Доклад/Баяндама: Ерте түркі дəуiрiндегi əлеуметтiк – құқықтық ойлар. Ерте түркі жазбаларындағы əлеуметтiк – құқықтық идеялар


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық социологиясы
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
8

<...>“Күлтегін”  ескерткіш  жырының  авторы  Иоллық  тегін  өз  дәуірінің  саяси  қайраткері,  қағанның кеңесшісі,  тарихшысы  болған.  Ол  бұл  еңбегінде  Түркі  қағанатының  қашан  және  қалай құрылғанын,  қағанатты  құрған  және  нығайтқан  ұлы  қағандар  мен  олардың  қолбасшыларының өмірбаянын, қағандықты ұстап тұру үшін жүргізген ерлік күрестерін баяндайды. Қағандық билікті қостаған  Иоллық  тегін  түркі  елінің  бүтіндігі  мен  тәуелсіздігі  үшін  əкімдер  мен  бектерді  өз уысында ұстап отыруды, олардың қарсылығын күшпен басуды дұрыс деп есептейді.

 

<...>Тап  осы  дəуiрде  зиялылық  бiлiм  қарыштай  дамып, мәдениет пен ой – пiкiр жаңаша сипатта дами түстi. Сайып келгенде, бұл тайпаларға бұрыннан келе  жатқан  мəжəусилiк  шаман  дiнi  өздерiнiң  талап – тiлегiн,  мақсат – мүддесiн  айтпағанның өзінде өзiнiң əсерсiздiгiмен көпшiлiк көңiлiнен шыға алмады, ал ислам дiнi болса халықты рухани жағынан  болсын,  саяси  жағынан  болсын  мығым  ұстай  алды.  Оның  үстіне  əдеттiк  дəстүрдегi қағида – ережелер  исламның  шариат  заңдарына  керағар  болмады,  бұл  тайпалардың  сенiмi  мен рухани сұраныстарын екi жақтың қағида – ережелері қабысуы нəтижесiнде қанағаттандырды.

Осы  дəуiрде  ислам  дiнi  əсерiмен  қазақ  араб  сөздері  ене  бастады.  Əл – Фараби,  Ибн – Сина, Хорезми,  Науаи,  Бақырғани,  Қашқари,  Сығанақи,  Дулати,  Яссауи  т.  б.  зиялылар  қауымы қалыптасып, тұрмыс – тiршiлiкте жаңа өзiндiк ерекшелiктерi бар əлеуметтiк – құқықтық ережелер қалыптаса бастады.

 

 Қолданылған əдебиеттер

1. Саяси – құқықтық iлiмдер тарихы. Оқулық. Алматы, 2002, 79 – 82 беттер.

2.