Доклад/Баяндама: Құқықтық статистика пәні ұғымы және оның негізгі салалары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық, Құқық негіздері
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
7

... Қанша дегенмен, көптеген заңгерлер мен ғылыми қызметкерлердің статистикалық дайындық ережесі төмен екендігі жасырын емес. Кейбір ғалымдар мен қызметкерлер статистикалық әдістерді дұрыс пайдалана ала алмағандықтан, ондағы ақпарларды өз мәнінде игере алмайды немесе керісінше, мазмұнында ешқандай жеткілікті негіздеме болмаса да, сол алған фактілерді жасап жатқан жұмысына қорытынды боларлық материал деп санайды.

 

Сөйтіп, құқықтық статистика теориясын оқып-үйрену нәтижесінде тыңдаушылар статистикалық ғылымның жалпы негіздері білімін игеріп және құқықтық құбылыстарға статистикалық зерттеу жүргізудің жалпы тәжірибесін үйренуі тиіс.

 

 «Статистика» термині латын тіліндегі «Status» деген сөзден шыққан, тура аударғанда «нәрсенің күйі» деген сөзді білдіреді. Белгілі бір объект әр түрлі бейнеленіп жеткізілуі мүмкін: табиғи тілдік сөздермен (орысша, ағылшынша, қазақша, т.т.), бейнелі көрінісімен (мысалы, сызба, жоба, кескін), шартты белгілермен (мысалы, Морзе әліппесі) және ең соңында арнайы математикалық тілмен, яғни, сандармен және символдық белгілермен.

 

Өзінің пайда болу кезінде статистика нені білдіреді дегенге келетін болсақ, мына есте турарлық фактіден бастаған дұрыс болар еді. Бірқатар еуропалық тілдерде «Status» деген сөз «мемлекет» деген мағынаны білдіреді (ағылшынша - state, немісше - der Staat және басқа). «Статистика» және «мемлекет» терминдерінің туыстығын кездейсоқтық деп ойлауға болмайды. Мемлекет белгілі бір мағынада елдегі істерді бақылайтын ережелер механизмін білдіреді. Мұндай бақылауды үнемі жүзеге асырып отыру үшін, әрине, осы ережелерді біліп және оның кез келген өзгерісін қадағалап отыру қажет. Осыған орай болар, ХVІ-ХVП ғасырларда Еуропаның батысындағы статисттерді мемлекеттік істің білгірлері деп атаған. ...