Доклад/Баяндама: Ежелгі Грецияның мемлекеті және құқығы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
5

...Афиныдағы мемлекеттің пайда болуының екінші кезеңі Солонның реформаларымен байланысты: олардың біріншісі - сисахфия - қарыздық құлдықты жою; екіншісі - саяси құқықтар мен міндеттерді бөлуде мүліктік цензді орнықтыру, барлық азаматтар мүліктік ценз бойынша 4 топқа бөлінді; бесжүздіктер, атқамінерлер, зевгиттер және феттер; үшіншісі - жаңа сот органы гериэя құрылды; төртіншісі - жаңа басқару органы төртжүздік кеңесі құрылды, ол әрбір жыл сайын алғашқы ш топтың азаматтары қатарынан әрбір тайпадан 100 адамнан айланған.

Афины мемлекетінің құрылуының соңғы, үшінші кезеңі болып Клисфеннің реформалары табылды, олар Афиныдағы рулық құрылымның қалдықтарын толығымен жойды. Клисфен алықты бұрынғыша төрт тайпаға бөлудің саяси мәнін жойды. Енді Афины 10 аумақтық филге (округтерге) бөлінді, олардың әрқайсысы әртүрлі аумақтарда орналасқан жерлерден - 3 триттийден құралды: қалалық, теңіз жағасындағы және жер өңдеушілік, бұл қаланың селолық жерлерден үстемдігін қамтамасыз етті. Екінші реформаға сәйкес, тайпалық бөлініске негізделген төртжүздік кеңестің орнына Клисфен бесжүздік кеңесін кұрды. Ол 10 филдің әрқайсысынан 50 өкілден құралды. Үшінші реформа арқылы тағы да бір басқару органы - 10 стратег (әскер басшысы) алқасы құрылды, ол 10 филдің әрқайсысынан 1 адамды жинау арқылы құрылатын болған және қалыптасқан құрылымға қолсұғушылықты болдырмау мақсатында Клисфен халық жиналысында остракизм деп аталатын үрдісті енгізді (остракон - сайлаушы құрылымға нұқсан келтірушінің есімін жазатын бас сүйек). Бұл Клисфеннің соңғы реформасы болды.

Клисфеннің реформалары Афиныдағы мемлекеттің қалыптасуының ұзақ үрдісін саудагерлердің, қолөнершілердің және шаруалардың демостың рулық-тайпалық ақсүйектерді жеңуімен аяқтады. Бұл Афиныда б.э.д. Ү ғ.-да құлиеленушілік демократиялық мемлекеттің қалыптасуына негіз болды. Бұл мемлекеттің негізгі сипаты - еркін құлиеленушілердің, еркін кедейлердің және люмпендердің (өндірістік құралдардан айырылған адамдардың) құлдар мен етектердің (Афиныда орныққан шетелдіктердің) үстінен бірлескен үстемдігі. Афинылық демократияның гүлдену кезеңі - б.э.д. V - IV г.г.

Мемлекеттік құрылым. Афиныдағы мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып халық жиналысы табылды, ал анықталған нақты мерзімде — жылына 40 рет шақырылатын. Халық жиналысына тек жиырма жасқа толған толық құқылы афиндік азаматтар ғана қатыса алатын. Шешім қабылдау үшін 6 000 адамның болуы міндетті болатын...