Доклад/Баяндама: Қылмыстық статистика, оның құқық қорғау органдары қызметіндегі маңызы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық, Құқық негіздері
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
3

Қылмыстық статистиканың ғылыми-практикалық маңызын айтатын болсақ, біріншіден, бүл қылмыстылықтың заңдылықтары мен ағымдарын білуге және оларды сандық жағынан бағалауға жағдай туғызатын арнайы зерттеу әдістерінің бірі. Статистика көптеген ғылым саласы, соның ішінде заң ғылымы кеңінен қолданатын сандық талдаудың әдістерін ойластырады. Сондықтан да жалпы қоғамдық ғылымдар саласының, әсіресе, заң ғылымының мамандары статистиканың, статистикалық талдаудың негізгі тәсілдерін жақсы меңгеріп, оның теориясының негізгі мәселелері бойынша бағыт-бағдар ала білуі тиіс.

 

Қылмыстық статистика қылмыстылықты толығымен жоюда жөне оны тудыратын себептерін болдырмау жөніндегі міндеттерді шешуде ерекше рөл атқарады. Қылмыстың статистиканың материалдары барлық деңгейдегі ІІБ қызметкерлерінің қылмыстылықты зерттеу кезінде қолданылатын және қылмыстылықты жою жолындағы іс жүзіндегі шараларды ойластыруда мейлінше толық көлемде пайдалануға болатын құнды көз болып саналады. Қылмыстылықтың деңгейі, құрылымы мен қозғалысы, оның жекелеген аймақтар мен экономика салаларында және басқаларда орын алғандығы жөніндегі статистикалық деректерге ие бола отырып, қылмыстылықпен күрестің сенімді бағытын анықтауға, оның жоюдың неғұрлым тиімді құралдарын, нысандары мен тәсілдерін таңдап алуға, ұйымдасқан және мақсатты түрде алдын алу шараларын жүргізуге болады. Қылмыстық статистика материалдары қылмыстық

 

әділет органдарының өздеріне жүктелген құқық қорғауды қамтамасыз ету мен заңдылықты нығайту міндеттерін қаншалықты нәтижелі жүргізіп отырғанына қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, ІІМ статистикасының көрсеткіштері анықтау және алдын ала тергеу органдарының қылмыстарды ашуы, тергеу мерзімін сақтауы, қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтауы, қоғамға. жат қылықтардың алдын алуы жөніндегі жұмыстарды қаншалықты игергендігіне қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады.

 

Есеп жүргізу, статистика және бақылау кез келген қоғамға жат қылмыстық элементтердің тамырына балта шабуға жағдай туғызады. Қылмысты қайталап жасаушы адамдардың есебін жүргізу маңызды орын алады. Әсіресе, жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың есебін жүргізуді ескерген жөн.

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу тиімділігінің міндетті шарты жүйелі есеп жүргізіп отыру болып саналады.

 

Қылмыстық статистика материалдары жоғарғы органдар тарапынан құзырындағы органдарға шұғыл басшылық және олардың қызметіне тұрақты бақылау жасаудың құралы ретінде кеңінен қолданылады. Анықтау, алдына ала тергеу органдары қызметінің нәтижелерін сандық жағынан белгілеп отыра, статистика әдеттегі кемшіліктерді ашуға және оларды жоюға дер кезінде шара қолдануға көмектеседі.

 

Әдетте қылмыстық әрекеттердің басталуына себеп болатын рухани және отбасы-тұрмыстық өмір төңірегінде жат құбылыстарды (маскүнемдік, нашақорлық, ата-аналық құқығынан айырылу, арамтамақтықпен өмір сүру, т.б.) зерттейтін моральдық статистика материалдары маңызды орын алады.

 

Қылмыстық статистика материалдары озық тәжіри-белерді таратуда да ерекше рөл атқарады. Іс жүзіндегі негіз бола отырып, қылмыстық статистика ішкі істер органдарының жедел-қызметтік ісіндегі негізгі бағыттарды ғылыми сипаттағы мәліметтермен қамтамасыз етіп отырады. Қылмыстың алдын алу міндеттерін ғылыми тұрғыдағы ақпараттармен қамтамасыз етілген қылмыстық статистиканың материалдарынсыз жүзеге асыру мүмкін емес екендігін ескерген жөн. ...