Реферат: Карл Маркс - коммунистік және социалистік қозғалыстың және рауаяттың негіздеушісі, "марксизм" деген атау


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
12

... Марксизмнің көптеген сыншылары бұл үлгіні экономикалық детерминизмнің көрінісі деп есептейді. Шынында да, бұл көзқарастың кейбір жақтаушылары детерминистік позицияны ұстанған болатын. Алайда Маркс пен Энгельстің өздері бұл доктринаны ешқашан ұстанбағанын айта кету керек. Біріншіден, олар қондырманың көптеген элементтері базистен салыстырмалы түрде автономды болып, өзінің жеке даму заңдарына ие болады деп түсінген. Екіншіден, олар қондырманың базиспен жай ғана байланысып қоймай, қондырманың базиске ықпалын байқайды. Маркс қайтыс болған соң Энгельс қондырма қатынастардың ерекше орны мен олардың базиске ықпал етуіне байланысты бірнеше еңбектер жазады (бұл еңбектер хаттар түрінде жазылғандықтан, “Ф.Энгельстің 90-жылдардағы хаттары” деген ортақ атаумен жарық көреді). Кейінгі марксшілдер экономикалық детерминизмнен алшақтай түсіп, қондырма элементтері базистің өмір сүру шарты ретінде қарастырылуы тиіс деп есептеді - бұл көзқарас базисті басымдығынан айырып, барлық институттарға бірдей күш беруі деп бағаланады.

 

Марксті жұрттың бәрі социолог ретінде мойындамайтынын айта кету қажет. Негізінен оны экономист деп есептейді. Олай ойлаудың жөні бар, өйткені марксизм көбінесе “буржуазиялық саяси экономияны сынау” негізінде қалыптасты. Бүгін де “саяси экономия” түсінігі марксизмнің негізгі категориясы ретінде, тіпті синонимі ретінде жиі қолданылады. Дегенмен біз Марксті оның зерттеулерінде негізгі объекті экономика ғана емес, экономикалық материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және тұтыну ретінде көрсететін әлеуметтік қатынастар болғандықтан оны социолог деп атай аламыз. Оған дәлел ретінде атақты “Капитал” еңбегін айтуға болады. ...