Реферат: Социологиялық зерттеулердің түрлері, бағыттары мен әдістері


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
35

Жоспар

1 Социологиялық зерттеулерді жіктеу. 3

3 Сандық және сапалық әдістер: бәсекелестік пен серіктестік. 13

4 Формализмге негізделген сұрау. 20

5 Формализмге негізделмеген сұхбат. 28

6 Фокус-топ. 30

7 Бақылау. 32

8 Социологиялық және маркетингтік ақпарат жинаудың халықаралық ережелері 34

 

 

4 Формализмге негізделген сұрау

 

...Социологиялық қауымдастықтан тыс әдістердің ішінен сұрау ең белгілі болып табылады. Көптеген адамдардың ойынша, социолог - бұл қоғамдық пікірге сұрау жүргізетін адам.

 

Алайда мұның барлығы сұрау әдісінің белгілі шектеулігі бар екендігін естен шығармау тиіс. Бұл жерде эмпирикалық социологиялық және маркетингтік мәліметтер алу үшін үш негізгі қайнар көзі бар екенін назарға алу қажет. Олар мыналар:

 

- деректік көздер;

 

- адамдардың жүріс-тұрысында, анық әлеуметтік жағдайларда әлеуметтік процестердің сыртқы көріністері;

 

- адамдардың өздері (олардың сөздері, пікірлері, бағалаулары).

 

Бірінші қайнар көзіне құжаттар талдау әдісі сәйкес келеді, екіншісі бақылау әдісі арқылы жақсы “сезіледі”. Сұрау үшінші типтегі ақпарат алу үшін қолданылады. Сөйтіп, әлеуметтік шындықтың зерттелетін аясы статистикалық және деректік ақпаратпен қамтамасыз етілуі неғұрлым әлсіз болып, зерттелетін құбылыстар тура бақылауға қолайсыз болған сайын, зерттеуде сұрау әдісінің рөлі мен маңызы соғұрлым арта түседі.

 

Сұраудың нәтижесінде алынатын социологиялық ақпарат мұқият және сын көзбен қарауды талап етеді. Сұраудың нәтижелері қоғамдық сананың дәл бейнесі ретінде қабылданған кез болған (және ол өте күрделі күйінде, 19 ғасырдың ортасынан бастап 20 ғасырдың 50-жылдардың басына дейін ұзаққа созылды). Тек 20 ғасырдың 50-жылдары ғана респонденттің, сұхбат алушы мен зерттеушінің психологиялық күйлерімен ақпарат бұрмалау факторларын есепке алып, азайтуға мүмкіндік берген арнайы зерттеулер жүргізілді.

 

Сұраудың мәліметтеріне, сондай-ақ саяси, экономикалық және моральдық атмосфера, іріктеу сапасы, сұхбат алушының дайындық деңгейі және т.б. сөзсіз әсер етеді.

 

Сұрау кезінде қолданылатын әдістемелік тәсілдердің көбісі ақпаратты осы секілді әсерлерден барынша “тазартуға” бағдарланған.

 

Социологиялық және маркетингтік тәжірибеде сұрау түрлерінің тым тармақталған жіктелімі қалыптасқан. Ең алдымен, біз сұрауды сауалнама мен сұхбатқа бөлеміз. Бірінші әдіс респонденттің сұрақнаманы жазбаша толтыруын, екіншісі - сұрақнаманы сұхбат алушының респонденттің сөздерінен толтыруын білдіреді. Шынында, халықаралық деңгейде қабылданған ағылшын терминологиясын пайдалану кезінде мұндай бөлініс проблемаларға тудырады. Егер кеңестік дәстүр сауалнаманы жазбаша толтырылатын құжат ретінде “сұрақнамадан” немесе “сұхбат бланкісінен” бөлсе, ағылшын тілінде сауалнама да, сұрақнама да “questіonnaіre” деген бір терминмен белгіленеді. Сондықтан сауалнама жүргізу емес, өзі толтырылатын сұрақнама (selfіng questіonnaіre) турасында айтылады. Дегенмен де, қолайлы болу үшін отандық әдебиетте қалыптасып қалған “сауалнама жүргізу” терминін пайдаланатын боламыз.

 

Сауалнамашының (социологиялық қызмет қызметкерінің) қатысуымен сауалнама жүргізу кеңестік қолданбалы социологияда кеңінен таралған әдіс болатын. Ол, әдетте, топта жүргізілетін.

 

Қазіргі социологиялық және маркетингтік зерттеу тәжірибесінде бұл әдіс іс жүзінде негізгі болып қолданылмайды (оның себептері төменде түсіндіріледі). Сонымен бірге, өзі толтырылатын сауалнамалар қосымша әдіс ретінде кеңінен қолдана береді. Мысалы, кішігірім сауалнамаларды фокус-топтың қатысушылары, терең сұхбат респонденттері толтырады.

 

Әлеуметтік және маркетингтік ақпарат жинау әдістері қатарында пошталық және баспасөздік сұраулар едәуір маңызды орын алуда. Бірінші жағдайда, сауалнама пошта арқылы жіберіледі, екіншісінде - бұқаралық ақпарат құралдарымен жарияланады. ...

 

7 Бақылау

 

 

Социологиялық бақылау өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, сол сияқты сапалық, кейде екеуінің бір жиынтығында ақпарат береді. Ақпарат жинау процестер мен құбылыстарды визуалды және есту арқылы қабылдауға негізделген. Бақылаудың ерекше белгісі оны әдетте басқа әдістермен бір жиынтықта пайдалану болып табылады.

 

Бақылауды әдетте, рәсімнің формализмге негізделу деңгейі, бақылаушының орны, ұйымдастыру жағдайлары, жүргізудің жүйелілігі бойынша жіктейді. Бірінші негіздеме бойынша бақылау стандартты және стандартты емес болып бөлінеді. Стандартты бақылауды арнайы жоспар бойынша зерттелетін объектінің алдын ала анықталған элементтерінің тіркелуін білдіреді. Стандартты емес әдістемеде мұндай жоспар жоқ, зерттеу мақсаттары үшін маңызды жәйлар бақылау процесінің өзінде айқындалады.

 

Бақылаушының зерттеу объектісіне қатысты  жағдайына орай бақылау енгізілмеген және енгізілген (қатысушы) болуы мүмкін. Енгізілмеген бақылау кезінде зерттеуші зерттелетін объектіден тыс тұрады. Ол оқиға барысына енгізілмейді және сұрақтар қоймайды. Енгізілген бақылауда зертттеуші бақыланушылармен тікелей байланыста болады, олардың іс-әрекетіне қатысады. Енгізілген бақылау өз кезегінде жасырын (жариялы емес, құпиялы) және ашық болып бөлінеді. ...