Доклад/Баяндама: Статистикалық ғылымның қалыптасуы мен дамуы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық, Құқық негіздері
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
16

... Қылмыстың есебін жүргізу, көрсетілген министрліктерден басқа (Ішкі істер және Әділет министрліктері) үрме органдарымен де жүзеге асырылатын болды. Мысалы, 1823 жылы Бобольскідегі жер аударылғандар туралы бұйрықтың шығуымен, сондай-ақ мемлекеттік шаруаларды «кепілдігіне» алуды қарастырған Мемлекеттік мүлік министрлігімен.

 

1834 жылы губерниялық статистикалық комитеттердің құрылуына байланысты осы комитеттерде басып шығарылатын естелік кітапшасы деп аталатын белгілі бір губерниядағы, облыстағы немесе өлкедегі қылмыстылық мәселелері бойынша шолу жасау пайда болды.

 

1852 жылы ІІМ статистикалық бөлімшесі 1857 жылы Орталық статистикалық комитетке айналған статистикалық комитет болып қайта құрылды. 17 адамнан құралған мүшесі бар бүл комитетке үкімет үшін аса қажетті барлық статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу мен ретке келтіру, сыни тексерістен өткізу тапсырылды. Үкіметтік статистиканың жергілікті органдары губерниялық статистикалық комитеттер болып саналды. 1863 жылы статистикалық мекемелер туралы жаңа ереже енгізілді, соған сәйкес үкіметтік статистиканың әдістемелік органы - статистикалық кеңес құрылды. Бірақ ол статистикалық жұмыстардың орталығы бола алмады, тек ұсыныс беруші ғана қызмет атқарды. Қолданыстағы үкіметтік статистиканы өзіндік ерекшелігімен қараған Орталық статистикалық комитеттің алғашқы статистикалық жинағы «Ресей империясының статистикалық күнделігі» (1866) болды.

 

Осы кезеңде ең басты бөлімі қылмыстық-құқықтық статистика болған моральдық немесе адамгершілік статистика деп аталатын бойынша бірқатар тартымды жұмыстар пайда болды. Ол аумақ, халық, өнеркәсіп, сауда, көлік, халыққа білім беру, қылмыстық және басқа да статистика бойынша мәліметтер жинады. Бүл ең алғашқы статистикалық жылнама болды (1905 жылдан - «Ресей жылнамасы», 1912 жылдан - «Ресейдің статистикалық жылнамасы»). Әлемдік әдебиетте екінші жүзжылдық бойы теориялық дау туғызып келе жатқан осы моральдық статистика ұғымы, сондай-ақ осы атаудың өзі 1833 жылы «Францияның моральдық статистика тәжірибесі» деген еңбегін жариялаған, Париждегі апелляциялық сот жанындағы қорғаушы, француз ғалымы Андрэ-Мишель Герриге (1802-1867) таңылады. Герри «моральдық статистиканың әкесі» саналған У. Пет­тидің айтқан ережелерімен танысып, «кез келген әрбір қоғамдық одақта қылмысқа деген белгілі бой ұрушылық және қылмыстылықтың маңызды жақтарын анықтауға ұмтылған қылмыстық-құқықтық материалдарды өңдеу жолдары болып тұрады. Ол қылмыстың себептерін статистикалық зерттеуді бірінші болып қолға алды, бірақ себепті байланыстар мен құбылыстардың арасындағы зерттеулерге көтеріліп жете алмады», - дейді. ...