Доклад/Баяндама: Құқықтық статистика негіздері. Статистиканың әдіс-тәсілдері


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық, Құқық негіздері
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
14

... Қалай десе де, ол құқықтық, әсіресе қылмыстық-құқықтық статистикада өзіне лайықты тиісті орнын алады. Қылмыстық-құқықтық көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Конституцияның 2-бөлігінде қарастырылған жеке адамның құқықтық мәртебесін мемлекеттің қамтамасыз етуі тұрғысынан алғанда жұмыс жүргізудегі шығындарды көрсетумен емес, сол жұмыстың арагідік емес түпкі нәтижесімен ынталандырушы болып саналады. Қылмыстық-құқықтық көрсеткіштер айтарлықтай жақсы әсер ететіндей (ынталандыратындай) болуы үшін бір жағынан қылмыстылық сипаттамаларын, екінші жағынан мемлекет тарапынан бақылау қызметін тереңірек көрсетуі тиіс. Қылмыстылық статистика қылмыстық әділет органдарының қызметі туралы ақпарат жинау әдісі ғана емес, жекелеген органдар мен олардың қызметкерлерінің атқарған жұмыс көлемін бағалаушы құрал бола білуі тиіс.

 

Ынталандырушы және бағалаушы функция - статистикалық көрсеткішке оның бағалары мен өлшемдері ведомствоның, ұжымдардың немесе жедел іздестіру қызметкерлерінің сыйлың, марапаттау алдына, қызметінің өсуіне және керісінше сөгіс алуына, қызметін сай емес атануына әсер ететін жағдайда жүктеледі.

 

Бүл функциядағы жағдай, әсіресе, жеке, шығармашылық қызметтер - қылмысты әшкерелеу мен болдырмауға, оларды ашуда, кінәліні соттауда, негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тартудың алдын алуда, сондай-ақ кінәсі дәлелденбеген адамдарды соттау мен жазалауда онша оңайлықпен бола бермейді.

 

Қандай да болсын көрсеткішті бағалаушы-ынталандырушыға айналдыру адамның құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық саналатын құқықтық мемлекеттің түпкі мақсатына нұқсан келтіретіндей басқарушы жүйенің (құқық қорғау органдарының) бір жақты бағдардағы қызметіне әкеп соқтырады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мойындау, сақтау және қорғау - мемлекеттің міндеті (ҚР Конституциясының 12-бабы).

 

Осы тұрғыдан қарағанда жұмыс көлемі, қылмыстың ашылуы, атқарылған істер, соның ішінде еліміздегі жүргізіліп жатқан сот реформасына ғылыми жағынан қолдау көрсету туралы сан қуалаушылықтың, үстіртін есеп беру мен баяндаудың орнына тергеушілердің, прокурорлар мен соттардың ішкі сенімінің ерекше түрде оянуына ынталы әсер туғызатындай жаңа көрсеткіштер ойластырылуы тиіс. ...