Доклад/Баяндама: Жапонияның мемлекеті және құқығы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
2

...

 

Кореяға катысты белсенді жаулап алушылық саясат жүргізілді. 1598 жылы Хидэесидің елімінен соң оның үш жасар мұрагерінің тұсында ірі феодалдардан құралған регенттік кеңес құрылды. Ірі феодалдардың арасындағы өзара соғыстың нәтижесінде Токугава Иэясу жеңіп шықты. 1603 жылы Токугава сегун (бас қолбасшы) болып жарияланды. Токугава тегі Жапонияда XIX ғасырдың жартысына дейін билік кұрды.

Сегунат режимі императорды биліктен аластатты. 1615 жылы бүкіл Жапония біріктірілді. Мемлекеттің астанасы Эдо (қазіргі Токио) қаласына ауыстырылды. Сегуннан кейінгі екінші тұлға болып оның бірінші министрі және бас кеңесшісі табылды, сегун кәмелетке толмаған жағдайда оны регенттік кеңес тағайындайтын. Жоғарғы кеңесуші орган болып ақсақалдар кеңесі табылды. Жергілікті жерлерде билікті губернаторлар жүзеге асыратын: сегунның ерекше шенеуніктері жергілікті жерлерге бақылау және тексеру мақсатымен жіберілетін. Тұрғылықты халық негізгі төрт сословиеге бөлінді: самурайлар. шаруалар, қолөнершілер және саудагерлер, қайыршылар мен көшпенді артистер ешбір сословиеге жатпайтын. Барлық мемлекеттік лауазымдарды самурайлар иеленді. Халықтың сексен пайызын құраған шаруалар жерді "мәңгілік" жалға алу құқығына сәйкес иеленетін. Қолөнершілер мен саудагерлер цехтар мен гильдияларға біріккен.

Жапондық феодалдық құқығының дамуына қытай құқығының әсері ерекше болды және мұнда да конфуций ілімінің догмалары көрініс тапқан. Қылмыстың, азаматтық деликтінің және әкімшілік теріс қылықтың аралары нақты ажыратылмаған болатын.

Жапондық "Жүз заңдар'" (1742 жылы) феодалдық жинағы азаматтық, қылмыстық. процессуалдық құқықтардың негізгі нормаларынан құралған, алайда, бұл нормалар құқық салалары бойынша нақты ажыратылмаған болатын. Ресми доктринада адамның жазылған кұқыққа қатынасы мына формуладан көрініс тапқан: "білмесең де, орындауың қажет". Сол себепті, жазылған құқықты білетін адамдардың санының шеңбері аз болған. Негізінен конфуций ілімінің имандылық және жақсы (немесе жаман) жүріс-тұрыс ережелері басшылыққа алынатын.

 

...