Доклад/Баяндама: Экономикалық социология


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
54

Жоспар

 

 

1 Экономикалық социология пәні 3

2 Экономикалық социологияның тарихи дамуы.. 8

3 Экономикалық социологияның негізгі категориялары.. 13

4 Нарық социологиясы.. 21

5 Кәсіпкерлік социологиясы.. 27

6 Шаруашылық ұйым социологиясы.. 33

7 Еңбек нарығы және жұмыспен қамту порблемасының социологиясы.. 38

 

3 Экономикалық социологияның негізгі категориялары

 

... Ғылыми пән өзінің ерекше амалдарын жасап шығаруға мүмкіндік беретін, дербес қалыптасқан теориялық аппараты құрылған кезде ғана, өз орнын тапты деп есептеледі. Теориялық бекітілімдер, категориялар мен ұғымдар танымның жалпыға мәні бар схемасын қалыптастырады, құбылыстар мен процестердің ең құнды ерекшеліктерін, белгілерін және заңдылықтарын көрсетеді. Басты социологиялық-экономикалық категориялардың шеңберін анықтап алу әлеуметтік-экономикалық процестерді зерттеудің әдістемелік негізін жасауға мүмкіндік береді.

 

Экономикалық социологияның іргелі ұғымдарына ең алдымен экономикалық жүріс-тұрыс, экономикалық әрекет, экономикалық сана мен ой, экономикалық мәдениет, шаруашылықты ұйымдастыру, экономикалық институт және басқалар жатқызылады. Экономикалық және социологиялық ғылымдардың бір-бірін толықтыруы нарықтық құбылыстарды зерттеудің өзектілігінің жоғарылау деңгейіне қарай нарықтық терминология экономикалық социологияға жақындай түседі. Олар нарықтық экономика, жақсы тұрмыс экономикасы, формальді және формальді емес экономика, жеке меншік, жекешелендіру, индивидтер мен шаруашылықтардың нарықтық жүріс-тұрысы, жұмыспен қамту және жұмыссыздық, еңбек нарығының икемділігі және т.с.с.

 

Басқа да арнайы социологиялық теориялар сияқты экономикалық социология да әлеуметтік қатынастарды зерттеуде түсіп отырған саласының мәнін ашатын жалпы социологиялық категориялар мен өзіндік ерекшелігі бар ұғымдарды қолданады. Ғылымның бұл саласын алға тартып отырған көптеген категорияларға байланысты келесі топтарға бөлуге болады [14].

 

1) Жалпы ғылыми (тұжырымдамалық) категориялар - құрылым, жүйе, функция, процесс, байланыс, тұрақтылық, өзгерушілік, даму және т.с.с. Олар жалпы әдістеменің тілін құрайды, экономикалық және әлеуметтік салаларды, экономикалық қатынастар мен процестерді реттеудің әлеуметтік механизмдерін сипаттау құралы ретінде қолданылады.

 

2) Жалпы әлеуметтік категориялар, басқа да әлеуметтік ғылымдардың сөздігінен алынған. Айталық, экономикалық теориядан - нарық, өндіріс, тұтыну, айырбас, бөліп беру, жеке меншік, бәсекелестік, жұмыспен қамту, трансакциялар және т.б. сияқты терминдер қолданылады. Философиядан - қоғамдық сана, қоғамдық қатынастар, заңдылықтар, мәдениет; әлеуметтік психологиядан - ұжым, тұлға, дәлелдеу, сәйкестендіру; жалпы социологиядан - әлеуметтік қатынастар, топтар, ұйымдар, институттар, әлеуметтік құрылым, стратификация және басқалар....

 

6 Шаруашылық ұйым социологиясы

 

 

... М.Вебердің пікірі бойынша, ұйым - жабық немесе ерекше адамдар тобы (әдетте өкілдік билікке ие басшы, әкімшілік аппарат) реттеп отыратын, сырттан келушілерге шек қойылған әлеуметтік қатынастар жиынтығы [29]. Қазіргі заманғы ұйым социологиясының теоретигі А.Стичкомбтың анықтамасына сәйкес ұйым “бірқатар өзіндік ерекшелігі бар мақсаттар мен міндеттерге жетуде айқын көрінетін және үздіксіз ұмтылушылығымен саналы түрде қалыптасушы әлеуметтік қатынастардың тұрақты жүйесі” [30]. Ал ресейлік зерттеуші А.И. Пригожин ұйымның төмендегідей белгілерін көрсетеді: ұйым әкімшілік және мәдени факторлармен анықталған адамзаттың ерекше қауымдастығын, әлеуметтік ортасын, жекелік емес байланыстар мен нормалардың жүйесін білдіреді [31]. Социолог А.В. Дорин ұйым - ол мақсаттарының ортақтығына, еңбек жағдайы мен мазмұнына негізделген адамдар қауымдастығы деп санайды. Адамдар мұндай қауымдастықтарға еңбек іс-әрекетін бірге іске асыру үшін бірігеді, өйткені оның жеке дара әрекетпен салыстырғанда көптеген ұтымды жақтары бар және айтарлықтай пайдалы, тиімді, бәсекеге бейім, тартымды т.б. болып табылады. “Ұйым” деген ұғымның өзі реттелген, тәртіпті дегенді білдерді [32].

 

Сонымен, ұйым дегеніміз - еңбек қызметін бірге іске асыруда ортақ мақсатқа қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік қатынастардың жүйесі.

 

Шаруашылық ұйымның мынадай негізгі белгілері болады:

 

Монополизмге ұмтылу. Барлық шарушылық ұйымдар ресурстарды монополияландыруға немесе қандай да бір экономикалық орынды басып алуға ұмтылады және оларға басқа шаруашылық субъектілерді жақындатпауға тырысады.

 

Тұйықтыққа ұмтылу. Еңбек нарығының бөгде агенттер және капитал үшін шартты түрде жабықтығы, оған мүше болып кіру шаруашылық ұйымның ресурстарын қорғаудың ең сенімді құралы болып қызмет етеді. Оған кірудің қиындығы ұйымға мүше болу, тек ниетіне қарай, ондағы орынды жаулап алуда арнайы күш жігерсіз мүмкін еместігін білдіреді. Ұйымнан шығудың қиыншылығы, қандай да бір айтарлықтай экономикалық немесе мәртебелік шығындарсыз оны еркін түрде тастап кету мүмкін еместігінен көрінеді.

 

Иерархия құру. Иерархиялық құрылым сипаты бойынша біркелкі емес орындарды тарату және көлденең түрдегі мобильділік үш негізде іске асырылады: мұрагерлік бойынша, жоғарыдан тағайындау, төменнен ұсыну.

 

Индивидті ұжымдық мүдделерге бағындыруға тырысу. Шаруашылық ұйымдар мүшелері өздерінің ортақ мақсаттарын толықтай бағындыруға тырысып бағады. Онымен қоса адаммен топтың арасындағы ара қатынасы оның ұйым қатарына қосылмай тұрып-ақ басталып кетеді. Мүше болуға лайық екендігін қолдау жолымен, шәкірттік жарты ақыға жұмыс істеу, берілгендігін паш ету, тәртіптілігі, кәсіби жарамдығы арқылы дәлелдеуге мәжбүр болады. Тек содан кейін ғана ұйым қатарына жібереді.

 

Марапатты пұрсатқа айналдыру. Ұйымдар өз мүшелерін бағындыра отырып, оның орнына пұрсаттық белгілері бар қандай да бір марапаттауларға қол жеткізулеріне жол ашады.  ...