Доклад/Баяндама: Огюст Конт - франциялық философ. Позитивизмның атасы. Социологияның бастаушысы сияқты дербес ғылымның


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
19

Огюст Конт (August Conte) (1798 - 1857) - француз философы, социологы, ғылым методологы, социологияның ғылым ретінде негізін салушы, философиядағы позитивтік мектебін құрушылардың бірі.

 

1798 жылы 19 қаңтарда Монпелье қаласында, католиктік және монархтық қатаң тәртіп үстем болған қаржы шенеунігінің отбасында дүниеге келді. 1814 жылдан бастап Париж политехникалық мектебінде алған білімі оны жаратылыстану ғылымдары бағытында дүниетаным жолына түсірді. 1816 жылы үкімет мектепті жауып тастады, ендігі жерде Конт күн көру мақсатында математикадан ақылы сабақ беруге мәжбүр болды. 1818 жылы ол Сен-Симонмен жақын танысып, хатшы қызметін атқарған белгілі тарихшы Огюстен Тьерридің орнына жұмысқа тұрады. Жеті жыл бойы осы қызметті атқарған Конт өз ұстазының көптеген идеяларын қабылдайды. 1826 жылы Конт философиядан үйде ақылы дәрістер оқуға кіріседі. 1830 - 1842 жылдары ол үлкен жобаны жүзеге асырады: “Позитивті философия курсы” атты 6-томдық басылымын шығарады. 40-жылдардың екінші жартысында интеллектуалды сабақтардан басқа уағыздық және тәжірибелік ұйымдастыру қызметіне кірісіп, позитивизмді сынап, діни және моральдік ілімді насихаттайды. 1847 жылы ол Адамзат дінін жариялап, 1848 жылы позитивтік қоғам құрады. Өмірінің соңғы жылдарында Конт жаңа діни ілім мен табынуды жүзеге асырумен шұғылданып, өзін Адамзат дінінің бірінші дінбасы деп жариялады. 1857 жылдың 5 қыркүйегінде Конт өзі шәкірттерінің алдында дүниеден өтті.

 

Адамзат тарихында Конт бірнеше тамаша афоризмдердің авторы болып қалды, олар мыналар: “Тәртіп және прогресс”, “Болжай алу үшін білуің керек, бір нәрсе істеу үшін болжай алуың керек”, “Бір нәрсе істеу үшін білуің керек, іс-әрекет жасау үшін ойлау керек”, “Басқалар үшін өмір сүру”, “Жарық күнде өмір сүру”, “Махаббат принцип сияқты, тәртіп негіз сияқты, прогресс мақсат сияқты болсын”, “Біз алмастыратын нәрсені ғана қиратамыз”. ...