Реферат: Мемлекеттік қаржылық реттеу


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Финансы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
21

Жоспар

 

1. Мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, оның қажеттілігі..........3

2. Макроэкономикалық тепе-теңдіктер және қаржылар..........6

3. Фискалдық саясаттың нұсқалары..........8

4. Қаржылар – экономикалық реттеу теорияларында..........9

5. Салықтардың нарықтық тепе-теңдікке ықпалы..........17

 

 

1. Мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, оның қажеттілігі

 

<...>Реттеу процесі экономиканың жұмыс істеу жағдайларымен, алуан түрлі объективті және субъективті факторлармен, әртүрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан да осы негіздер бойынша мемлекеттік реттеу жүйесінің ара жігін ажырату, типтерге, түрлерге, формаларға жіктеу маңызды болып саналады.

Типтерге мыналар кіреді: экономикалық (олардың қаржы, баға, несие, валюта, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік типтер.

 

Қаржылық реттеу түрлері: салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-несие, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылықішілік (фирма ішілік, кәсіпорындар, ұйымдар, корпорациялар шегінде және т.б.) түрлерді қамтиды.

 

 

2. Макроэкономикалық тепе-теңдіктер және қаржылар

 

<...>Батыстың қаржы теориясында, ұлттық өнімнің шамасымен өлшенетін, мемлекеттік қаржылардың өндіріске тигізетін әсерін түсіндіру үшін, «мультипликатор» ұғымы пайдаланылады.

Мультипликатор тұжырымдамасы төмендегідей екі әдіс арқылы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) көлемін анықтауға негізделеді:

1)  шығыстар бойынша, яғни өндірілген барлық өнімдер массасын сатып алу үшін қажет экономикалық субъектілердің бүкіл шығыстарының жиынтығы;

2)  кірістер (немесе бөлу) бойынша, яғни өнімдер өндіруден субъектілер алатын кірістер көзқарасы тұрғысынан.

 

 

3. Фискалдық саясаттың нұсқалары

 

 

Мультипликатордың қолданылуының жоғарыда айтылған мүмкіндіктерін ескере отырып, экономикалық циклдың сипатына қатысты дискрециялық фискалдық саясаттың нұсқаларын тұжырымдауға болады.

Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүзеге асырылады:

1.      мемлекеттік шығыстардың ұлғаюын;

2.      салықтардың төмендеуін;

 

 

4. Қаржылар – экономикалық реттеу теорияларында

 

 

Кейнсиандық фискализм идеясының ақша-несие саясаты арқылы экономиканы реттеуді көздейтін неоклассиктер тұжырымдамасымен қосылған «неоклассикалық синтез» тұжырымдамасы, қаржы саясаты теориясының жаңа нұсқасына айналды. Осы теория жақтастарының (П. Самуэльсон, Дж. Хикс) пікірі бойынша сұранысты реттеу мемлекеттік шығыстар немесе салықтар саласындағы өзгерістер негізінде ғана емес, сонымен бірге пайыздың есептік мөлшерлемесінің көлемімен манипуляция жасау және ашық нарықта тиісті операциялар жасау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

 

 

5. Салықтардың нарықтық тепе-теңдікке ықпалы

 

Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың: сұранысқа (кейнсиандық модель), ұсынысқа (ұсыныс теориясы) ықпал ету екі бағытын қарастырады.

Американдық «ұсыныс экономикасының» өкілдері А.Лаффер және т.б. әзірлеген салық салу прогрессивтілігі мен бюджет кірістері арасындағы тәуелділік салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелі болып табылады.

Осы теорияға сәйкес белгілі бір шекке дейін салық мөлшерлемелерінің өсуі салықтан алатын кірістердің өсуіне ықпал етеді, содан кейін өсу баяулайды, содан кейін – бюджет кірістерінің күрт төмен түсуі болады. Осыдан келіп, экономиканы және ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандыру міндеттерін, салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдету жолымен шешу керек деген жалпы қорытынды жасауға болады.