Курсовая работа: Банктің несиелік саясаты


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
30

Мазмұны

 

Кіріспе. 2

1. Факторингтік операциялардың мазмұны мен түсінігі және түрлері 4

1.1. Факторинг туралы түсінік. 4

1.2. Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары.. 6

1.3. Банктің факторингтік операцияларының (қызметтерінің) мазмұны.. 11

2. Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау. 14

2.1 Қазақстан Республикасында факторингті ұйымдастыру жүйесі 14

2.2. Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау және бағалау  17

3. ҚР банктерінің несиелік саясатын жетілдіру жолдары.. 23

Қорытынды.. 28

Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

 

Кіріспе.

 

...

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрі дамыту, оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін арттыру жаңа қаржылық құралдар мен операцияларды енгізуді көздейді, олардың қатарына факторингті де жатқызу керек.

Қазақстанда факторингтің қаржы тәуекелдерін басқару, факторингтік операцияларды реттеу, факторингтік операцияларды жүргізудің дұрыс және уақтылы процедуралары жүзеге асырылатын жеткілікті дәрежеде орнықты рыногының әзірше қалыптаса қоймағанын ескерсек, осы үдерістердің барлығын жүйелі түрде зерттеу барынша өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстанда факторингтік операцияларды жүзеге асыру. Осы мәселені алға қойып, талқылау. Яғни екінші деңгейлі банктердің жаңа дамып келе жатқан операциясы факторингтік операцияларды қарастырып, оның тиімділігі мен тетігіне тоқталып кету.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін курстық жұмыс өз алдына келесідей міндеттер қойып отыр:

-       факторингтің экономикалық экономикалық негіздерін қарастыру;

-       факторингтік операцияларды ұйымдастыру және бағалау әдістемесімен таныс болу;

-       қазіргі таңдағы Қазақстанда факторингтік қатынастарды дамыту мәселелерін қарастыру.

Зерттеу пәні ретінде Қазақстанның факторингтік операциялар рыногын қалыптастыру мен дамыту процесінде қалыптасатын ұйымдық-экономикалық қатынастар әрекет етеді

Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі

банктердің факторингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі жатады.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі отандық және шетелдік ғалымдардың қазақстандық факторинг рыногының әрекет ету және даму заңдылықтарын, мемлекеттің экономикалық саясатының ақша-несиелік аспектілерін ашатын еңбектері болды.

 

...

 

1. Факторингтік операциялардың мазмұны мен түсінігі және түрлері

 

1.1. Факторинг туралы түсінік.

 

...

Факторинг – жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.

Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктің кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісімшартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.

Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.

Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

1. Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) - өздерінің клинеттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме;

2. Клинет (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) - факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы;

3.    Кәсіпорын (қарыз алушы) - тауарды сатып алушы - фирма.

(Факторинг мәмілесін ұйымдастыру 1-суретте көрсетілген)

Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі бір-екі апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егерде кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2-3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.

 

 

1-сурет. Факторингті  ұйымдастыру сызбасы

 

...

 

1.2. Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары

 

...

Факторингтік операциялардың төмендегілер бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:

  • Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;
  • Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
  • Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәспорынден мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
  • Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелерінің міндеттемелері бойынша.

Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді.

 

 Сурет 2. Факторингтік операцияларды жүзеге асыру

...

1.3. Банктің факторингтік операцияларының (қызметтерінің) мазмұны

 

...

