Курсовая работа: Банктің несиелік саясатының теориялық негіздері - 1


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
34

Жоспар

 

Кіріспе. 3

1 Банктің несиелік саясатының теориялық негіздері 5

1.1 Несиелік саясат түсінігі, мәні және мазмұны.. 5

1.2 Коммерциялық  банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде несиелік саясаттың мақсаты және оны анықтайтын факторлар. 9

1.3 Несиелік саясатты оңтайландырудың принциптері мен критерийлері 12

2. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатының қызметін бағалау және талдау. 14

2.1 Қазақстандағы несиелік саясаттың ағымдағы жағдайына талдау. 14

2.2 «Темірбанк» АҚ мысалы негізінде 2009-2011 жылдар аралығындағы несие саясатын  талдау. 19

2.3  Банктің несие беру процесін ұйымдастыру тәртібі 22

3. ҚР банктерінің несиелік саясатын жетілдіру жолдары.. 27

Қорытынды.. 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі 35

 

 

Кіріспе

 

...

 

Курстық жұмыстың мақсаты – банктің несиелік саясатын әдістемелік-теориялық тұрғыда негіздей отырып, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын бағалап, талдау арқылы проблемалық несие беруді азайту жолдарын, несие тәуекелінің минималды деңгейін қамсыздандыру шараларын қарастырып, банктің несиелік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Көзделген мақсатқа жетуде курстық жұмыс міндеттері төмендегідей:

-    банктің несиелік саясаты түсініктерінің мәнін ашу, теориялық негіздеу, экономикадағы маңызын айқындау;

-    коммерциялық банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде несиелік саясаттың мақсаты және оны анықтайтын факторларын анықтау;

-    несиелік саясатты оңтайландырудың принциптері мен критерийлерін қарастыру;

-    Қазақстандағы банктердің несиелік саясатының ағымдық көрсеткіштеріне талдау жасай отырып, банк секторындағы өзекті мәселелерді анықтап, баға беру;

-    «Темірбанк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау және оның несиелендіру саясатындағы ерекшеліктеріне талдау жасау;

-    банктердегі несие беру процесін ұйымдастыру тәртібін қарастыру;

-    Қазақстандағы банк секторындағы несиелік саясатты жетілдіру жолдарын қарастыру.

Зерттеу пәні – коммерциялық банктердің несиелік саясаты аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар.

Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің несие нарығындағы қызметі.

Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің коммерциялық банктердің несиелік саясаты аясындағы қызметтерді дамытуда орын алатын негізгі мәселелер мен банктің несиелік саясатының теориялық тұрғыда экономикалық маңызын, ролін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Курстық жұмысты жазу барысында сүйенген негізгі теориялық ақпарат көздері – ҚР-ның заңдары, арнайы экономикалық сайттар, мерзімді басылымдар, отандық әдебиеттер, әдеби-статистикалық мәліметтер.

 

...

 

1 Банктің несиелік саясатының теориялық негіздері

 

1.1 Несиелік саясат түсінігі, мәні және мазмұны

 

...

    Несиелік саясат банктің стратегиясын оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

-     несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;

-     несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс – әрекеттерін;

-     сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалылығын;

-     ішкі бақылау қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы (әртараптанды-рудағы) іс – әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты  іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды [1].

Несиелік саясат – бұл жеке және қоғамдық мүдделерге сәйкес ссудалық капиталды орналастыратын кредитор ретінде банктің қызметі.

Несиелік саясаттың мақсаты қосымша ақша қаражаттарының түсуінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру бағытында банк қызметінің соңғы қорытындысын көрсетеді. Қайтару негізінде түскен бұл қаражаттар кәсіпорынның, ұйымның, басқа да заңды және жеке тұлғалардың өмірлік қызметін қамтамасыздандырады, өндірістік процестердің үздіксіздігіне жағдай жасау. Банк өзінің клиенттерінің болашақ серіктестестіктері болып, жаңа өнімдердің өндірісіне, жаңа және әрекет етуші ұйымдардың дамуына, жаңа өндіріспен аймақтардың, халық шаруашылығының салаларының дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаның дамуына көмектеседі.

