Реферат: Рефераты: Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Даму жолдары


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Медицина, Стоматология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
15

Жоспар

 

 

 

1 Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы.. 3

2 Басқа медицина салаларымен байланысы.. 4

3 Даму жолдары.. 6

 

1 Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы

 

Хирургиялық стоматология жалпы стоматология саласының тіс хирургиясы мен ауыз қуысы хирургиясының бірігу негізінен дамыса, ал жақ бет хирургиясы жалпы хирургиядан бөлініп қосылды.

 

Бұл медицина саласының қосылуына бір жағынан жақ-бет аймағында орналасқан мүшелер мен тиіндердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің біртұтас болуы үлкен себебін тигізсе, екінші жағынан бұл маңда кездесетін дерттердің клинико-диагностикалық әдістерінің бірлестігімен қатар емдеу тәсілдерінің ерекшеліктері дәнекер болды.

 

Сонымен, қазіргі кезде хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы – жалпы хирургия мен стоматологиядан тұратын медицина ғылымының дербес саласы болып есептелініп, жақ-бет аймағында орналасқан хирургиялық дерттермен қатар, бейбіт және соғыс уақыттарындағы жарақаттарын, ақаулар мен деформацияларын зерттеп, олардың алдын-алу, асқынуларын, диагностикалық әдістерін, хирургиялық емдеу жолдарын одан әрі жақсарту мәселелерін қарастырады.

 

Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы басқа стоматология салаларымен тығыз байланысты. Мысалы, көптеген стоматологиялық дерттерді терапевтік, ортопедиялық, ортодонтиялық және хирургия әдістерін қолдану арқылы диагноз қойып кешенді емдеу жүргізіледі.

 

Сонымен қатар хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы жалпы медицинаның емдеу, хирургия, оториноларинголония, офтальмология, неврология, рентгенология және радиология салаларымен тығыз байланысты. Бұл жағдайда қазіргі кездегі биология, физика, химия ғылымдарының және қалыпты, фонографиялық патологиялық анатомиялар, микробиология, фармакология т.б. медицинаның негізгі салаларының, жетістіктерін өзінің дамуына тірек етеді.