Доклад/Баяндама: Ежелгі Римнің мемлекеті және құқығы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
9

...

Рим құқығында меншікті иеленудің екі түрі ажыратылған: цивильдік құқыққа негізделген иелену (меншік құқығын жаудан жаулап алынған меншік туралы жалған процесс арқылы беру, мүлікті бөлу туралы процесстегі иелену, жылжитын мүліктің бөлігін бөлу; мұндай меншік квириттік деп аталған) және «халықтар құқығына» негізделген иеленулер (мүлікті берудің қарапайым түрі, аккупация, ескіру мерзімі бойынша мүлікті иелену).

Рим құқығы бөген мүлікке катысты келесі құқықтарды таныған: сервитуттар (меншік иесінің мүдделеріне зиян келтірмеген жағдайда, басқа тұлғаларға да оның меншігін пайдалануға рұқсат етілген); суперфициялар (бөген жерде салынған құрылысты пайдалану құқығы) және кепіл құқығы — ипотека (кепілге қойылған зат борышкердің иелігінде міндеттемені орындау мерзімі туындағанға дейін қалдырылатын).

Римде міндеттемелердің екі қайнар көзі болған: деликтілерден (құқық бұзушылардан) туындаған міндеттемелер және шарттардан туындаған міндеттемелер. Шарттардың келесі түрлері белгілі болған: вербальды шарттар - ауызша нысанды бекітілетін, литеральды шарттар - жазбаша нысанды бекітілген, шынайы шарттар - міндеттемелер затты берген сәттен бастап туындаған және консенсуалды шарттар - тараптардың қарапайым және ресми емес келісімен негізделген шарттар.

Неке - отбасы құқығы бастапқы кезеңдерінде үй иесінің отбасы мүшелерінің үстінен шексіз үстемдігімен сипатталған. Екінші кезеңде некенің жаңа нысаны пайда болды, бұл кезде әйел біраз мүліктік және жеке дербестікке ие болды. Үшінші кезеңде некеден тыс байланыстар — конкубинаттар кең таралды.

Мұрагерлік құқықта заң бойынша мұрагерлік және өсиет бойынша мұрагерлік орын алған. Заңды мұрагерлер ретінде тек огнаттар, яғни, қандық туыстығына қарамастан үй иесінің билігінде болған тұлғалар танылған.

Қылмыстық құқықта жариялылық сипаттағы (Рим мемлекетіне қарсы қылмыстар, өртеу, адам өлтіру, жалған куә болу. егіндікті ұрлау және дуалау өлім жазасымен жазаланатын) және жеке сипаттағы (ұрлық, тұлғаға нұқсан келтіру, бөген мүліктерді жою және зақымдау — дене жазалары мен өлім жазасы қолданылатын) қылмыстар ажыратылған.

 

...