Доклад/Баяндама: Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
8

... Әлеуметтік өмір өзінің табиғатынан ұжымдық болып келеді. Сондықтан сенушілердің оларды “жоғары күшпен” байланыстарын біріктіруші толғаныстары, адамның туылуын, өлімінде қолданылатын салт-жоралық әрекеттер, бірігіп жасалатын ырымдар бірігу және ынтымақтастық сезімдерін нығайтады. Осылайша дін басқалардан өзінің қасиетті объектіге бағыттылығымен ерекшеленетін айрықша әлеуметтік әрекет болады. Бірақ сенімнің қасиетті объектісін құрметтеу - ол шындығында өз “социумын” құрметтеу, оның мықтылығы - топтың ұйымдасып өмір сүруінің жалғасуының кепілі, бұл оның әрбіреуінің және барлығының үстінен талассыз билігін мойындау. Сонымен діннің шығу көзі - адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік тәсілі.

 

Э.Дюркгейм шындығында әлеуметтік және діниді теңдестіре отырып, дінге кеңейтілген түсіндірме береді. Алайда қазіргі қоғамда дүниені ғылыми түсіндірумен байланысты жаңа мифтер мен символдар пайда болды. Сондықтан оларға нақтылы тарихи тұрғыдан оның рөлі мен әсерін бағалау талаптары қойылуда. Саяси, экономикалық және ғылыми қызметтер діни қызметтерден біртіндеп босанып бөлінуіне, әлеуметтіктің дінимен бірлігінің өзгерісі болып жатыр және ол бірте-бірте айқын көрінген зайырлы сипатқа ие болуда. Сонымен, қоғам өмірінің бүкіл саласының діннің әсерінен құтылудың үздіксіз процесі бар екендігі мойындалады. Солай бола тура Э.Дюркгеймнің пайымдауындағы бір нәрсе ол бұл процестің дамуы діншілдіктің аяқталуын білдірмейді. Оның ойынша дін К.Маркске қарағанда, мәңгі өмір сүреді. Қоғамның бірлігі мен жеке даралығын айқындаушы ұжымдық сезімдер мен идеяларды үнемі тірілтіп, нығайту қажеттілігін бастан кешірмеген қоғам өмір сүруі мүмкін емес. Ол бұл процестің нәтижесінде діннің және құдайдың орнына “адамгершілік дінінің” келетініне сенді. ...