 

...

 

1.2 Коммерциялық  банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде несиелік саясаттың мақсаты және оны анықтайтын факторлар.

 

...

Банк мақсатын анықтау үшін қажетті ресурс таңдау да маңызды. Мәселен, маркетинг саласы бойынша банк басшылары қабылдаған банк дамуының түпкілікті мақсаты банктің клиенттер мен әріптестерге қатысты   ұстанымын білдіреді. Сонымен бірге банк акционерлердің негізгі құндылығына және даму тәжірибесіне байланысты корпоративтік мәдениетке, банктің нарықтағы орны мен роліне, ресурстардың сипаты мен үлесіне, тәуекел дәрежесіне және т.б. айрықша ықылас бөледі.

Аталған жеке мақсаттарды келістіру нәтижесінде мүдделі тараптардың арасында уағдаластыққа  ымырашылдыққа қол жеткізу арқылы мақсаттарды үйлестірудің көп факторлы күрделі міндеті туындайды. Сондықтан коммерциялық банктің негізгі мақсаты -  кең мағынада қолданылатын оның дамуы. Коммерциялық кәсіпорынның экстенсивті дамуы  және интенсивті дамуы (сапалық сипаттамасы), яғни әрекет ету тиімділігінің артуы сондай-ақ, банктің әлеуметтік институт ретінде дамуы: акционерлердің, клиенттердің, банк қызметкерлерінің  мүддесін қамтамасыз  етуі тұрғысында және банктік қадағалау органдары жағынан дамуы сөз болады.

Банктің несие саясатын банк саясатының бір элементі ретінде қарастыра отырып несие саясатының мақсаты банктің жалпы стратегиялық мақсатымен органикалық байланыста болатыны атап өту орынды. Коммерциялық банктің           банк саясаты мен несие саясаты ортақ бір мақсатқа жұмылған – салымшылардың ақша қаражатынан пайда табу, сондай-ақ банктің орнықтылығымен пайдасының өсуіне кепілдік беретін қызмет түрін көбейту және көлемін ұлғайту бағытында банктің үздіксіз дамуы. Бұдан шығатыны: несие саясатының мақсаты тартылған қаржыны тиімді орналастыру үшін жағдай жасау, банк пайдасының өсімін қамтамасыз ету (несие операцияларының табысын көбейту және депозит операцияларының шығынын азайту, сондай-ақ сапасы төмен несие шығынын болдырмау.

Талдау нәтижесі бойынша мынадай қорытындыға келуге болады: коммерциялық банктің несиелік саясатының мақсаты мына мәселелерді біріктіреді:

 

...

 

1.3 Несиелік саясатты оңтайландырудың принциптері мен критерийлері

 

...

Жалпы жоғарыда аталған принциптерді сақтау банктің несиелік саясатының тиімділігін арттыру үшін маңызды шарт болып табылады.

Табыстылық принципі банк дамуының жекелеген уақыт бөлігінде орындалмауы да мүмкін немесе бүркемеленіп тұрады (мәселен, банктің тактикалық мақсаты жалпы мақсатпен сәйкес келмеген кезде).

Несие байланысын реттеу кезіндегі мүмкіндіктердің кешені несие саясатының оңтайлы нұсқасын алға қояды. Латынша optimus – неғұрлым қолайлы, неғұрлым сәйкес, ең үздік.

