Доклад/Баяндама: Жанжал қоғам мен тұлғаның әлеуметтік әрекеттесуінің түрі ретінде


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
11

... Ертедегі капиталистік индустралияландыру кезеңі үшін төңкерістің биіктеуіне әлсін-әлсін үрей туғызған, өндірістік және әлеуметтік саладағы қатал әлеуметтік жанжалдар тән.

 

Капитализмнің пісіп жетілу шамасында жанжалдар саны қысқарды және олар аз қауіп төндіретін болды. Болжам бойынша, ертеректегі капитализм кезеңіндегі жанжалдың қаталдығының себебі дәстүрлі, индустриальдыға дейінгі әлеуметтік байланыстар мен нормативтік ретке келтірудің бұзылуы болды. Толық жетілген индустрализмге өту аяқталысымен жаңа реттеушілік және интегративтік институттар мен құндылықтар қаланды.

 

Жанжалдың құндылығы, олар әлеуметтік жүйенің қатаюын болдырмаудан, инновацияларға жол ашуынан тұрады.

 

Жанжал кең мағынада қиян-кескіге айналған қайшылықты білдіреді. Социология ғылымында жанжалға келесі анықтама беріледі: бұл - өзара әрекеттесудің субъектісі ретінде оппоненттердің қарама-қарсы мақсаттарының, көзқарастарының, пікірлерінің, позицияларының соқтығысы.

 

Әлеуметтік жанжалдар әлеуметтік қауымдастықтардың, топтардың, индивидтердің, әлеуметтік өзара әрекеттестіктерінің міндетті құрамдас белігі болып табылады. Г.Спенсер әлеуметтік жанжалды адамзат тарихындағы шарасыз құбылыс ретінде ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік дамудың стимулы ретінде қарастырғаны кездейсоқ емес. Социология ғылымында жанжал көзді жұмуға болмайтын немесе оның бар болуын жоққа шығаруға тырысуға болмайтын қоғамдық өмірдің табиғи құбылысы деп саналды. Жанжалдың ірі теоретиктерінің қатарына К.Маркс, Г.Зиммель, П.Сорокин, Л.Козер, Р.Дарендорф, К.Боулдинг, т.б. жатқызылады. Олар жанжалды динамикалық күш, қазіргі қоғамның дамуының негізі қоғамдық жүйенің барлық деңгейіндегі әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызды проблемасы деп санады. ...