Фактор-банктің қызметі құны негізінде екі элементтен құралатын комиссиялық сыйақысы жатады:

1) Қызмет көрсеткені үшін комиссиялық ақы. Комиссия клиентті өзінің күшімен есеп жүргізу қажеттігінен босатқаны үшін, күмәнді қарыздан сақтандырғаны және есепшот фактура сомасынан анықталған пайыз ретінде есептеледі. Ақы төлеу көлемі жеткізуші қызметінің ауқымына қарай және оның контрагентілерінің үміттілігіне, ал сондай-ақ сатып алушылардан қаржыларды алудың қиындығы мен төлемақы төлемеудің тәуекел деңгейін банктің сараптама бағасына қарай өзгеруі мүмкін;

2) Кредитке қаржы ұсынғаны үшін төлемақы. Оның көлемі ақы төлеушіден төлемақы түсу уақыты мен банкіден қаржыны алу арасындағы кезеңде жеткізушінің есепшотындағы күнделікті дебеттік сальдоның негізінде анықталады. Бұндай кредит үшін пайыз әдетте стандартты қысқа мерзімді кредиттердің пайыздарынан жоғары болғандықтан, банктің тәуекелі мен қосымша шығындарды өтемақыландыруға мүмкіндік береді.

Факторингілік операциялар жүргізу үшін банк сомаларды (лимиттерді) шектеуді бекітеді:

  • Кредиттеу. Әрбір ақы төлеуші үшін банк жауап беретін шекте кезең сайын жаңартылған кредиттеу лимиті бекітіледі. Ақы төлеуші лимитін жоғарылатқан жағдайда банк оған барлық қосымша (лимиттен жоғары) шоттарды қайтарып беруге құқықты, ал ақы төлеушінің төлемақы қабілеті болмағанда барлық төлемақылар оның пайдасына банкіге сәйкесті қарыздарды толық жапқанға дейін түседі;
  • Жөнелтілімдер. Бір төлемақы төлеушінің мекен-жайына бір ай бойына қанша өнім жөнелтілетініне сома бекітіледі. Лимит басқа да уақытты (апта, тоқсан) бекітілуі мүмкін;
  • Ø Жеке мәмілелерді сақтандыру. Сақтандыру егер жеткізуші сериялар емес, ал ірі сомаға жеке мәмілелер болжағанда пайдаланылады. Анықталған уақыт бойына тауарды жеткізуге белгіленген барлық сұраныс сомасы шектік болып табылады.

Факторинг бойынша міндеттемелерді келісімшарттық рәсімдеу банкіден жоғары мұқияттылықты талап етеді. Келісімшартта әдетте тараптардың міндеттемелері мынандай тармақтардан тұрады.

Банк тарапынан:

- оған қарыздық талаптарға берлігендерді өз уақытында төлеу;

- клиентке ақы төлеушімен есеп айырысу жағдайы немесе ақы төлеушінің уақытша қиындықтарының пайда болу мүмкіндігі туралы уақытылы ақпараттандыру.

Жеткізуші тарапынан:

- банкіге тауарларды (қызмет көрсету) жеткізу туралы, оның ішінде клиенттің тауарды (қызметтерді) қабылдап алғанын ұсынатын барлық құжаттамаларды ұсыну;

- сатып алушылармен барлық дауларды өз уақытында және толық реттеу;

- банктің факторингтік операцияларының дәрежесін өзгертуі мүмкін, ақы төлеушілермен өтетін қолайсыз жағдайлар туралы мәліметтерді банкке ұсыну;

- қажет болған жағдайда банкпен арбитраждық сотта істі қарауға қатынасу.

..

 

2. Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау

 

2.1 Қазақстан Республикасында факторингті ұйымдастыру жүйесі

 

...

    Қазақстандық қаржы-банк жүйесі және несиелік, банктік операцияларды реттейтін және бақылайтын қаржы органдары үшін факторингтің және факторингтік операциялардың сәйкес түрлерін таңдау бойынша позицияларын қайта қарау қажеттілігі туды, ол үшін факторингтік компаниялар құру өте маңызды.

Нарықтық экономикасы және қаржылық инфрақұрылымы дамыған елдерде факторинг компаниялары немесе осындай қызметпен айналысатын коммерциялық банктер өз клиенттеріне қаржылық қызмет көрсетулердің алуан түрлі жиынтығын ұсынады және мұны клиенттердің өз ақшалай талаптарын беруі ретінде қарастырады. Факторинг мынадай негізгі қызметтерге ие:

– сәйкес бухгалтерлік операцияларды жүргізу

–       ұсынылған коммерциялық несиені, төлемдерді алуды қосқанда, қадағалау

– несие тәуекелдерінен қорғау

– клиенттің ағымдағы жұмысын қаржыландыру.

