Доклад/Баяндама: Англияның мемлекеті және құқығыт


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
7

... Әскер. Ағылшын-саксондық патшалардың әскері дружиналар мен халық қолынан тұрды. Халықтан жинақталған колға қару ұстай алатын барлық еркін азаматтар кірді.

Жергілікті басқару. Ағылшын-саксондарда негізгі аумақтық бірлік графтық болды, оны феодалдық ақсүйектер қатарынан патша тағайындайтын олдермен басқарды. Графтық жүздіктерге бөлінді, олардың басында жүздіктердің жиналысында сайланатын жүзбасылар тұрды. Ең төменгі аумақтық бірлік болып селолық қауымдастық табылды. Қауымдастықтар ондықтарға бөлінді, олардың мүшелері ортақ жауапкершілікте болатын.

Сот. Мемлекеттегі жоғарғы сот болып патша соты табылды, ол мемлекеттік сатқындық туралы істерді, патшаның вассалдары арасындағы дауларды және жер иеліктеріне байланысты дауларды қарастырды. Жергілікті жерлерде қылмыстық және азаматтық юрисдикция жиналыстардың қолында болды.

ә) Ағылшындық феодализмнің қалыптасуы

1066 жылы норманд герцогы Вильгелм үлкен әскерімен аралға келіп, ағылшын-саксондық әскерді жеңді де, Англияны жаулап алды. Ол өзін барлық жерлердің жоғарғы иесі ретінде жариялап, барлық еркін жер иеленушілерден өзіне адалдық антын білдіруге талап етеді, бұл оларды патшаның тікелей вассалдарына айналдырды.

Қоғамдық құрылым. Феодалдық шаруашылықтың негізі болып феодалдардың жер иеліктерінің жиынтығын білдіретін манор табылды. Негізгі антагоникалық таптар — феодалдар мен басыбайлы шаруалар болды. Ол кезде барлығы сексенге жуық қалалар болған, бұларда саудагерлер мен қолөнершілердің топтары қалыптаса бастады.

Мемлекеттік құрылым. Нормандтық жаулаудан кейін Англияда қуатты патша билігі бар орталықтанған мемлекет қалыптасты. Жоғарғы заң шығару билігін патша куриясымен бірлесе отырып жүзеге асырды. Патша куриясы мемлекеттік басқарудың жоғарғы органы,жоғарғы сот органы және мемлекеттегі қаржыларды басқарушы орган сипатында болды. Патша куриясынан мемлекеттің тек қаржысын ғана басқаратын орган - шахмат тақтасы палатасы бөлініп шықты. Бұл орган жоғарғы есеп палатасы және қаржылық мекеменің шенеуніктері жасаған қылмыстар туралы істер бойынша сот органы болып табылды. Бұл кезеңде мемлекеттегі жоғарғы лауазымды тұлғалар болып мыналар табылды: маршал - әскер қолбасшысы; камерарий - патшаның жер иеліктері мен мүлкіне басқаруды жүзеге асырды; канцлер - мемлекеттік канцелярияның жетекшісі және юстициарий - патшаның бірінші көмекшісі.

Жергілікті басқару. Нормандтық жаулаудан кейін Англияны бұрынғыша графтықтарға, жүздіктерге және қауымдастықтарға бөлу сақталып қалды. Графтықтың басында бұрынғыша олдермен қалды, алайда шынайы билік шерифке өтті, ол графтықтың аумағында жоғарғы қаржылық, сот, әскери және полициялық билікті иеленді.

Сот. Сот жүйесін өзгертудің бастамамасын II Генрихтың ассиздері (нормативтік актілері) жүзеге асырды, олар 6 округке институт құруды көздеді. Әрбір округ үшін 3 судьядан тағайындалды. Бұл судьяларға, сот функцияларынан басқа, жергілікті жерлердегі шенеуніктердің қызметін және салықтар жинауды бақылау міндеті жүктелді. 1176 жылғы Нортгемптон ассизінде 12 рыцарьдан және басқа да толық құқылы азаматтардан халық сотын құру көзделді. Жүріп-тұрушы судьялар институтын құрғаннан кейін патша куриясында сот істерін қарастыру үшін ерекше бөлім — патша орындығы соты құрылды...