Осылайша, біздің ойымызша, коммерциялық банктің оңтайлы несиелік саясатын жалпылай алғанда банктің шығынын жауып, белгілі бір пайдасын таза табысын әкелетін саясат деп анықтауға болады. Сонымен бірге банк қызметінде табыстың немесе тіпті шығынның болмауы тиімсіз несиелік саясаттың нәтижесі сияқты қаралмауға тиіс. Банктің несиелік саясатын әзірлегенде стратегиялық және тактикалық мақсаттар есепке алынады. Шынында да банк қызметіндегі   және оның несиелік саясатындағы басымдық бағыттар банктің несие операцияларының пайдасын, сенімділігін, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болу қажет. Жалпы алғанда коммерциялық банктің несиелік саясатының дәл осы принциптерінің сақталуы тиімді және оңтайлы несиелік саясаттың критериі болып саналады.

Теориялық тұрғыдан келгенде оңтайлы несиелік саясатын статикалық және динамикалық  оптимум деп бөлуге болады. Статикалық оптимум  банк дамуының деңгейін, жүргізілетін операциялар мен қызмет санын, банктің еңбек, материалдық, қаржылық ресурсын  анықтайды. Ал динамикалық – мүмкін болатын өзгерістерді ескере отырып, осы параметрлерді болашақ жоспарда әзірлейді. Статикалық оптимум әдетте есеп балансы бойынша анықталады, өткен кезеңдегі қаржы мен инвестиция көздерінің құрылымы пропорциясы туралы қажетті ақпарат алады. Алайда озық нұсқа таңдау үшін бұл жеткіліксіз, өйткені есеп балансында бұған балама жоқ. Сол себепті экономиканың кез келген субьектісінің, банктердің қызметінің негізі болып табылатын жоспарлы құжаттар (бизнес-жоспар, маркетинг жоспары, несие саясатының жоспарлы құжаты) әзірлеу қажет.

Әрбір банк өзінің несиелік саясатын құруда немесе оны жүзеге асыру барысында несиелік саясатты оңтайландыру принциптерін орындаған жөн. Себебі жүйелі, тиімді, ғылымға негізделген, элементтері бір-бірімен  байланысқан несиелік саясат банктің неғұрлым жоғары табыстылығын қамтамасыз етеді.

Сонымен, қорыта айтқанда, әрбір коммерциялық банк барынша өз пайдалылықтарын арттыру үшін тиімді әрі дұрыс ұйымдастырылған несие саясатын жүргізу керек. Яғни, динамикалық және статикалық оңтайландыру тұрғысынан алғанда банк өзінің даму деңгейін айқындау үшін қаржылық, материалдық, еңбек ресурстарын толық анықтап, мүмкін болатын өзгерістерге сәйкес банк жоспарын әзірлеу қажет. Осы жоспарға сәйкес банк өз міндеттерін жүзеге асыра береді.

 

...

 

2. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатының қызметін бағалау және талдау.

 

2.1 Қазақстандағы несиелік саясаттың ағымдағы жағдайына талдау.

 

...

           Қазақстан нарықтық экономикаға көшкен уақыттан бастап, еліміздің әр түрлі экономикалық секторларында өзгерістер байқалуда. Мәселен, банктерде несиелік саясаттың жүргізілуі несиелік ресурстардың құрылу көздеріне тікелей байланысты болып, келешекте банк активтерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Банк активтері бұл – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, әлемдік қаржы дағдарысы орын алған жылдары екінші деңгейлі банк активтерінің жалпы сомасы – 11 952 594 543 теңгені құрады. Ал міндеттемелер жиынтығы: 10,510,922013 теңгені, капитал жиынтығы: 1,441,672530 теңге, пассив жиынтығы: 11,952,59454  теңгеге тең болды. Ағымдағы жағдаймен салыстырсақ, 2012 жылы маусым айындағы мәліметтер бойынша активтер жиынтығы: 13,266,5 млрд.теңгені құрады. [15] Ал осы көрсеткішті салыстыратын болсақ, қазіргі жағдайда 1,1 есеге артқанын, яғни 10%-ға көбейгендігін байқаймыз.

 

 

2-кесте. Қазақстан Республикасының банк секторының жиынтық активтері

 

...

2.2 «Темірбанк» АҚ мысалы негізінде 2009-2011 жылдар аралығындағы несие саясатын  талдау.

