Реферат: Жарғының алтын қазығы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Жеті жарғы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
30

1. Отбасы жəне неке..........3

 

2. Меншік..........12

 

3. Қоғамдық өмір..........18

 

4. Дін жəне шариғат жолы..........28

 

 

1. Отбасы жəне неке

 

Қазақ  ішінде „үш  жұрт“  ұғымы  қолданылады.  Біріншісі-  ер  адамның  əкесі  жағынан туысатын  өз  жұрты,  əйелдің - төркін  жұрты  деп  аталады.  Екінші-  шешесі  жағынан туысатын  нағашы  жұрты.  Үшіншісі - əйелі  немесе  күйеуі  жағынан  туысатын  қайын жұрты. Қазақ ата намысына қанша тартса да “ердің жақсы болмағы нағашыдан” деп нағашы жұртына аса үлкен маңыз береді.

Нағашы- жиен арасы:

1. Нағашы жиеніне „40 серкеш “ беруі керек. Жиені нағашысына „қырық серкешімді алуға келдім“, - деп арнайы нағашылап барғанда, оны құр қайтармай, өзінің қалағанын алып қайтады.

2. Жиені көңілі түскен нəрсесін, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық болсын қалаған бұйымтайын нағашысы қолынан бермесе, жиені жолынан алуына хақы бар.

3. Жиен нағашысынан үш ретке дейін қалағанын ала алады жəне мұндай жиендік ету үш ретке дейін айыпталмайды.

 

 

 

2. Меншік

 

1. Меншік ұғымы малға, жерге, адамға /құл, не күң/, ит пен құсқа, дүние-мүлікке қатысты қолданылады.

2. Меншік- мемлекеттік, қоғамдық, рулық, жеке бастың меншігі т.б. болып бөлінеді.

3.  Меншік  хақы-сатып  алумен,  айырбастау,  мұрагерлікке  қалдыру,  еншіге  беру, арнау /құдайы, садақа т.б / , сыйлау арқылы пайда болады.

4. Мемлекеттік меншік жерге, малға, қалалар мен қоныстарға т.б. дүниелерге қатысты пайда болады.

5.  Мемлекеттің  меншіктің  жауапкері  мемлекеттің  саяси  билік  иелері  хандар  мен  ұлыс сұлтандары болып табылады.

6.  Хандар  мен  сұлтандар  мемлекеттік  меншіктің  негізгі  жауапкері  есебінде  Жарғының алдында есеп беріп отырады.

 

 

3. Қоғамдық өмір

 

1. "Ақ сүйек" бұлар- түбі Шыңғыс ханнан тарайтын əлеуметтік топ.

Олардың халықпен қарым-қатынасы "Жарғымен" реттеледі. Əлеуметтік мəселелерді өз ішіндегі үлкендері реттейді.

2. "Ақ сүйек" өкілінің (хан, ұлыс сұлтаны) құны қара қазаққа қарағанда жеті есе жоғары.

3.  Қазақ  төре  тұқымымен  кездескенде,  аттан  түсіп,  бір  тізесін  бүгіп "алдияр (аллажар) тақсыр"  деп  сəлем  етеді,  аттанарда  да  осылай  дейді.  Төреден  жасы  үлкен,  немесе  елге  өте сыйлы адамдар тізе бүкпей-ақ "тақсыр" деп амандасады.

4. Хан мен ұлыс сұлтандары қара халықтың сыйлы өкіліне қолын иығына тигізіп сəлем ишаратын жасайды.

5.  Қазақтан  ел  қызметіне  қатысы  жоқ  төрелерге "аллажар  тақсырды"  айту  немесе  аттан түсіп тізе бүгу талап етілмейді, қатар замандастары қол беріп амандасады.

 

 

4. Дін жəне шариғат жолы

 

”Жарғы” мазмұнында дінге қатысты бірнеше талап бар, оларды атап айтсақ:

1. Құдайға тіл тигізген адам, егер тіл тигізгенін жеті адам дəлелдеп, куəлік берсе, өлім жазасына кесіледі.Өлім жазасы шариғат талабына сəйкес таспен атып орындалады.

2. Өзге дінге кірген, соның ішінде христиан дініне кірген адам, өз мал-мүлкіне, қатын баласына иелік хақынан айырылады. Себебі мал-мүлікке, адам жанына ру ортақ. Осы себепке байланысты "шоқыншының"  мал-мүлкінін,  қатын-баласын  ағайын-туыс  бөліп  алса  қылмыс  болып табылмайды.

Шариғаттың тікелей əсері "Жарғының" төмендегі ережелерінен көрінеді:

3.  Өзін-өзі  өлтірген,  жазалаған  адамдарға  жаназа  оқылмайды,  олар  ру  қорымынан  бөлек жерленеді.

4. Адам өлер алдындағы өсиетін ағайындар мен молданың алдында айтуы қажет. Егер де ауылда молда болмаса, өсиетті жақын ағайын, жолдас арасында айта береді.