Доклад/Баяндама: Құлиенушілік мемлекет пен құқықтың тарихы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
30

Жоспар

 

1 Ежелгі Египеттің мемлекеті және құқығы.. 3

2 Ежелгі Вавилонның мемлекеті және құқығы.. 7

3 Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқығы.. 12

4 Ежелгі Қытайдың мемлекеті және құқығы.. 15

5 Ежелгі Грецияның мемлекеті және құқығы.. 18

6 Ежелгі Римнің мемлекеті және құқығы.. 23

 

 

1 Ежелгі Египеттің мемлекеті және құқығы

...

Мемлекеттік құрылым. Египеттегі мемлекет деспотия нысанында болған, мұнда биліктің барлығы тек бір адамға - патша-перғауынға тиесілі болатын. Перғауындардың барлығы бір рудан тарайтын және бір-бірін такты мұрагерлікпен иемдену тәртібі нәтижесінде ауыстыратын. Египеттегі деспотияның ерекше белгісі болып мемлекет басшысы - патша-перғауынның діни культы табылатын.

Лауазымды тұлғалар:

1 перғауынан кейін басты лауазымды тұлға болып уәзір, патшаның жақын көмекшісі табылды, оның өкілеттіктер ауқымы ете кең болған: мемлекетті басқарған, сотта басқарушы болған, жоғарғы сот органы болып табылатын ондық кеңесті басқарған, шаруашылықты басқаруға қатысқан, әскери күштердің басында тұрған, нотариустың міндеттерін орындаған;

2 келесі лауазымды тұлға - мөрді сақтаушы немесе бас қазынашы - табиғи сыйлықтар сақталатын мемлекеттік қоймаларды меңгерген;

3 барлық патшалық жұмыстардың басшысы - еркін халыққа жүктелген міндеттердің орындалуын бақылаушы және сәулетшінің лауазымын орындаған...

 

 

2 Ежелгі Вавилонның мемлекеті және құқығы

 

 

...Мемлекеттік құрылым. (Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша Ежелгівавилондық мемлекет катысты түрде орталықтанған мемлекет, оны басқару нысаны бойынша - шығыстық диспотия болып табылатын..

Жоғарғы билік патшаға тиесілі болатын патшалық биліктің материалдық негізін шіркеулердің жерлері мен патша шаруашылығы құрайтын. Сонымен қатар, патша ирригациялық шаруашылық пен ирригациялық жұмыстарға жоғарғы басшылықты жүзеге асыратын.

Мемлекеттік істерді басқару патшалық билікпен тағайындалатын және оның алдында жауап беретін күрделі орталықтанған шенеуніктік-бюрократиялық аппарат арқылы жүзеге асатын. Әкімшілік биліктің орталығы - патша сарайы мен шенеуніктер, олар сарай шаруашылығына басшылық жасап, мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғалары болып табылады. Су шаруашылығын өзендерді басқарушы басқарды. Оған қадағалаушылар, қараушылар, бақылаушылар, қоймашылар және есепшілер бағынды.

Жергілікті басқару. Бүкіл мемлекет облыстарға бөлінді, олардың басында патшаның сенімді адамдары тұрды. Олардың ішінде ең басты екеуі болды: солтүстікте Сиппар қаласында және оңтүстікте Ларс қаласында. Бұлардың қызметтеріне бақылау жүргізу үшін жергілікті жерлерге көптеген өкілеттіктерді иеленген патшаның шабармандары жіберіліп отырды.

Қауымдық басқарудың органы болып қауымдық кеңес табылды, алайда, оның басшысы - рабианумды патша тағайындайтын болған.

Сот жүйесі. Патша мен патша шенеуніктері әкімшілік және Сот істеріне де басшылық жасайтын болған...

 

3 Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқығы

... Мұрагерлік құқықта әкенің мүлкін мұраға алудың екі тәсілі аталған: не ол ұлдардың арасында теңдей бөлінген, не оны үлкен ұлы толығымен иемденіп, қалғандары сол ұлдың жанында өмір сүрген. Қыздар мұраға ие болмаған, бірақ оларға жасау берілетін.

Ману заңдарында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы тыйымдардың ішінен бөліп қарастырылмаған. Сонымен қатар заңдарда патшаға немесе мемлекеттік билікке қарсы бағытталған әрекеттерді жазалайтын баптар болмаған. Ал жекеменшікке, жеке тұлғаға нұқсан келтірушілік пен отбасылық ережелерге қарсы бағытталған әрекеттер өте қатаң жазаланған. Мұндай жағдайда касталық ерекшеліктерге ерекше мән берілген. Жасалған қылмыстар үшін негізгі жазалардың қатарынан өлім жазасы, тілді кесу, қолды, аяқты кесу, таңба салу, құлдыққа салу орын алған.

Сот процесі. Ежелгі Үндістанның сот өндірісіндегі қылмыстық және азаматтық іс жүргізудің арасы ажыратылмаған. Сот істері мүдделі тұлғалардың ынтасы бойынша қозғалған. Сотта істі қарау жарыспалылық сипатын.

 

4 Ежелгі Қытайдың мемлекеті және құқығы

 

 

 

...