...

  Кесте көрінісі бойынша міндеттемелердің жалпы соммасы 2011 жылы 96,725,066 мың теңгені құрады 2009 жылмен салыстырғанда 3-есе көбейген, 2010 жылы міндеттемелердің жалпы соммасы 65,380,021 мың теңгені құрады 2011 жылмен салыстырғанда 58% құрады, әрине міндеттемелердің жоғарғы қарқыны банктің  жоғарғы табысының кепілі бола алады. Ал банктің  жалпы капиталы 2011 жылы 11,590,132 мың  теңгені құраса, осы көрсеткіш 2009 жылы 8,254,321теңгені  құрады, яғни өсім 46% құрады, ал 2010 жылы жалпы банктің капиталы 10,565,342 мың теңгені құрады, яғни өсім 5,6% құрады. Көріп тұрғанымыздай, банктік активтер жылдан жылға артып келе жатқанын байқаймыз, себебі қазіргі таңда банк  көптеген қазақстандықтардың сенімін ақтап, жалпы экономикамыздың дамуына  өз үлесін қосуда.

Бүгінгі «Темірбанк» - корпоративті және жеке тұлғаларға  қызметтерінің  кең  спектрін  ұсынатын  әмбебап  қаржылық   институт.  Банк  Европалық   қайта   құру  және  Даму  банкі, Азиялық   Даму  банкі,  халықаралық     қайта   құру  және  даму  банктерінің   бағдарламалары   бойынша   шағын   және  орта  бизнесті  қаржыландырады,  шағын  кәсіпкерлікті   Қолдау   Қорына   қатысу   үшін   қалыптасқан   банк.

Өткен   жылдың   ортасында,   бөлшек   нарығындағы   болашақ   өсімін   есепке   ала  отырып,  банктің   жеке   тұлғалар  үшін өнімдерді шығару  арқылы   табыс   алатын   ритэйл   саласында   төменгі    ойыншы   ретінде   ұстануын   қамтамасыз   ету туралы   шешім қабылданды. «Темірбанк» АҚ  Директорлар  кеңесімен бекітілген 2009–2011 жылдарындағы стратегиялық дамумен   байланысты бүгін  бөлшекті банкке өзгеруінің белсенді  үрдісі жүріп  жатыр.

2011 жылғы   банк  өнімдерін   сату   жоспары   жеке   тұлғалар   үшін   несие алды: ипотека, автонесиелеу және тұтыну немесе бизнес мақсаттарға берілетін несиелер. «Темірбанк»  акционерлік қоғам Қазақстан Республикасы тұрғындарының түрлі әлеуметтік топтармен категориялар үшін банктік   өнімдерге қол жетерлік жағдай жасауға дайын.

АҚ «Темірбанк» корпоротив және жеке клиенттерге үлкен спекторда қызмет көрсетеді. Бантің активтері  30.09.2010ж. қарағанда 1.099 млд АҚШ долларына жетті, ол жеке өзіндік капиталдың көлемі 178,8 млн. АҚШ долларын құрады. 2010 жылы 3 тоқсанында банктің таза пайдасы 15,2 млн. АҚШ долларын құрады. Ал банктің жалпы персонал саны 1400 адамға жетті.

1998 жылдан бастап Темірбанктің акциялары ресми тұрде Қазақстан қор биржасының «А»  Категориясына енді.

2003 жылдан бастап Еуропалық Даму Банкімен стратегиялық әріптес болып Темірбанк АҚ «Инэксимбанктің» (Қырғызстан) 46% пакет акциясын басқаруға алды. Сонымен қатар Қазақстаннан тыс 2002 жылдың ақпанынан бастап банк Мәскеу қаласында өз жұмысын істеп келеді.

