Доклад/Баяндама: Құқықтық статистика негіздері. Статистикалық жұмыстардың пайда болуы мен дамуы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық, Құқық негіздері
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
10

... Көне Мысырда, Қосөзенде шаруашылық және әкімшілік есеп жүргізудің дамыған жүйесі қалыптасқан. Жерді, азық-түлікті, жұмыс күшін, құрылыс материалын пайдалану қатаң бақылауға алынып, шығыстар мен кірістердің сметасы жасалған. Материалдық құндылықтарға жауапты адамдардың міндетті түрде есеп беріп отыруы қатаң жолға қойылды, бірақ есеп берудің қатаң мерзімі белгіленбеді. Есеп жүргізудің жасанды бірлік көрсеткіші пайда болды, мәселен, шартты түрде - кірпіш, адам-күн және басқадай.

 

Есеп жүргізуді дамытудың алғашқы қадамдары әр халықтың қасиетті кітаптарында да жазылған. Ертедегі Қытайда тіпті б.д.д. XXIII ғасырдың өзінде халықтың саны, оны жынысына, жасына қарай бөлу, жердің құнарлылығы мен саудадағы өзгерістер туралы мәліметтер жиналып отырған. Конфуцийдің (б.д.д. 551-479 жж.) «Шу-Кинг» кітабында Қытайдағы б.д.д. 238 жылы жүргізілген халық санағы туралы деректер бар. Ал Інжіл (Библия) кітабында еркек тұрғындардың санағы және олардың қару ұстауға жарамдылығы жөнінде айтылған.

 

Жалпы көне шығыстағы есеп жүргізу жаппай және толығымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылатын болған.

 

Ежелгі әлем шаруашылық есеп жүргізудің сипатын айтарлықтай өзгертті. Өндірістің құл иеленушілік әдісі, жеке өндірістің жедел қарқынмен дамуы есеп мәліметтерін мемлекеттік мекемелердің жинауымен бірге банкирлердің, саудагерлердің, шеберханалар (эргастерий) мен ірі жер (латифундия) иелерінің ынтасын көтерді. Бүл жерде мемлекет есеп жүргізудегі өзінің үстемдігін жоғалтып алды, солай бола тұрса да оны одан әрі жетілдіре түсуге мән берді. Мәселен, Афиныда халықтың табиғи қозғалысының есебін жүргізу мұқият ұйымдастырылды. Барлық еркін туған сәбилер арнайы тізімге енгізілетін болды. 18 жасқа толған жас жігіттер әскерге жарамды болса, әскери міндетті деп танылып, ал 20-дан асқаннан кейін толық құқылы азаматтар тізіміне енгізілді. Б.д.д. VII ғасырда Лидияда бақырдың (монета) пайда болуы, жалпы алғанда, мүлікті ақшалай бағалау мүмкіндігін туғызды (бұған дейін есеп жүргізуде тек натуралды өлшемдер ғана пайдаланылды).  ...