ЕО елдеріндегі факторинг және факторингтік операциялардың даму тәжірибесі, атап айтсақ Германия мен Ұлыбританияның факторинг және факторингтік операциялардың даму тәжірибесі қазақстандық факторингтік нарығына, әсіресе мемлекеттік реттеу және арнайы факторингтік компанияларын құру тұрғысынан алғанда, толығымен сай келеді. Мысалы, Қазақстан үшін мемлекеттік факторингтік реттеудің Австрия, Франция, Греция, Италия, Испания елдерінде қолданатын нұсқалары мүмкін болады және спецификалық ерекшелікке ие. Бұл елдерде факторинг тікелей арнайы заң көмегімен, мемлекетпен немесе банктік заңнама шегінде реттеліп отырады.

Сонымен қатар, келесі қаржылық өнімдердің, атап айтқанда реверсивтік факторингтің, интернет шешім және Қазақстан банктеріндегі электронды факторингтің, факторингтік қызметті белсенді жүзеге асыруда өсу потенциалы өте жоғары.

Қазіргі кезде қазақстандық банктік тәжірибеде факторинг қалыпты дебиторлық қарызды емес, тек мерзімі өтіп кеткен қарызды ғана бір реттік беру, төлеушіге төлем несиесі деп аталатынның баламасын ұсыну болып қалып отыр. Мұндай тәжірибе төлемнің дер кезінде жүргізілуі тұрғысынан алдын ала күмәнді төлем талаптарын сатып алатын, факторингтің жеткізушіні оның төлем талаптарының дер кезінде төленбеуі тәуекелінен сақтандыру,  мұндай талаптарды алдын ала төлеу ретінде несиелеу, сондай-ақ жеткізілген тауарларға және жеткізушінің дебиторлық қарыздарына есеп жүргізу секілді маңызды элементтерін ескермеген және пайдаланбаған банктердің тәуекелдерін недәуір арттырады, нәтижесінде банк мекемелерінің тәуекелдері күрт өсті, себебі мерзімі өтіп кеткен жеткізушіге берілетін қарыз банкке берілетін мерзімі өтіп кеткен қарызға айналады, айналымды баяулатады, демек оның ақша құралдарын пайдалану тиімділігін төмендетеді.

Қазақстанда факторингті ұйымдастырудың өзіндік спецификалық сызбасы бар. Ол 2-суретте көрсетілген.

 

...

 

2.2. Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау және бағалау

 

...

«ТұранӘлем Банк» АҚ Қазақстандағы ең жетекші банктердің бірі республикамыздағы қаржылық лизингті дамытудың қажеттіліктерін ескере отырып, еншілес «БТА Лизинг» АҚ компаниясын құрған болатын. Компания қазіргі кезде қаржы нарығында табысты қызмет көрсетуде және өзін сенімді әрі кәсіпқой әріптес ретінде дәлелдеп берді.

Қазіргі кезде компания меншікті капиталының көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі лизингтік компаниялардың бірі және Еуропа қайта құру және даму банкінен несие желісін алған және банктік кепілдемесіз ұзақ мерзімді несие тартқан жалғыз компания болып табылады. Бұл, өз кезегінде, «БТА ORIX Лизинг» АҚ компаниясына деген жоғары сенімді көрсететіні белгілі. «БТА ORIX Лизинг» компаниясы бүгінде экономиканың келесідей салаларында белсенді жұмыс атқарады және мұндағы өзінің қызметін ұлғайта бермек: көлік саласы; құрылыс; ауыл шаруашылығы; медицина; тамақ өнеркәсібі; машина құрылысы; химия өнеркәсібі; өңдеу өнеркәсібі. Компанияның қызметі ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды орнатуға және дамытуға бағытталған. «БТА ORIX Лизинг» компаниясының экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарға ұсынатын факторингтік қызметінің негізгі шарттары мынадай:

 

 1 кесте – «БТА ORIX Лизинг» АҚ факторингтік қызметінің негізгі шарттары

...

