Доклад/Баяндама: Социологиялық зерттеулерді жіктеу


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
5

... Қоғамдық пікірді зерттеу өз алдына дербес ғылыми-қолданбалы салаға айналды. Қоғамдық пікірді сұрау қазіргі заманғы қоғамдардың міндетті атрибутына, ал оларға қатынас - саяси мәдениет пен демократия деңгейінің маңызды көрсеткішіне айналды.

 

Социологиялық зерттеулермен бірге жалпы объект - адамның белгілі бір әлеуметтік бірліктің өкілі ретіндегі жүріс-тұрысы - маркетингтік зерттеулерге ие. Адамдардың пікірлері, көңіл-күйлері, үміттері, қажеттіліктері, талғамдары, ұнатулары - мұнын барлығын кез келген әлеуметтік бағытталған іс-әрекеттің табысы үшін білу қажет. Нарық - бұл индивидтердің жүріс-тұрыстары әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілген өзіне тән қоғамдық орта. Екіншіден, идея, саяси бағдарлама - ол да өзгеше бір тауар, ал рухани өндірістің өнімдері, материалдық өндірістің өнімдері сияқты жүзеге асырылуының өз жолдарына ие болуы қажет.

 

Сонымен, адамдардың тауарлар мен қызмет көрсету нарығындағы жүріс-тұрысы олардың әлеуметтік жүріс-тұрысының бір бөлігі болып табылады. Эмпирикалық социологиялық және маркетингтік зерттеулердің жалпы әдістемелік, технологиялық және ұйымдастырушылық базасы осымен анықталады.

 

Социологиялық зерттеулерсіз қазіргі заманғы менеджмент мүмкін емес. Шынында, менеджмент - бұл социология мен гуманизмге негізделген басқару. Еңбек ұжымдарындағы қарым-қатынастар, басқарудың тиімділігі, ұйымдар мен фирмалардың сыртқы ортасы, олардың имиджі - мұның барлығы социологиялық әдістердің көмегімен зерттелінеді.

 

Социологиялық ақпарат макроэкономикада да қажет. Әсіресе ол әлеуметтік қолдау, әлеуметтік механизм мен экономикалық реформалардың әлеуметтік салдары мәселелеріне қатысты.  ...