Доклад/Баяндама: Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері, әдістері және объектілері. Сот медицинасының дамуының қысқаша тарихи дерегі


Цена: 1 Скачать
Предмет:
криминалистика, Сот медицинасы
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
4

1.   Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері, әдістері және объектілері....... 1

2. Сот медицинасының дамуының қысқаша тарихи дерегі .........2

 

 

1.     Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері, әдістері және объектілері

 

 

Сот медицинасы күқықтык және медицина ғылымдарының, сот әділдігі және заңдылыктың талаптарында қолданылатын, биология және жаратылыстанудың эртүрлі мәселелерін зерттейді және өңдейді. Сот медицинасы — бұл өзінің зерттеу әдістері бар және нақты сұрақтар жиынтығына жауап беретін медицинаның жеке бір (дербес) саласы. Сот медицинасында қойылған сұрақ-тармен байланысты адамды зерттейтін көптеген арнайы зерттеулер қолданылады, олар:

 

—   денсаулыққа зиян келтірудің себептерін анықтау;

 

— денеге түсірілген жарақаттардың уақытын анықтау;

 

— оқ жарақаты кезіндегі сараптама жүргізу;

 

— өлімнің туындаған ұзақтық мерзімін анықтау;

 

—   қанның (түрлік, топтық және жыныстық) түрін, тобын және қай жынысқа жататынын, т.б. аныктау.

 

Сонымен қатар, сот медицинасы патологиялық анатомия, биология, криминалистика, криминология, физика, химиядағы зерттеу әдістерімен анықталады және олармен тығыз байланысты.

 

Қазіргі таңда сот медицинасында онын мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтетін электронды микроскопия, сұйық газды хроматография, эксперименталды-компьютерлі модельдеу және т.б. зерттеудің осы заманғы әдістері кеңінен қолданылуда. ...

 

2. Сот медицинасының дамуының қысқаша тарихи дерегі

 

Сот медициналық қызметтің тарихын зерттеу ерекшелігі, ол — құқықпен, заңшығарушылық, сот-тергеулік мекемелерімен байланыстылығы. Бұл  байланысты сот-медициналық қызмет тарихын зерттеуде ескеру қажет, себебі — заңшығарушылық сот медицинасының сұрақтары бойынша тәртіп сақтауды нығайту және қорғау қызметін атқарады.

 

Үнділердің (Айюр-Веда, б.д.д. VII ғ.) және еврейлердің (Моисейдің кітаптарында) ежелгі заңдарының өзінде сот медицинасы сипатындағы мәліметтерге сүйенушіліктер кездеседі. Греция, Рим және де басқа ежелгі мемлекеттердің заң шығару тарихында кейбір сот-медициналық сұрақтарды шешуге дәрігерлердің қатысуы жөніндегі хабарламаларды (Гиппократ, б.д.д 460 ж.) кездестіруге болады.

 

Зерттеушілер сот медицинасының пайда болу уақыты деп 1532 ж. санайды, осы күні Швеция королі Карл V зорлық өлімнің себептерін анықтауға, түсік жасату және дәрігерді өз қызметін дұрыс атқармауына байланысты дәрігерлерді шақыруды заңдастырды. Бұл ғылым атақты француз хирургі Амбураза Парэнің (1579 ж.) жарақат пен зорлаудан туындаган өлімге сот-медициналық сараптаманы бөліп көрсеткені жөніндегі, трактатында өз дамуын алды.

 

Француздың, немістің, кейінірек италияндық ғалымдардың еңбектерінің арқасында сот медицинасы жүйелі ғылым ретінде XVI ғ. бастап қалыптасты.

 

Сот медицинасының дамуы үшін көп көлемде монографиялардың, оқулықтардың, сот медицинасының бөлек сұрақтары жөніндегі, сот медицинасының зерттеу түрлері жөніндегі оқу кұралдарының басылып шығуы зор үлесін қосты. ...