 

3. ҚР банктерінің несиелік саясатын жетілдіру жолдары

...

Қазіргі жағдайларда көрсетілетін банктік қызметтердің сапасына, сондай-ақ жалпы банк жүйесінің тұрақтылығы мен пайдалылығын қолдаумен байланысты бизнес-үдерістердің оңтайландыруға баса көңіл бөлінуде. Әр алуан банктік операцияларды жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау мен оларды төмендетуге байланысты мәселелердің маңызы жоғары болып отыр. Бұл мәселелердің көкейтестілігі, сондай-ақ, банктердің тәуекелдерді соңғы тасушылар болып табылатындығына да байланысты, бұл Қазақстандағы несие тәуекелдерін сақтандыру рыноктарының жете дамымағандығына да байланысты.

Несие ұйымында банктік тәуекелдерді талдауға, бақылауға және алдын алуға жауап беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімшелер құру банктер үшін қалыпты жағдайға айналып келеді және ұйымды басқарудың балама саясатын сипаттайды.

Кез келген банктік операциялар жүргізу кезіндегі секілді, факторингтік операциялар жүргізу де тәуекелдермен байланысты. Бұл операцияның қазақстандық банк жүйесі үшін біршама жаңа болып табылатындығына байланысты, мамандардың сол операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді бағалау бойынша әдістемесі мен қажетті құралдары түбегейлі қалыптаса қоймаған. Факторинг несиемен және басқа ұқсас банктік өнімдермен салыстырғанда тәуекелі недәуір жоғары банк өнімі деп есептеу қалыптасқан (мұның кепілсіз қаржыландыру екендігіне байланысты). Факторингтік операциялардың спецификалық ерекшеліктерін талдай отырып, біз факторингтік операциялар банк өнімдерінің басқа түрлеріне тән емес тәуекелдер жиынтығына ие деген қорытындыға келдік.

Тәуекелдер сыртқы да (барлық банктік операциялар үшін ортақ) және ішкі де (факторингтік қызметтер көрсетумен тікелей байланысты) болуы мүмкін.

Сыртқы тәуекелдерге валюталық, пайыздық, елдік, саяси тәуекелдер жатады. Сыртқы тәуекелдер кез келген қызмет түріне тән, ал олардың тізім көлемі қандай да бір қызмет жүзеге асырылатын нақты жағдайларға байланысты. Мысалы, елдік тәуекел мәміленің бір немесе бірнеше қатысушысы бір елдік шегінен тысқарыда орналасқан сыртқы экономикалық қызметке тән. Валюталық тәуекел жеткізушілермен немесе сатып алушылармен есеп ұлттық валютада немесе қолдағы міндеттемелер валютасынан өзге валютамен жүргізілгенде пайда болады. Саяси тәуекелдер экспорттық шартты орындаудың немесе есеп жүргізудің сатушының немесе сатып алушының елінде саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты мүмкін еместігімен байланысты .

 

...

 

Қорытынды

 

...

5. Қазақстандық факторинг нарығының сатылық дамуын кешенді талдау оны одан әрі табысты дамыту үшін ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді. Біріншіден, факторингтік операциялардың стратегиясын және клиенттерді таңдаудың ақылға сыйымды критерийлерін әзірлеу қажет. Екіншіден, факторингтің дамуымен байланысты жағдайлардың көкейтестілігі Қазақстанның қазіргі таңда шетелден үлкен көлемде қарыз алуды қажет етпейтіндігінде болып отыр. Отандық қаржы нарығындағы ресурстардың шектен тыс артықтығы қарыз алу саясатын сыртқы рыноктан ішкі рынокқа қайта бағдарлау қажеттігін талап етеді.

