Доклад/Баяндама: Ежелгі Египеттің мемлекеті және құқығы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
5

Қоғамдық құрылым

1 Египеттік коғамның жоғарғы тобын абыздар, шенеуніктер мен әскери ақсүйектер құраған. Абыздар Египеттегі әртүрлі діндердің санына қарай таптарға бөлінген. Әрбір топтың басында жоғарғы абыз тұрған.

2 Египеттік қоғамның артықшылықты тобына рулық — тайпалық ақсүйектердің ұрпақтарынан құралған египеттік аристократия мен мемлекеттің жоғары әскери және азаматтық шенеуніктері жатқан.

3 Ерекше орынды хатшылар иеленген, олардан жоғарғы шенеуніктер шыққан.

4 Еркін шаруалар - олардың кейбіреулері мемлекеттік жерде өмір сүрді, өз жерлері болды және сол үшін рента-салық төлеген; кейбіреулері шенеуніктің немесе әскери тұлғаның жерінде жұмыс істеп, күндізгі тамақтарын ішіп, өте ауыр жұмыстарды орындаған.

5 Қолөнершілер — мемлекеттік қазбаларда жұмыс істеген. Ерекше басқарушылардың бақылауындағы 10 адамнан тұратын топтарға біріккен.

6 Қоғамдық баспалдақтың төменгі буынын құлдар құраған. Құлдықтың негізгі қайнар кездерін әскерге тұтқындық пен борышкерлік қарыздың нәтижесіндегі құлдық табылған.

Мемлекеттік құрылым. Египеттегі мемлекет деспотия нысанында болған, мұнда биліктің барлығы тек бір адамға - патша-перғауынға тиесілі болатын. Перғауындардың барлығы бір рудан тарайтын және бір-бірін такты мұрагерлікпен иемдену тәртібі нәтижесінде ауыстыратын. Египеттегі деспотияның ерекше белгісі болып мемлекет басшысы - патша-перғауынның діни культы табылатын.

Лауазымды тұлғалар:

1 перғауынан кейін басты лауазымды тұлға болып уәзір, патшаның жақын көмекшісі табылды, оның өкілеттіктер ауқымы ете кең болған: мемлекетті басқарған, сотта басқарушы болған, жоғарғы сот органы болып табылатын ондық кеңесті басқарған, шаруашылықты басқаруға қатысқан, әскери күштердің басында тұрған, нотариустың міндеттерін орындаған;

2 келесі лауазымды тұлға - мөрді сақтаушы немесе бас қазынашы - табиғи сыйлықтар сақталатын мемлекеттік қоймаларды меңгерген;

3 барлық патшалық жұмыстардың басшысы - еркін халыққа жүктелген міндеттердің орындалуын бақылаушы және сәулетшінің лауазымын орындаған.

 

...