Доклад/Баяндама: Мәнжазба / Реферат : Этносаралық қатынастар


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
6

... Этносаралық қатынастар кең мағынада халықтардың әр түрлі салаларда - саясатта, мәдениетте, т.б. өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі, тар мағынада түрлі ұлт өкілдері арасындағы байланысқа түсудің түрлі салаларында - еңбек, отбасылық-тұрмыстық, көршілік, достық және өзге бейресми араласуындағы тұлғааралық қатынастар ретінде түсіндіріледі.

 

Этносаралық өзара қатынастарды зерттеу кезінде этносоциологтар мен этнопсихологтардың зерттеу пәні ең алдымен өз тобы мен басқа топ жөніндегі ойлары мен қабылдауы, онымен байланысқа түсуге дайындығы, психикалық жай-күйі мен процестер болып табылады. Олардан бөлек этносоциологтар зерттеу пәндері қатарына жүріс-тұрыстың нақтылы фактілерін қосады (мысалы, партияларға, қозғалыстарға, қоғамдық шерулерге қатысу).

 

Этносоциологтар этносаралық қатынастарды зерттеу барысында ұлтаралық әрекеттесу саласындағы әр түрлі ұлт адамдарының жүріс-тұрысын басты назарда ұстайды.

 

Ұлтаралық қатынастар - қазақстандық қоғамтанушылар үшін зерттеуде ерекше көңіл бөлетін мәселе. Ұлттық феноменнің көрінуіндегі, ұлттық өмір ағымының сипатындағы тәуелділіктерді зерттеу пәні қазақстандық ғалым А.П. Коноваловтың пікірінше - әлеуметтік материяның ажырамас бөлігі қатынас, қоғам іс-әрекетінің бағытын, оның нақтылы құрамдас бөліктерін анықтаушы фактор болып табылады [19].

 

Қатынастар - бұл өзара байланыстар мен өзара әсер ету жүйесі, мүмкіндіктер мен жағдайлар жүйесі, іс-қимылды ортақ мүдделерді іске асыруға бағыттауға мүмкіндік беретін қандай да бір психологиялық аура: қоғамның, оның ұжымдарының, нақтылы өкілдерінің мүдделері. Қатынастар - бұл социум өмірінің формасы, оның біріктіруші күш.

 

Автор ұлтаралық қатынастарда бір-бірімен ажырамас болғанмен, әр түрлі “жұмыс істейтін” мүдделердің тұрақты екі тобының өмір сүретіні жайында айтады. Мүдделердің бірінші тобы шартты түрде “жалпы әлеуметтік” деп аталған. Қазақстанда өмір сүретін ұлттық топтар үшін бұлар көбінесе төмендегілер болуы мүмкін: аумақтық-мемлекеттік (аумақтық- құқықтық қатынастардың бірыңғай жүйесі бар ортақ мемлекет), әлеуметтік-экономикалық (бірыңғай экономикалық кеңістік, материалдық игіліктерді өндіруде, бөліп беруде қатысудың бәріне ортақ механизм), әкімшілік-құқықтық (бәріне ортақ заңдарға бағыну), білім алу, ғылыми, мәдени салалардың, т.б. ортақтығы. Мүдделердің екінші тобы - “этникалық өзіндік ерекшелігі бар” мүдделер, автор оған әрбір ұлттық топты сипаттайтын және ең алдымен тілдің, мәдениеттің, дәстүрдің, шаруашылық тәртіптің, сана мен өзіндік сана-сезімнің, т.б. ерекшеліктерінде көрінетін қажеттіліктер тобын жатқызады. ...