Реферат: Шаруашылық субьектілерінің қаржылары


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Финансы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
22

Жоспар

 

1 Шаруашылық субьектілерінің қаржылары қаржы жүйесінің жетекші буыны ретінде, ұдайы өндіріс процесіндегі олардың рөлі..........3

2. Шаруашылық субьектілерінің жіктеуі, белгілері. Материалдық өндіріс аялары мен өндірістік емес аялардың қаржылары..........4

3. Әртүрлі меншік нысандарындағы шаруашылық органдары қызметінің ұйымдық-құқықтық аспектілері. Шаруашылық субьектілерінің қаржыларын ұйымдастыру принциптері..........7

4. Коммерциялық шаруашылық субьектілерінің қаржы қорлары. Өндірістік қорларды қаржыландыру көздері..........10

5. Коммерциялық қызметке сипаттама, оның түрлері. Ұйымдар мен мекемелерді қаржыландыру көздері мен принциптері..........15

 

 

1 Шаруашылық субьектілерінің қаржылары қаржы жүйесінің жетекші буыны ретінде, ұдайы өндіріс процесіндегі олардың рөлі

 

 

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі ретінде қаржылардың негізгі бастапқы бөлігін білдіреді, өйткені елдегі ақша қатынастарының аса маңызды аясын қамтиды. Қаржылардың өзінің  пайда болуы, бастапқы ортада материалдық игіліктерді өндіру кезінде пайда болады.

Кәсіпорынның қаржылары ақшалай формада, кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға ықпал етеді. Олар халық шаруашылығын одан әрі дамыту үшін қажет ақша кірістері мен жинақтарын одан әрі бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Өндіріс аясында пайда болған қаржылар оларды ресурстармен қамтамасыз ете отырып, кәсіпорынды дамытады.

 

 

2. Шаруашылық субьектілерінің жіктеуі, белгілері. Материалдық өндіріс аялары мен өндірістік емес аялардың қаржылары

 

 

Нарықтық экономика жағдайындағы меншік иелерінің алуандығы (мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, кооперативтік және т.б.), олардың арасындағы бәсекелестік қоғамдық өндірістегі өзгерістерге, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне тез бейімделетін икемді, динамикалы экономика құруға мүмкіндік береді. Әртүрлі шаруашылық субьектілерінің меншік нысандарының алуандығы,  өндіріске,  бөлу процестеріне және қаржылық  қатынастарға қатысатын халықтың әртүрлі топтарының мүдделерін көрсетуге қабілетті.

 

 

3. Әртүрлі меншік нысандарындағы шаруашылық органдары қызметінің ұйымдық-құқықтық аспектілері. Шаруашылық субьектілерінің қаржыларын ұйымдастыру принциптері

 

 

Шаруашылық субьектісі экономиканың негізгі буыны ретінде, шаруашылық жүргізу мен меншік нысандарының алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен нарықты дамыту жағдайында жұмыс істейді.

Ұйымдық-құқықтық формалары бойынша шаруашылық субьектілерін шектеу олардың қаржыларын ұйымдастыруда: капиталды қалыптастырудағы, өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландырудағы, шаруашылық жүргізуден алған нәтижелерді бөлудегі айырмашылыққа әкеледі.

 

Меншік нысандарына қатысты шаруашылық жүргізу субьектілерінің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері бар. Мысалы, өндірістік шаруашылық жүргізу субьектілерінің қаржы қорлары меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза кіріс; банктердің несиелері; бағалы қағаздар шығарудан алған қаражаттар) есебінен құралады; мемлекеттік кәсіпорындарда бұл қаражат көздері қажетті жағдайларда бюджет және бюджеттен тыс қорлардан қаржыландырумен толықтырылады;

 

 

4. Коммерциялық шаруашылық субьектілерінің қаржы қорлары. Өндірістік қорларды қаржыландыру көздері

 

 

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары материалдық өндіріспен байланысты қаржылардың негізі және біртұтас қаржы жүйесінің бөлігі болып саналады. Атап айтқанда кәсіпорындардың қаржылары бұл ретте меншікті қамтамасыз етуді талап ете отырып, жаңадан жасалған құн бөлінген кезде бөлу қатынастары негізінде экономикалық өсудің көзін құрайды.

Материалдық өндіріс қаржыларының құрамында, өнімдер шығару және өткізу, қызметтер көрсету негізінде кіріс әкелетін коммерциялық бастауларда іс-қимыл жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары маңызды рөл атқарады.

 

Өндіріс мақсатары мен міндеттерінің ортақтығы және оны дамытудың ортақ экономикалық заңдарымен байланысты бірдей принциптер кәсіпорындар қаржыларын ұйымдастырудың негізі болып қаланған. Кәсіпорындар қаржылары күрделі, көп мәнді, өзіндік негізі бар функцияны орындайды.

 

 

5. Коммерциялық қызметке сипаттама, оның түрлері. Ұйымдар мен мекемелерді қаржыландыру көздері мен принциптері

 

Коммерциялық емес қызметті жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдар, әлеуметтік, басқару сипатында, қоғамдық тәртіпті қорғау, ел қорғанысы, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет пен өнер, қоршаған ортаны қорғау бойынша алуан түрлі қызметтер көрсетуді, қайырымдылық және гуманитарлық ұйымдар мен қорлардың жұмыстарын ұйымдастырады.

Ұйымдар мен мекемелердің жұмыс істеуінің негізгі себебі осындай қызмет нәтижелерінен пайда немесе табыс табу емес, жеке сектор оны атқарғысы келмейтін немесе оны қамтамасыз ету шамасында емес қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, аталған қызмет бағыттарының ортақ ерекшелігі болып саналады.

Негізінен, коммерциялық емес қызмет қоғамдық тауарлармен, игіліктермен және қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету қажеттілігімен айқындалады.