Доклад/Баяндама: Формализмге негізделген сұрау


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
8

 

...Сұрау сандық әрі сапалық әдістемелерде қолданылады. Оған қоса, сұрау - тек социологиялық әдіс қана емес, ол психология, медицина, журналистика, тергеу тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Бірақ, сұраудың әдістемелік мәселелері толық күйінде нақ социологияда жасалынған.

 

Осы параграфта бұқаралық сұрауларды зерттелетін объектінің элементтерін өлшеуге және сандық түрде көрсетілген нәтижелер алуға бағдарланған сұрақнаманың көбінесе формализмге негізделген (стандартталған) құрылылымымен қарастыратын боламыз.

 

Социологиялық қауымдастықтан тыс әдістердің ішінен сұрау ең белгілі болып табылады. Көптеген адамдардың ойынша, социолог - бұл қоғамдық пікірге сұрау жүргізетін адам.

 

Алайда мұның барлығы сұрау әдісінің белгілі шектеулігі бар екендігін естен шығармау тиіс. Бұл жерде эмпирикалық социологиялық және маркетингтік мәліметтер алу үшін үш негізгі қайнар көзі бар екенін назарға алу қажет. Олар мыналар:

 

- деректік көздер;

 

- адамдардың жүріс-тұрысында, анық әлеуметтік жағдайларда әлеуметтік процестердің сыртқы көріністері;

 

- адамдардың өздері (олардың сөздері, пікірлері, бағалаулары).

 

Бірінші қайнар көзіне құжаттар талдау әдісі сәйкес келеді, екіншісі бақылау әдісі арқылы жақсы “сезіледі”. Сұрау үшінші типтегі ақпарат алу үшін қолданылады. Сөйтіп, әлеуметтік шындықтың зерттелетін аясы статистикалық және деректік ақпаратпен қамтамасыз етілуі неғұрлым әлсіз болып, зерттелетін құбылыстар тура бақылауға қолайсыз болған сайын, зерттеуде сұрау әдісінің рөлі мен маңызы соғұрлым арта түседі.

 

Сұраудың нәтижесінде алынатын социологиялық ақпарат мұқият және сын көзбен қарауды талап етеді. Сұраудың нәтижелері қоғамдық сананың дәл бейнесі ретінде қабылданған кез болған (және ол өте күрделі күйінде, 19 ғасырдың ортасынан бастап 20 ғасырдың 50-жылдардың басына дейін ұзаққа созылды). Тек 20 ғасырдың 50-жылдары ғана респонденттің, сұхбат алушы мен зерттеушінің психологиялық күйлерімен ақпарат бұрмалау факторларын есепке алып, азайтуға мүмкіндік берген арнайы зерттеулер жүргізілді. ...