6. Факторингті енгізу жөніндегі маңызды кедергілерді жою Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріне факторингтік қызмет көрсетудің әр алуан нұсқаларын төлемдерді ұйымдастыру кезіндегі қаржы тәуекелдерін жоюды және төмендетуді жақсарту жүйесі ретінде пайдалану мүмкіндігін береді. Тәжірибелік дағды жинақтауларына қарай банктердің факторинг бөлімдері немесе факторинг компаниялары өз клиенттеріне қызметтердің кең спектрін ұсына алады: толық бухгалтерлік қызмет көрсету, заңи кеңес беру, сақтандыру қызметін, ақпараттық қамсыздандыру, транспортық және жарнамалық қызметтер  көрсету.

7. Қазақстандық факторинг нарығын реттеуші қолданыстағы нормативтік-заң актілері несиелік операциялар бойынша жағдайды жақсарта алмайтын бюрократиялық процедуралар жүйесін толық сипаттайды. Қайтарымсыздық тәуекелі тексеру және талдау жұмыстарының орасан зор көлеміне тәуелсіз, бұл тәуекел, ең әуелі, жобаның орындалу процесіне байланысты.

8. Факторингтің дүниежүзілік және отандық тәжірибесінде факторингтің несиелік операциялардан айырым ерекшеліктері бар, ол біздің мынадай қорытындыға келуімізге мүмкіндік береді: факторинг – бұл таза қаржылық операция.

9. Факторингтік операциялар жүргізу кезіндегі тәуекелдерді бағалау міндеті әрқашан да тәуекел жағдайында бірқатар операцияларды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаумен (оңтайлы стратегияны таңдау) немесе операциялардың бірқатар параметрлерін таңдаумен, мысалы, пайыз қойылымдарын таңдаумен, немесе тәуекелдерді минимизациялауға мүмкіндік беретін құралдарды қолданумен байланысты.

10. Факторингтік операциялар жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару үдерісін жетілдіру Қазақстанның толыққанды қаржы нарығын қалыптастыруға арналған артықшылықтарды оңтайлы пайдалануына мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, қазақстандық факторинг нарығының дамуын талдау несие және қаржы рыноктарының осы сегментін дамытудың жеткілікті дәрежеде тиімді стратегиясы негізінен қалыптасты деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

 

...

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Банк ісі: С.Б. Мақыш. – Алматы: Жеті жарғы, 2009. – 552 бет.
  2. Қаржы, ақша айналысы және несие: Р.О.Смағұлова, Қ.Ә.Мәдіханова,            Ә.Қ. Тұсаева, Ж.Ш.Сатыбалдиева. – Алматы: Экономика, 2008. – 462 бет.
  3. Банк ісі: Лекциялар курсы: Н.Н.Хамитов. – Алматы: Экономика, 2006. – 216бет.
  4. Орысша қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі /     К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов. – Алматы: «LEM», 2001. – 344
  5. Банковское дело: учебник/ Под ред. Лаврушина О. И. – М.: Финансы и статистика, 1999.  – 401 с.
  6. Сейфуллин М. «Ақша – несие саясаты және қаржы жүйесінің тұрақтылығы», Егемен қазақстан газеті, 2007 – 15 қыркүйек
  7. Положение НБ РК  от 5.09.2002 года №456 «О пруденциальных нормативах».// Справочная правовая система «ЮРИСТ».
  8. Правила ведения документации по кредитованию банками второго уровня" от 16. 08. 1999 г. № 276
  9. ҚР банк және банк қызметі туралы Заңы, 1995.
  10. Морсман Э.М.. Кредитный департамент банка — М.: Альпина Бизнес Букс, 2004. — 47 с.
  11. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі.
  12. ҚР Статистика агенттігі.
  13. А.Мұхамеджанова «Нашар несие дамуға тұсау болып тұр», Айқын газеті,     2011 – 19 қаңтар.
  14. «Темірбанк» АҚ ресми сайты