Доклад/Баяндама: Құқықтық статистика негіздері. Тәуелсіз Қазақстандағы статистикалық органдардың құрылуы және құқықтық статистика


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық, Құқық негіздері
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
5

... Мұнымен қоса 2003 жылы құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу органдары үшін аса маңызды оқиға болып өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу жөніндегі комитетін құру туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу орталығы негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу жөніндегі комитетін құру (бұдан былай - комитет).

 

Жаңадан құрылған комитет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құзыры шеңберінде құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізуді қалыптастыру жөніндегі функция мен өкілеттікті жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

 

Атап өтетін бір жайт, ТМД елдерінде осы комитетке ұқсас келетін ведомствоаралық функциясы бар орган жоқ.

 

Өзінің пайда болған кезеңі ішінде құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу саласы заң шығару түрінде реттелмеді, өте-мөте қызметтік пайдаланылатын ведомстволық нұсқау актілері деңгейінде ғана реттеліп отырды.

 

Сондықтан құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізуді дамытудың келесі қадамы оны заңмен бекіту болды. Сөйтіп, 2003 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу туралы» заңы қабылданды (бұдан былай - заң). ...