Әскер. Шан патшалығында тұрақты әскер болған жоқ. Қажет болған жағдайда чжухоулар 3000, 5000, 6000 әскерлерден құралған отрядтарды ұсынған. Жиналған әскер әскербасы — қолбасшыға берілетін және жорыққа шығатын. Әскер екі бөлікке бөлінетін: жаяу әскер және арбалы әскер. Сонымен қатар, халық мал мен арбаларды беретін. Әскердің үш түрі а ие болған: жаяу әскер. атты әскер және қарулы арбакештер. Цинь империясында әскер бестіктер мен ондықтарға бөлінген. Жоғарғы қолбасшы болып императордың өзі табылған.

Сот жүйесі. Сот функцияларын тармақтарға бөлінген мемлекеттік аппараттың көптеген өкілдері жүзеге асырған. Мемлекеттегі жоғарғы судья болып ван табылған. Жергілікті жерлерде сот істерін қараумен болыстықтың бастығы айналысқан.

 

5 Ежелгі Грецияның мемлекеті және құқығы

 

...

Афиныдағы мемлекеттің пайда болуының екінші кезеңі Солонның реформаларымен байланысты: олардың біріншісі - сисахфия - қарыздық құлдықты жою; екіншісі - саяси құқықтар мен міндеттерді бөлуде мүліктік цензді орнықтыру, барлық азаматтар мүліктік ценз бойынша 4 топқа бөлінді; бесжүздіктер, атқамінерлер, зевгиттер және феттер; үшіншісі - жаңа сот органы гериэя құрылды; төртіншісі - жаңа басқару органы төртжүздік кеңесі құрылды, ол әрбір жыл сайын алғашқы ш топтың азаматтары қатарынан әрбір тайпадан 100 адамнан айланған.

Афины мемлекетінің құрылуының соңғы, үшінші кезеңі болып Клисфеннің реформалары табылды, олар Афиныдағы рулық құрылымның қалдықтарын толығымен жойды. Клисфен алықты бұрынғыша төрт тайпаға бөлудің саяси мәнін жойды. Енді Афины 10 аумақтық филге (округтерге) бөлінді, олардың әрқайсысы әртүрлі аумақтарда орналасқан жерлерден - 3 триттийден құралды: қалалық, теңіз жағасындағы және жер өңдеушілік, бұл қаланың селолық жерлерден үстемдігін қамтамасыз етті. Екінші реформаға сәйкес, тайпалық бөлініске негізделген төртжүздік кеңестің орнына Клисфен бесжүздік кеңесін кұрды. Ол 10 филдің әрқайсысынан 50 өкілден құралды. Үшінші реформа арқылы тағы да бір басқару органы - 10 стратег (әскер басшысы) алқасы құрылды, ол 10 филдің әрқайсысынан 1 адамды жинау арқылы құрылатын болған және қалыптасқан құрылымға қолсұғушылықты болдырмау мақсатында Клисфен халық жиналысында остракизм деп аталатын үрдісті енгізді (остракон - сайлаушы құрылымға нұқсан келтірушінің есімін жазатын бас сүйек). Бұл Клисфеннің соңғы реформасы болды.

 

 

6 Ежелгі Римнің мемлекеті және құқығы

 

...

Римдік рулық қауымның мемлекетке айналуын үрдісінің аяқталуына Сервий Тулийдің реформалары эсер етті, олардың мәні мынада болды:

А) барлық еркек адамдар жердің мөлшерімен анықталатын мүліктік жағдайына қарай бес топқа бөлінген, бұл бөлініс Плебейлер үшін де, патрицийлер үшін де ортақ болған;

Ә) Римде жоғарғы органның жаңа түрі пайда болды - центуриаттық комициялар;

Б) плебейлер центуриаттық комициялардың кұрамына енгізілді, яғни, «рим халқының» бөлігіне айналды және қоғамдық ердің бөлінісіне иеленетін болды;

В) Рим қаласы төрт аумақтық округтерге - трибаларға, ал қала шеті - он жеті селолық трибаға бөлінді. Трибуттық комициялар плебейлер үшін міндетті жалпы сипаттағы қаулыларды шығару құқығына иеленді.

ә) Республика кезеңіндегі Рим

Римдегі республика кезеңі 500 жылға созылды (б.э.д.509-27 ж.ж.). Римнің даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады: республиканың қалыптасу және нығаю кезеңі (б.э.д. УІ-ІУ ғ.) және римдік құл иеленушілік мемлекеттің гүлдену және құлдырау кезеңі, оның орнына монархиялық басқару нысанының келуі (б.э.д. ІІІ-І ғ.ғ.).

Коғамдық құрылым. Өзінің таптық табиғаты бойынша римдік қоғам мен мемлекет құлиеленушілік болған, алайда құлдарды қанау монархия кезеңіндегі сияқты дәрежеге жеткен жоқ, сол себепті құлдық патриархалдық сипатта болған. Еркін халықтың негізгі бөлігі болып патрицийлер мен плейбейлер қала берген, олардың арасында өзара күрес өрши түскен. Плейбейлер патрицийлер мен саяси және азаматтық құқықтары бойынша тең болуға ұмтылған, осы жағдай Рим республикасының қулауының негізгі себебі болған. ...