Реферат: Социологияның объектісі мен пәні


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
13

... Осыдан барып социологияны анықтаған кезде бір-бірінен мүлде бөлек екі көзқарас келіп шығады: бірі - оның пәнін қоғамдық организмнің тұтастығы, әлеуметтік ұйымдар мен жүйелер туралы ғылым ретіндегі өрістету бағытында болса, екіншісі - әлеуметтік процестер мен бұқаралық мінез-құлықтар туралы ғылым ретінде анықтау. Бірінші көзқараста социология демографиялық, экономикалық және саяси ғылымдармен ұштасса, екіншісінде әлеуметтік психологиямен ұштасады.

 

Макросоциологияның дамуы қазіргі заманғы теориялық социологияның қалыптасуына, ал микросоциологияның дамуы эмпирикалық (қолданбалы) социологияның қалыптасуына алып келді деген түсінік бар. Мұндай баға негізсіз емес, бірақ толық мәнінде ақиқат нәрсе деп мойындауға болмайды. Макросоциологияда да, микросоциологияда да теориялық және эмпирикалық деңгей бар. Макросоциологтар (Э.Дюркгейм, М.Вебер, Ф.Теннис, П.Сорокин, т.б.) эмпирикалық социологиялық зерттеулермен белсене айналысқан, ал микросоциологтар (мысалы, американ социология мектебінің өкілдері) маңызды социологиялық теориялардың негізін қалаған.

 

Қазіргі микро- және макросоциологияның жақындасуы оның объектісі мен пәнін қазіргі заман тұрғысынан түсіну үшін аса маңызды. Бұл жақындасу макротеоретиктер де, микротеоретиктер де материяның әлеуметтік нысанының алғашқы “клеткасы” болатынын және қоғамды да, нақты адамдардың мінез-құлқын да социологиялық талдау ісін содан бастау қажеттігін мойындауда бір-бірімен үндес екендігінен көрінеді. ...