылға дейін) – 312, яғни оның алдындағы кезеңмен салыстырғанда 10 есе көп несие мекемелері құрылды ...

 

 

3. Қазақстандағы ұжымдастырудың ерекшеліктері және оның зардаптары

 

НЭП дәруіндегі оқу және болашағы зор болып саналған тәжірибенің экономикалық даму мен қоғамдық қатынастардың валютаристік арандатулар жолы шешілді.

Бұл әдісті бүкіл ел ауқымында қолдану ауыр зардаптарға әкеліп соқты, әсіресе патриархалдық – феодалдық қатынастардың сақталуымен және архаикалық экстенсивтік көшпелі мал бағу, Қазақстан жағдайында айрықша қайғылы зардаптарға ұрындырды ...

 

 

4. Нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі тұтыну кооперацияларының жай-күйі мен міндеттері

 

Қазақстанның тұтыну кооперациясы 30-40-шы жылдары жалпы одақтағы кооперациялардың жолын қайталады. Сондай-ақ елде болып жатқан мемлекет иелігіне алуға кооперациялар да тартылды, олардан меншіктері тартып алынды, мемлекет үстемдігі кооперацияның шаруашылық және қоғамдық қызметінің барлық аясына таралды. Ұлы Отан соғысы жылдары тұтыну кооперацияларының ресурстары майдан қажеттіліктері үшін жұмылдырылды ...

Кооперативтік өнеркәсіп 1 мыңнан аса кәсіпорындарды біріктірді, республикадағы нан тоқаш өнімдерін пісірудің жартысы, жеміс-көкөніс өндірудің 13%-ы, шұжық бұйымдарын шығарудың 9%-ы солардың үлесіне тиді.

Тұтыну кооперацияларының жүйесінде 171 қосалқы шаруашылық пен 400-ден аса бордақылау пункттері болды. Өнеркәсіп өнімдерін өткізу 1988 жылы 470 млн. сомға артты (1970 жылы – 121 млн. сомды құраған болатын) ...

 

 

5. Қазақстандағы колхоз қозғалысының проблемалары

 

Колхоздар санының азаюы одан кейінгі он жылдықтарда да жалғасты. Мәселен, 1970 жылы олардың саны 435 болса, 1980 жылы – 397, 1990 – 400 болды. 1993 жылы олардың саны 430-ға дейін көбейді. 7%-дан артық ауыл шаруашылдық жерлерін және 12%-ға жуық шабындықтарды иеленген Қазақстан колхоздары ауыл шаруашылық өндірісінің жалпы көлемінің 15% жалпы өнімін өндірді ...

 

 

6. Қазақстандағы жаңа кооперация

 

«Жаңа кооперация» - бұл осы толқында пайда болған, өндіріс пені қызмет көрсету аясындағы кооперативтердің жинақталған атауы болып саналады.

Көптеген кемшіліктерінің барлығына қарамастан, 1988 жылы қабылданған «КСРО-дағы кооперация туралы» КСРО Заңы кооперацияның дамуына қуатты серпін берді. Мәселен, 1990 жылдың 1 сәуірінде Қазақстанға 12 мыңға жуық кооперативтер тіркелді, олардың 8446-ы қызмет жасады, онда 174,1 мың адам, оның ішінде 41,1 мың адам екінші жұмыспен қамтылу құқығында еңбекпен айналысты. 1990 жылдың 1 тоқсанындағы тұтастай республика бойынша өткізілген өнімдердің көлемі 393,2 млн. сом болды ...