Реферат: Социология ғылымы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
27

Жоспар

1 Социологияның объектісі мен пәні 3

2 Социологиялық білімнің құрылымы.. 15

3 Социологияның функциялары.. 22

Пайдаланылған әдебитеттер тізімі 27

 

 

2 Социологиялық білімнің құрылымы

 

 

Социологияның ғылым ретінде айтарлықтай күрделі, көп деңгейлі құрылымы бар. Кез келген ғылымдағыдай оның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады [12]:

 

Бірінші құрамдас бөлігі - білім - өзіне әдістемелік және дүниетанымдық принциптерді; жалпы, арнайы және салалық теорияларды, іргелі және қолданбалы теорияларды; социология пәні туралы ілімді, әдістер, оларды жасау және қолдану туралы білімді; социологиялық білімнің нысандары, тұрпаттары мен деңгейлері туралы ілімді, арнайы түзілген жіктелімдерді немесе типологияларды; тұжырымдамалық үлгілер мен болжамдарды қамтиды.

 

Екінші құрамдас бөлігі - білім алу құралдары - бұл жеке әдістер мен социологиялық зерттеулердің өзі.

 

Білімнің деңгейіне қарай социология теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді.

 

Ғылыми танымдағы теориялық пен эмпирикалықтың арақатынасының проблемасы екі қырын қамтиды: функционалдық және генетикалық.

 

Функционалдық қыры ғылымның дамыған теориялық аппараты мен оның эмпирикалық базисінің арақатынасына қатысты. Мәселені мұндай қырынан алып қарау теорияның аппараты мен бақылаулардың және эксперименттердің мәліметтері арасындағы байланыстырушы буындарды табуды, теориялық ережелерді эмпирикалық тексеру әдістерін анықтауды көздейді, ол ғылыми білімнің теориялық деңгейі қалыптасқан және мәселе оның эмпирикалық деңгеймен арақатынасын негіздеу туралы болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте теорияның эмпириямен “кері байланысы” ғылымның өзінің теориялық аппаратының одан әрі жетілуі мен дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналады.

 

Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық білімнің арақатынасы проблемасының генетикалық қыры теориялық аппаратты, оның ішінде ғылыми теорияны қалыптастыруға, ғылымның эмпирикалық сатысынан оның теориялық сатысына көшуіне қатысты. ...