Қазіргі кезде банктің филиалдық жүйесі 50-ге жеткен,  жалпы олар барлық облыстық орталықтарда Қазақстан бойынша орналасқан.Банк өнімдерін сатуда әр жылы жеке тұлғалар үшін орасан көп көңіл бөлінбек:

-ипотека;

-көліктерді несиелендіру;

-орта және шағын бизнесті несиелендіру;

-АҚ «Темірлизинг» арқылы технология түрінде инвестиция тарту;

-кезек күттірмес несиелер.

...

 

2.3  Банктің несие беру процесін ұйымдастыру тәртібі

 

...

Несие процесі өтінішті өңдеуден басталады және несиенің толық жабылуы-мен аяқталады. Отандық банктердің басым көпшілігінде несие процесін ұйымдастыру жөніндегі негізгі жұмыс мынадай кезеңдерден тұрады:

1-кезең. Несиелік өтініштерді жинау.

2-кезең. Клиенттермен әңгіме жүргізу.

3-кезең. Несиені беру және оның формасы туралы шешім қабылдау.

4-кезең. Несиелік мәліметті рәсімдеу.

5-кезең. Несие алған клиенттермен жұмыс.

6-кезең. Несиені пайызымен қайтару және несиені жабу.

1-кезеңде несиеге сұраным туралы ақпарат жиналып, оған талдау жасалады және өтініштер алдын ала іріктеледі. Содан соң мына негізгі принцип сақталу керек: қарыз алушылар туралы банкке түскен барлық ақпаратты несие қызметкерлері жазбаша тіркеп отырады және онда мынадай негізгі мәліметтер болу керек: қарыз алушының аты-жөні; сұралған несиенің сомасы; мерзімі; несиенің мақсатты орны; несие қажеттілігінің негізділігі. Бұл кезеңде банктің несие офицерінің алдында әңгіме жүргізуге дайындалу және қарыз алушы туралы неғұрлым толық ақпарат алу міндеті тұрады. Әңгіме жүргізу мен сараптама жасау алдында несие офицері өзіне келген құжаттармен алдын ала танысады. Ол құжаттарға мыналар жатады:

-Несиелік өтініш.

-Қарыз алушының анкетасы.

-Шаруашылық субъектісі жарғысының көшірмесі.

-Құрылтайшылық келісім-шарттың көшірмесі.

-Мемлекеттік тіркелу туралы куәлік.

-Стат басқармасының тіркеу карточкасы.

-СТН растамасы.

-Өткен 2 жыл ішіндегі және осы жылғы есеп беру кезеңіндегі бухгалтерлік есептеме формалары (№1, №2, №3 формалары).

-Несиеқорлық және дебиторлық қарыздың (оның пайда болу себебі, шарты мен уақыты көрсетіледі) түсініктеме қағазы.

-Қарыздар мен №2 карточканың жоқтығы туралы қызмет көрсетуші банктің анықтамасы;

-Бюджет төлемдері бойынша қарыздың жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы;

-Техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар.

-Контрактілер, келісім-шарттар (технология мен жабдықтарды, шикізаттар мен материалдарды жеткізу, дайын өнімді өткізу тармақтары міндетті түрде бірге көрсетіледі).

-Кепіл және кепілдемелік құжаттар.

-Несие тарту және кепіл салуға келісім туралы акционерлердің жиналысының (серіктестік мүшелерінің) шешімі. [11]

 

...

3. ҚР банктерінің несиелік саясатын жетілдіру жолдары

 

...

Банктің заңдық тұлғаларға несие беру операциясы ең табысты жұмыс болып саналғанмен, ол үлкен тәуекелмен байланысты. Несиелік тәуекелге берілген несиенің қайтарылмауы мен дер кезінде жабылмауынан және ол бойынша пайыздардың төленбеуінен келетін мүмкін шығындар жатады. Сондықтан қарыз алушыларды мұқият таңдау және олардың қаржылық-шаруашылық қызметіне үнемі бақылау жасап отыру банктегі несие саясатының негізін құрайды.

