Реферат: Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Медицина, Стоматология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
6

1 Уақытша иммобилизация. 3

2 Тұрақты иммобилизация. 3

3 Консервативті тәсілдер. 3

4 Збарж аппараты.. 4

5 Оперативтік тәсілдер. Фальтин-Адамс тәсілі және оның модификациялары. 4

6 АОЧ апаратымен М. А Макиенко бойынша Киршнер сымдарымен жасалатын остеосинтез. 5

7 Сыммен тігілетін остеосинтез. 6

 

 

5 Оперативтік тәсілдер. Фальтин-Адамс тәсілі және оның модификациялары.

 

 

 

Бұл тәсіл бойынша сынған жоғарғы жақ сүйегі коа ұясының төменгі қырына (төменгі тип), бет сүйегінің доғасына (төменгі және ортаңғы тип), маңдай сүйегінің бет өсіндісіне (жоғарғы тип) бекітіледі. Тіс доғасына төмен қараған екі ілмегі бар шеңдеуіш бекітіледі. Көз ұясының төменгі қыры немесе жоғарғы сыртқы бұрышының жүмсақ тіндері тілініп ашылады да сүйекте бормен тесік жасалып полиамидті жіп өткізіледі, сонан соң қаи қүятын инемен жіпті жүмсақ тіндер арасымен 2-ші кіші азу немесе 1-ші үлкен азу тістерінің деңгейінен ауыз қуысына шығарады. Сынықтарды өз орнына орналастырған соң ауыз қуысындағы жіптердің ұшын шеңдеуіштің ілмектеріне байлайды, терідегі жаралар тігіледі. Бет сүйегінің доғасына бекітілгенде инені еркін өткізу үшін қандауырмен бет сүйегінің маңдай және самай өсінділерінен құралған бұрыштың терісін тессе жеткілікті.

 

Федершпиль-Дингман тәсілі. Жоғарғы жақ сүйегінің тістеріне шеңдеуіш салып оған жіңішке болат сымды бекітіп, оның ұшын ұрттың және еріннің жұмсақ тіндері арқылы ауыз қуысынан сыртқа шығарып (өткізгіш ретінде жуан ине қолданады) гипстелген бас таңбасының ілмектеріне бекітеді.

 

Егер де жоғарғы жақ сынығы тығыз қозғалмалы болып оны қолмен салу мүмкін болмаса ауыз қуысынан шығарған сым гипстелген бас таңбасына резинадан жасалған тартпа арқылы бекітіледі, бұл жақ сүйегін біртіндеп тартып бас сүйектеріне тығыз бекітеді және төменгі жақ сүйегі қосыла сынғанда оны жоғарғы жақ тесіктеріне бекітеді. Бұл тесік өте қарапайым, бірақ кей жағдайларда гипстелген қалпақ кигізу керек болғандықтан қолдануға болмайды.