Реферат: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Құқық негіздері2
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
24

Жоспар

 

1.   Қылмыс түсінігі, оның құрамы..........3

2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері..........6

3. Қылмысқа қатысу..........10

4. Қылмыстық жазаның түсінігі және түрлері..........12

5. Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар..........20

Әдебиеттер...........23

 

 

1. Қылмыс түсінігі, оның құрамы

 

Қылмыстық  құқық міндеттері — әлеуметтік құндылықтарды  қорғау және қылмыстардың алдын-ала, болдырмау болып табылады. Қылмыстың алдын-ала заңда көзделген жеке мақсаттардың бірі – қылмыстан сақтандырумен тығыз байланысты әрі онымен шарттас. Осы екі міндеттің мазмұны қоғамдық қатынастарды қорғауды, басқа жаңа қылмыстарды болдырмауды, қылмыс жасаған тұлғаға ықпал ету шараларын қолдануды сипаттайды.

 

 

2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

 

Қылмыстық жауаптылық дегеніміз — қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекетті жасаған адамға арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданатын, қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстық құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шараларды өтеу міндетін жүктеуді түсіну қажет.

Бұл анықтамадан  қылмыстық жауаптылықтың негізгі белгілерін ашып көрсетуге болады:

1. Қылмыстық жауаптылықтың басталу сәті болып қылмыс құрамының белгілерін құрайтын әрекет жасалған уақыт танылады.

2. Қылмыстық жауаптылық кінәлі адам үшін жағымсыз салдарды өтеу міндеті жүктелгендігін білдіреді. Яғни, қылмыстық әрекет — себеп болса, қылмыстық жауаптылық — салдар.

 

 

3. Қылмысқа қатысу

 

Орындаушы өзіне тәуелсіз мән-жайлар бойынша қылмысты ақырына дейін жеткізбеген жағдайда  қылмыстың  қалған қатысушылары  қылмыс жасауға дайындалуға немесе қылмыс жасауға оқталуға  қатысқаны үшін жауапқа тартылады. Өзіне тәуелсіз мән-жайлар бойынша басқа адамдарды қылмыс жасауға көндіре алмаған адам да қылмыс жасауға дайындалғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады.

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында арнайы аталған, қылмыстың субъектiсi болып табылмайтын, осы бапта көзделген қылмысты жасауға қатысқан адам осы қылмыс үшін оны ұйымдастырушы, оған айдап салушы не жәрдемдесуші ретінде қылмыстық жауапқа тартылады.

 

 

4. Қылмыстық жазаның түсінігі және түрлері

 

Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға қолданылады және осы адамды Қылмыстық кодексте көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жаза мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасаған тұлғаға тек ерекше мемлекеттік орган — сот арқылы осы жөнінде шығарылған үкім негізінде ғана қолданылады. Ал, үкім Қазақстан Республикасының атынан ығарылады.

 

 

 

5. Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар

 

Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында белгіленген шекте және Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлiмiнiң ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.

Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады.

 

 

Әдебиеттер

 

1. Ашитов З. О., Ашитов Б. З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері.— Алматы: Жеті Жарғы, 2003.

2. Баққұлов С. Д. Құқық негіздері.— Алматы, 2004.

3. Ағыбаев Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Жалпы бөлім.— Алматы: Жеті жарғы, 2001.

 

 

Нормативтік-құқықтық актілер:

 

1. ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. (21 мамыр 2007 ж. өзгертулер мен толықтырулар).— Алматы, 2007.

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 жыл.