Доклад/Баяндама: Польшаның мемлекеті және құқығы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
4

...

Құқықтың негізгі сипаттары. Польшалық әдет құқығының негізгі қайнар көзі болып Польша шындығы - Польшаның солтүстік облыстарында XIII ғасырдың екінші жартысында құрастырылған жинақ табылды. Сонымен қатар, құқықтың қайнар көздеріне статуттар - заңдар, канондық құқық, Саксондық шындық және Магдебургтық қалалық құқық жатты. Соңғысы немістер өмір сүрген аймақтарда ерекше мәнге ие болған.

Меншік құқығында өндірістің негізгі құралы болып жер сақталып қалды. Феодалдар мен еркін шаруларға тиесілі жер дедина деп аталды. Жерге меншіктің нысаны болып ұзақ уақыт бойы аллод табылды. Феодализмнің дамуымен бенефициялар мен осадничество пайда болды.

Польшадағы міндеттемелік құқыққа мынадай шарт түрлері тән болды: сату-сатып алу, займ. жалға алу, несие шарттары. Неке-отбасы құқығыңда тек шіркеу рәсімдері арқылы бекітілген неке ғана заңды деп саналды. Ерлі-зайыптылардың теңқұқылығы болмаған, некені бұзуға тыйым салынған. Қылмыстық құқықта қылмыстың негізгі түрлері болып мемлекеттік сатқындық, қоғамдық тәртіпті бұзу, адам өлтіру, қарақшылық, ұрлық, өрт қою, зорлау, денеге жарақат келтіру және қорлау табылған, олар үшін жазалардың төмендегідей түрлері көзделген: мүлікті тәркілеумен өлім жазасы, қанды кек, айыппұл....