Доклад/Баяндама: Мемлекет жəне билік


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Жеті жарғы
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
13

Жеті жарғы (толық мəтіні) жарғының негізгі өзегі..........3

1. Билік деңгейлері..........4

2. Би..........5

3. Хандық билік:...........5

4. Билікке жататын істер...........7

5. Кеңес жəне жүгініс............9

 

 

Жеті жарғы (толық мəтіні) жарғының негізгі өзегі

 

1."Жарғы" қазақ арасында кең тараған, ғасырлар елегінен өткен "Жол", ("Жаза", "Жарғы", ”Қасым  ханның  қасқа  жолы”, ”Есім  ханның  ескі  жолы”)  негізін қуаттайды жəне жетекшілікке алады.

2.”Жарғы” арғы түбін Алаштан алатын қазақ елінің, бірлігін, туыстығын сақтап қалуды  көздейді.Қандай  да  болмасын  билік,  бітім  сөз  қазақтың  арасын  ашпай ”жарасуға”, ”қарындасқа” бастауы тиіс.

3.”Жарғы”  ел  басшылығына  ұсынылатын  хан,  ұлыс  сұлтаны,  билердің  жеке бастарының  қасиеттері  жоғары  болуын  талап  етеді.Қазақ  ішінде  таза мұрагерлік, таза сайланбалы тəртіп жоқ.

4.”Жарғы”  қазақ  арасындағы  билік,  бітім  сөзінің  халықтың  қатысуымен,  жария етілуін  талап  етеді.Бидің  айтқан  шешімін  кейінге  қалдырмай,  ел  болып,  бірден іске асыруы тиіс.

 

 

1. Билік деңгейлері.

 

1. Ақсақал билігі -ата баласының ішінде жүреді.Неке мен отбасы, жақын туыс ағайын арасы, мұрагерлік пен енші т.б. мəселелерді шешуге хақылы.Ақсақалдар бір ата баласы ішіндегі дауда кінəлі жақты жазалауға да хақылы.

2.  Рулы  елдің  билігі-сол  елдің  ішінен  шыққан  көсемге  тапсырылады . Ол  не  өз  қасиетімен,  не аталарынан жеткен мұрагерлікпен билік жүргізеді. Ру биі рулы елге иелік жасайды, дау шарына төрелік  айтады,  ағайынды  бір-бірімен  табыстырады.  Сол  рулы  елді  өзге  жерде  қорғайды, намысын жыртады.Жақсы би өз руын өрге суйрейді, өз бас бұзарын өзі жазалайды.

3.  Ұлыс  биі-бірнеше  руға  иелік  етеді,  ұлыстың/жаугершілік  жағдайында  кемі 10 мың  жігіт шығара алатын одақ, бас билігі, сыртқы саясаты ұлыс сұлтанының қолында/шаруашылық жəне əлеуметтік  өміріне  басшылық  жасайды.Сол  ұлысқа  ие  болып  отырған  ханның,  не  сұлтанның ақылшысы,  сүйеушісі  болады.  Ірі -ірі  кеңестерде, ”Жарғының”  жиналыстарында  ұлыс  елдің намысын қорғап, немесе елдің ішкі жəне сыртқы жағдайына қатысты қабырғалы кеңес айтады.

 

 

2. Би

 

1. Би-сайланбалы қызмет емес;ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің  салт-дəстүрін  білетін,  шежіреден  хабары  бар,  ауызы  дуалы,  шаруасы  түзу,  ата-тегі белгілі жəне елге беделді, сыйлы адам би болады.

2.  Би-жас  ерекшелігіне бағынбайтын  қызмет.  Айтқанын  ел қабылдаса жас  бала  да  елге  билік айтып, даудың шешімін шығарады.

3.  Би-атадан  балаға  қалатын  мұра  емес, əркім  өз  жігерімен, білімімен,  зердесімен  жететін абыройлы атақ.(Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен, жеті атасын жетектеп жүрген бар ма екен?).

4. Қазақ билігі ауызша айтылатын, ауызша шешілетін билік, жұрт алдында, қалың тобыр елдің үстінде айтылады, кім қатысам, кім сөйлеймін десе де, ел келіссе, рұқсат.

 

 

3. Хандық билік:

 

1. Қазақ билік жүйесінде мұрагерлік жəне сайланбалы қызмет қатар қолданылады.

2. Хан сайлаудың шарты елдің ең белгілі көсемдерінің ақ кигізге хан тағына үміткерді көтеріп, елді аралатып бір биікке шығаруы.

3. Екінші шарты ханға үміткерді боз биенің сүтіне шомылдыру.

4. Хан сайлауға қатысушылар ақ кигізді қылдай қылып бөліп алады.

 

 

4. Билікке жататын істер

 

Билердің  алдына  немесе ”кеңес”, ”жүгініс”  сияқты  билердің  басы  қосылған  ортаға  түсетін мəселелердің қатарына:

а) Адамның жеке басына қарсы; ə) рулы елге қарсы; б) қалыптасқан қоғамдық тəртіпке қарсы;

в) қабылданған дінге қарсы, құдайға қарсы жасалған қылмыстың түрлерін енгізеді.

Қылмыс  ұғымының  орнына-қаскүнемдік,  жаманат,  жаман  іс,  күнə  т.б.  түсініктер  жүреді.

 

 

5. Кеңес жəне жүгініс

 

І.Даулы істің ауыр-жеңіліне қарай билік айту бінеше жағдайда іске асады:

а/ Егер іс өлімге, ел тонау, зорлық т.б. ру аралық ауыр қылмысқа байланысты болса, оны Кеңес шешеді, 8-ден 24-ке  дейін  би  қатысады.  Төбе  биді  даугер  мен  жауапкер  жақ  өзара  келісіп таңдайды.

Төбе  би  өз  таңдауы  бойынша  алдын-ала  Кеңеске  билерді,  ақсақалдарды  шақырады.Даугер  мен жауапкердің Кеңес мүшелеріне қатысты пікірі ескеріледі ə/ Егер іс үлкен ұрлық, тонау, жесір дауы, денеге зақым келтіру сияқты ру ішіндегі немесе көрші рулармен  арадағы  қылмыспен  байланысты  болса,  оны  Жүгініс  шешеді.  Оған 6-8 би,  ақсақал қатысады. Төбе биді екі жақ келісіп таңдайды. Жүгініс мүшелерін төбе би шақырады.