Доклад/Баяндама: Құқыққорғау қызметінің адамгершілік мазмұны


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Заңгер этикасы
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
15

Құқыққорғау  органдары  қызметінің  негізгі  мəні  олардың  атауынан  айқын  көрінеді:  бұл мемлекеттің  маңызды  конституциялық  міндеті — адам  мен  азаматтың  құқықтары  мен бостандықтарын қорғауды жəне сақтауды жүзеге асыру.Олардың басқа да  қалған функциялары — қоғамдық тəртіпті сақтау, меншікті қорғау, қылмыстылықпен күрес, қоғамға қарсы бағытталған құбылыстардың   алдын  алу  жəне  т.б.—  осы  маңызды  міндеттің  элементтері.  Құқыққорғау органдарының өзі де мемлекеттің элементі, оның негізгі құрылымдарының бірібелгілі бір қоғамның қалыпты  өмір  сүруін ұйымдастыратын,  əлеуметтік нормалар мен қатынастардың  жүйесі ретінде құқықтың кепілі қызметін атқаратын билік құрылымы — болып табылады.

 

<...>Кезкелген қоғамда өмір сүріп, еңбек ету — бұл өз мақсаттарына жетуге ұмтылған қазіргі күнгі адамдардың қызметі ғана емес. Бұл — ғасырлар бойы қалыптасқан қатынастар жүйесі де, адам ескеріпсыйлауға  міндетті  қоғамдық  адамгершілік  қағидалары  да,  əрбір  еңбек  үдерісімен  қатар жүретін,  қоғамда  үстемдік  құрған  идеялар,  теориялар,  көзқарастар  да.  Сондықтан,  құқыққорғау органдарының  жеке  құрамы,  олардың  қызметтік  ісəрекеттері  туралы  оң  көзқарас,  ол  ұлттық дəстүрлерге, адамгершілік нормаларына сəйкес келген жағдайда ғана, халықтың қолдауын тауып, сыйластығына бөленеді.

 

<...> Құқыққорғау органдары қызметекерлері өздеріне тəн арнайы нысандар мен əдістер  арқылы азаматтарды қолданыстағы заңнама туралы кеңінен ақпараттандыруды жүргізеді, оларда заңдардың қажеттігі мен əлеуметтік əділеттігі туралы сенімді қалыптастыруды,  заң  талаптарын  саналы  түрде  орындауын,  заңдылық  пен  құқықтық  тəртіпті нығайтуды қамтамасыз етеді.

Құқықтық тəрбиелеу жəне заңға деген сыйластық қатынас бойынша жұмыстың тиімділігі жастық, білімдік,  кəсіби  жəне  басқа  да  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  халықтың  əртүрлі  санаттарын қамтитын  жəне  заңнама  мен  нақты  құқықтық  нормалардың  негіздерімен  танысудағы  белгілі  бір мақсаттылық пен кезектілікті көздейтін жүйенің болуымен анықталады.

 

<...> Егер таңдау түрлерін анықтау кезінде мораль таңдаудың жағдайлары мен мүмкіндіктерін толық жəне жанжақты зерттеуге бағыттайтын реттеушінің ролін атқарса, онда жүрістұрыс түрін таңдау кезеңінде оған шешуші рөл беріледі.

Жүрістұрыстың түрін таңдауда маңызды рөл адамгершілік себептерге берілген. Неге дəл осы əрекет  дұрыс?  Мұндай  таңдау  неге  негізделген?  Осы  сұрақтар  жүрістұрыс  түрін  таңдауға мейлінше мол сипаттама береді.