Доклад/Баяндама: Саяси социология 2


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
3

 

 

... Макросоциологиялық деңгей өз назарын ірі көлемді саяси құбылыстар мен процестерге, саяси құрылымдар мен саяси институттарға шоғырландырады және жалпы ғылыми, жалпы социологиялық әдістерді (диалектиканың, құрылымдық функционализмнің жүйелі амалы, т.б.) қолдануымен ерекшеленеді.

 

Микросоциологиялық деңгей эмпирикалық зерттеулерге арқа сүйеуші күнделікті саяси өмірге, индивидтер мен топтардың саяси жүріс-тұрысына бихевеоризм, этнометодология, әлеуметтік айырбас және т.б. тұрғысынан бет бұруды меңзейді.

 

Саясаттың негізгі сәті ретінде, таптар ұлттық қоғамда, басқа да әлеуметтік топтар мен мемлекеттер арасындағы саяси билігі бойынша қатынастар алға шығады. Бұл қатынастар нақтылы құбылыс ретінде саясаттың негізгі мазмұнын құрайды және оның айналасында қоғамда  болып жататын саяси процестердің өзге де элементтері топтасып, дамиды және бірін-бірі ауыстырады.

 

“Саясат” әлеуметтік субъектілер арасындағы саяси билік бойынша қатынастарды бейнелейді. Осыған байланысты қоғамның нақтылы саяси өмірін зерттейтін саяси социология саяси қатынастар социологиясы ретінде көрініс береді, оның көлеңкесі арқылы саяси құбылыстардың байланыстары мен өзара әрекеттесулерінің алуын түрлілігі қарастырылады.

 

“Саяси социология”, “саяси қатынастар социлогиясы” және “саясат социологясы” ұғымдарының өзара айырмашылықтары бар. Соңғысы социологиялық білім саласының мәртебесін анықтау үшін аса кең ұғым болып табылады. Бұл жәйт саясаттың қоғамның өмір сүру саласының барлық саласына, мысалы экономика саласына қатыса алуымен байланысты. Бұл жерде “саяси социология” ұғымын пайдаланған дұрыс деп есептелінеді, өйткені мұндай жағдайда социологиялық білім тек саяси салаға қатысты болады. ...