Реферат: Социология ғылымының қалыптасуы мен дамуы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Құқық социологиясы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
16

Жоспар

 

1.Социология тарихы..........3

2.Социологияның зерттеу нысаны мен пәні..........12

Қолданылған əдебиеттер..........16

 

 

1. Социология тарихы

 

Социология  ғылымының  тарихын  шартты  түрде  үшке  бөліп  қарастыруға  болады:

1) Ежелгі дәуірдегі  социологиялық  көзқарастар;

2) Орта  ғасыр  және  жаңа  дәуір  социологиясы;

3) Қазіргі заманғы социология.

Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар грек философтары Платон (б.з.б 428/427 — 348/347) мен Аристотель (б.з.б. 384—322) есімдерімен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, одарды қорытып, қоғамды одан əрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түзді.

Платонның “Мемлекеті” жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек  болып саналады. Оның негізгі  тұжырымы  əлеуметтік  проблемаларды  сыни  талдаулардан  өткізіп,  қоғамды  жетілдіруге бағытталған  саяси  ұсыныстар  жасаумен  аяқталатын  ғылымның  көмегімен  жетілген  мемлекетті негіздеп құруға болады дегенге саяды.

 

 

2. Социологияның зерттеу нысаны мен пәні

 

 

Социологияның  зерттеу  нысаны — қоғам  және  оның  өмір  сүру,  даму  заңдылықтары.  Ғылыми танымдық  және  практикалық  мақсаттарға  қарай  бір  нысанда  бірнеше  зерттеу  пәндері  болуы мүмкін.

Нысан ретінде əлеуметтік өмірдің бір бөлшегін социологияның зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан,  яғни  кейбір  əлеуметтік  қайшылықтарды  бөліп  қарастыру  қажеттілігінен  туындайды.

Практикалық əлеуметтік істердің нәтижелі болуына көмектесу үшін оның табиғатын, пайда болу жағдайларын, егер олар бұрын белгісіз болса, түсіндіру қажет. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды,  ал  əлеуметтік  өмір  құбылыстарындағы  проблемалық  жағдайды  шектеу – зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.

 

 

Қолданылған əдебиеттер

 

1. Аристотель. Социология. М., 1983, т. 4, 384 – бет.

2. Аристотель. Социология. М., 1983, т. 4, 384 – бет.

3. Энциклопедический социологический словарь. М., 1995, 786 – бет.

4. Дюрнгейм Эмиль. Социолгия. М., 1995, 31 – бет.