Мысалы, нарықтық жағдайда істеудің көп жылдық тәжірибесіне сүйенген Германияның банктік практикасы несие саясатын жүргізу ережелерінің орныққан тізбесін ұсынады. Ол несие операциялары бойынша тәуекелді неғұрлым төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ әр елдегі экономикалық және саяси жағдайдың әр түрлі болуына байланысты банк несиелерін беру тәсілдері мен технологиясын көшіру мүмкін емес. Сонымен бірге Германия мен басқа да батыс елдеріндегі несие беруді ұйымдастырудан түсетін конструктивті табыстар қазіргі Қазақстан үшін өзекті болып тұр.

Нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты Қазақстанда да несие төлеу қабілетіне талдау жасаудың қажеттілігі туындады.

Осы тарауда несие берудің бірінші кезеңіне – несие өтінішін қарауға және қарыз алушымен әңгімелесуге қайта оралғанды қажет деп санаймын. Ертеңді болжай білетін сақтықпен кез келген клиентке деген жылы қарым-қатынас банктегі әрбір шенеуніктің бұлжымас ережесі болып табылады. Қызметкерлері клиентке дұрыс мән бермейтін банктің болашағы жоқ.

Банк қызметкері клиентке несиенің шарттары жөнінде қажетті ақпарат береді және одан банк анкетасы бойынша қойылған сұрақтарға жауап алады. Клиентпен алғашқы және одан кейінгі кездесулердің нәтижелерін стандартты сұрақтар тобы шоғырланған есептемелерде жинақтаған дұрыс.

Мұндай есеп беру түзетіліп тұрады және клиенттік банкке жасаған әрбір қадамынан соң толықтырылады.

Мұндай есеп берулерден несие инспекторы болашақ клиентпен жеке кездескенге дейін-ақ ол туралы маңызды мәлімет алады.

Несиелік өтінімдер мен ілеспе құжаттарды мұқият зерделегеннен кейін несие қызметкері болашақ қарыз алушымен қайта әңгімелеседі. Мұндай кездесулер несие инспекторына несиелік шарттардың маңызды тұстарын анықтауға ғана емес, қарыз алушының психологиялық келбетін жасауға, компания басшылығының кәсіби әзірлігін бағалауға, кәсіпорын дамуының шынайы жағдайына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Әңгіме барысында қарыз алушы компаниялық жұмысындағы ұсақ-түйекті білудің қажеттілігі жоқ, несие инспекторы ең алдымен банк-несиеқордың мүддесін білдіретін шешуші мәселелерге назар аудару керек. Болашақ қарыз алушымен танысу әңгімесінде мынадай жүйедегі сұрақтарды қоюға болады.

Несие берудің бірінші кезеңінде банк мынаны анықтап алу керек:

А. Қарыз алушының салмақтылығын, сенімділігін және несие төлеу қабілетін, бизнестегі болашақ партнер ретіндегі атағын, әсіресе, бұл жаңа клиенттерге көбірек қатысты.

Ә. Несиелік өтінімнің негізділігі және несие қайтаруды кепілдік қамтамасыз етудің ережесі. Қажетті жағдайда банк несиелік ұсынысқа өз талабын қосып, онымен қарыз алушыны таныстыра алады.

Б. Несиелік ұсыныстың банктің несие саясатына және оның несиелік портфелін жасау құрылымына сәйкестігі. Жаңа несие беру несиелік портфельдің сан қырлылығына апарып, несиелік тәуекелді төмендете ме, әлде кері нәтиже бере ме сынды сауалдарға жауап іздеу керек.

 

...

 

Қорытынды

 

...

Соңғы жылдары заңды тұлғалармен несие бизнесі төлемсіздік тәуекелінің өсуімен және несие беретін банк үшін тәуекелдің арта түсуімен ерекшеленеді. Сондықтан әрбір нақты мәміле бойынша төлемсіздік мүмкіндігін дәл анықтау неғұрлым маңызды міндет болып табылады. Оны шешу үшін фирманың несиелік саясатын жан-жақты ұзақ мерзімді тексеру қажет.

