Доклад/Баяндама: Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
5

... Ереже бойынша, әлеуметтік жанжалдың күрделілігі, адамдардың жоғары эмоционалды жағдайында; жергілікті жанжалдардың жиілігінен; кінәліні іздеу және адамдар девиациясында орын алуымен көрініс береді. Адамдардың қанағаттанбаушылығының көріну формасы, әсіресе өнеркәсіпті жанжалда мынадай болуы мүмкін:

 

а) бірнеше адамның сұхбаттары (сыбырлау), “асханалық сұхбат” деп аталады;

 

b) өндірістік жиналыстар мен мәжілістерде белгілі бір талаптармен сөз сөйлеу;

 

c) бірнеше адамның жұмыстан тіпті қыр көрсетіп кетуі;

 

d) саботаж (тапсырманың ұжым бойынша орындалмауы);

 

e) ұжымдық аштық жариялау;

 

f) демонстрация және митинг;

 

g) бүлікшілік (құрал жабдықтарды, ғимараттарды бұзу, өртеу және деликвентті сипаттағы басқа қылықтар);

 

h) ереуіл.

 

Әдетте әлеуметтік жанжал төрт сатыға бөлінеді:

 

1) алдынғы жанжалды;

 

2) жанжалды;

 

3) жанжалды шешу сатысы;

 

4) жанжалдан кейінгі жағдай.

 

Олардың әрқайсысы кезеңге бөліне алады. Кез келген сатыны немесе кезеңді жанжал динамикасының белгілі бір кезеңі ретінде қарастырған жөн. Мысалы, бірінші алдыңғы жанжал сатысы екі кезеңге бөлінген болуы мүмкін. Бірінші кезең жанжал субъектілерінің күрделі қайшылықтарының пайда болуына байланысты тұлғааралық және топтық қатынастар жүйесіндегі қайшылықтардың ушығуымен және жинақталуымен сипатталады. Бұл кезеңді латентті (жасырын) деп қабылдау керек. ...