Реферат: Социологияның категориялары мен ұғымдарын жіктеу


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
4

.. Социологияның категориялары мазмұны жағынан былай бөлінеді [1]:

 

- жалпыға ортақ категориялар (ғалам, геоносфера, қоғам, әлем), бұларды әлеуметтік ғылымдардың бірде-бірі, соның ішінде социология да айналып өте алмайды. Бұл категориялар әлеуметтік болмысты дүние туралы әмбебап және іргелі түсініктер деңгейінде ұғынуда пайдаланылады.

 

- сапа категориялары (өркениет, формация, мәдениет, тұрақты даму), олар дүниені игерудің дәрежесі мен деңгейін, олардың қызмет атқаруының және қоғамдық, топтық және жеке өмірді оңтайлы ұйымдастырудың тиімділігін көрсетеді. Оларды пайдаланбай “өткен шақ, келер шақ” шеңберінде салыстыру, қандай да бір әлеуметтік топтардың, институттардың, ұйымдардың оңтайлылығының дәрежесін және қалай сипаттайтынын түсіну;

 

- объективтілік категориялары (әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік даму, әлеуметтік процестер, әлеуметтік құбылыстар мен институттар), бұлар адам өмір сүретін және тіршілік ететін тарихи кезеңнің маңызы мен мазмұнын нақтылайды. Оларда бүкіл әлемге тән, бірақ нақты тарихи бет-бейнесіндегі негізгі өзгешеліктері мен ерекшеліктері көрініс табады. Бұл категориялардың көмегімен қоғамдық өмірдің қандай да бір нысандарының ықпал етуі, саяси билік нысандары, қоныстанудың тарихи қалыптасқан түрлері және т.б. сияқты процестерді сипаттауға, талдауға болады;

 

- субъективтілік категориялары (сана, жеке тұлға, таптар, страттар), бұлар қоғам өміріндегі белсенді, шығармашылық, мүдделі бастаманы сипаттайды. Олар өздерінің мәселе қоюды пайдаланған кезде жедел шешуді талап ететін ең жалпы бағдарларды қамтиды, өйткені ең жалпы түрде пайдалану тек қана бағдарлық нәтиже береді;

 

- өзгерістер категориялары (басқару, реттеу, әлеуметтендіру, жаңарту, қақтығыс), бұлар түрлендірулердің механизмін, бағыттылығын, жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерін сипаттайды. Бұл категориялар қоршаған әлемді құлпыртуға жасампаздықпен атсалысуды көрсетеді, ол болжам, көрегендік, бағдарлама жасау, әлеуметтік эксперимент, әлеуметтік ұйымдастырулар сияқты әмбебап әдістерді қолдануда көрініс табады. ...