Теориялық тұрғыда мұндай тексеру жалпы фирманың экономикалық көрсеткіштерін ғана емес, бүкіл оның бөлімшелерінің көрсеткіштерін қамтуы тиіс. Бұдан басқа, фирманың жай-күйіне талдау жасау әр түрлі ақпарат көздеріне негізделуі қажет. Шешім қабылдаған кезде мәліметтерді өңдеудің қазіргі заманғы әдістері мен компьютерлік бағдарлама қолдануы қажет.

Несие мекемелері несие қабілетін талдау әдістерін жетілдіруді қажетсінеді. Болашақта әр түрлі профильдегі ең көп мәліметтер санын несие қабілетін бірыңғай талдауға салу айрықша маңызға ие болады. Талдауға қажет өңделетін ақпараттың көлемі қосымша қиындықтарды тудырады. Оларды тек мәліметтердің ірі бөлігін өңдеудің статистикалық және электрондық әдістерін енгізу, әрі одан әрі жетілдіру жолымен жеңуге болады. Сондай-ақ бұл процесте шағын банктердің артта қалып отырғанын атап кету орынды.

Экономикалық көрсеткіштермен қатар клиенттің ағымдағы жай-күйі мен болашағы туралы критерий де үлкен маңызға ие. Сол себепті бұл арада ақпараттың базасын кеңейту қажет, бұл банктің фирма туралы қосымша сапалы ақпарат алуына көмектеседі.

Клиенттерге қызмет көрсетіліп кеңес берілетін, несиелік өтініштерге маркетинг жүргізіп, өңдейтін интеграцияланған несие бөлімдерін құру тиімділікті арттырудың көзі болар еді. Бөлім ішінде коммуникацияны жетілдіру арқасында мұндағы жұмыс тығыз кооперациялану жағдайында жүреді, ал бұл артық мәліметке жол бермей аз шығынмен көп ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, нақты мәміленің нысанына сыртқы фактордың ықпалы туралы ақпаратты пайдалануға болады. Бұл жағдайда банктің бүкіл филиалдар арасында, кейбір жағдайда банктер арасында ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі. Ақпаратты бірлесіп жинап, өңдеу қажетсіз ақпараттың көлемін және соған сәйкес шығынды азайтады.

Техникалық білімдер саласында банк қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату маңызды. Әрине, маманданған бөлімдер мен штат бөлімшелерінің қызметін пайдалануға немесе клиенттерге кеңес беру үшін және олардың несие қабілетін талдау үшін сырттан мамандарды тартуға болады. Сонымен бірге несие мекемелері клиенттерге кеңес беру мен қаржыландыру тізбегі бар арнайы бағдарлама түрінде тиісті жоспарлау құралдарын ұсынуына болады.

 

...

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Банк ісі: С.Б. Мақыш. – Алматы: Жеті жарғы, 2009. – 552 бет.
  2. Қаржы, ақша айналысы және несие: Р.О.Смағұлова, Қ.Ә.Мәдіханова,            Ә.Қ. Тұсаева, Ж.Ш.Сатыбалдиева. – Алматы: Экономика, 2008. – 462 бет.
  3. Банк ісі: Лекциялар курсы: Н.Н.Хамитов. – Алматы: Экономика, 2006. – 216бет.
  4. Орысша қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі /     К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов. – Алматы: «LEM», 2001. – 344
  5. Банковское дело: учебник/ Под ред. Лаврушина О. И. – М.: Финансы и статистика, 1999.  – 401 с.
  6. Сейфуллин М. «Ақша – несие саясаты және қаржы жүйесінің тұрақтылығы», Егемен қазақстан газеті, 2007 – 15 қыркүйек
  7. Положение НБ РК  от 5.09.2002 года №456 «О пруденциальных нормативах».// Справочная правовая система «ЮРИСТ».
  8. Правила ведения документации по кредитованию банками второго уровня" от 16. 08. 1999 г. № 276