Доклад/Баяндама: Қазіргі заман социологиясының теориялары мен тұжырымдамалары


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
44

Жоспар

1 Қазіргі заман социологиясының теориялары мен тұжырымдамалары.. 3

2 Жаһанданудың қазіргі теориялары.. 4

3 Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы.. 7

4 Энтони Гидденстің жаһандану теориясы.. 9

5 Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы.. 10

6 Мануэль Кастельс: ақпараттық экономика және жаһандану процесі 14

7 “Қайраткер - құрылым” теориялары қазіргі қоғамды зерттеудің құралы ретінде  23

8 Маргарет Арчердің морфогенез теориясы.. 24

9 Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы.. 31

10 Қызмет және құрылым: Джеффри Александердің жаңа функционализмі 34

11 Жаңа институционализм теориясы.. 34

12 Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы.. 36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 43

 

 

4 Энтони Гидденстің жаһандану теориясы

 

 

Энтони Гидденс - теориялық социология мәселелерін зерттеуге зор үлес қосқан қазіргі заманғы ірі социологтардың бірі.

 

Гидденс Р.Робертсон секілді жаһандануды ғаламдық модернистік жобаның бір бөлігі деп тұжырымдап, оның басты үш ерекшелігін бөліп көрсетеді:

 

(1) кеңістік пен уақыттың өзгеруін ол іс-әрекеттің белгілі бір кеңістікке үйреншікті болуының азаюы және әлемдік ауқымдағы оқиғалардың үндесуі деп түсінеді, бұл жерде әңгіме ғаламдық коммуникацияның пайда болуы жайында болып отыр;

 

(2) әлеуметтік институттар жергілікті жерлерден (“орындардан”) қол үзсе “жеміссіз” болып қалады. Тек үлкен жүйелер ғана өзгеріп қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік тәжірибенің жергілікті және тіпті жеке контекстері өзгереді, бұл қақтығыс пен әлеуметтік стратификацияның жаңа жүйелерін тудыратын көптеген қарама-қайшылықты процестерді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, Гидденс Валлерстайнға қарағанда жаһандануды таза экономикалық процесс және феномен ретінде түсіндірмейді;

 

(3) әлеуметтік білімнің әсері, тәжірибелік білімге деген бағдар өсе түседі. Қазіргі әсерлі қоғамның өзін Гидденс жүрісін жылдамдата беретін күйме бейнесінде елестетеді. Осы заманғы институттардың бәрі әмбебаптылық жағына қарай өзгереді: капитализм, индустриализм, қадағалау, күштеу құралдарын монополизациялау, халықаралық еңбек бөлінісі, әлемдік әскери тәртіптің қалыптасуы. Жаһандану тек қана әлемдік капиталистік жүйені экспансиялау мен мәдени біртектіліктің орнығуынан ғана тұрмайды. Әрине, Гидденс стандарттау үрдісінің әсіресе түрленім формасында болатынын көрсетеді, себебі капиталистік өндіріс пен бөлу қазіргі заман институттарының басты құрамдас бөліктерін қалыптастырады....

 

5 Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы

 

Әлем-жүйелік сараптау теориясын қарастыруды әлем-жүйелік сараптаудың басты жорамалдарын талдаудан бастаған тиімді болады:

 

1. Әлем-жүйелік перспективасы “ұлттық мемлекет” уақытына қарай “дамитын”, “салыстырмалы түрде автономды “қоғам” екендігін теріске шығарады.

 

2. Ұзаққа созылғандық - әлемдік жүйенің басы, жалғасы, соңы бар уақыттық арақатынасы.

 

3. Қазіргі әлем-жүйе бүкіл жер шарын алып жатыр және әлемдік капиталистік экономика болып табылады.

 

Ф.Бродельдің идеяларына айтарлықтай сүйенген Валлерстайн бұрын негізсіз түрде социологтар елемей келген “ішкі” және “сыртқы” факторлардың бағыныштылығы мен өзара тәуелділік қатынастарын неғұрлым айқындай түсті.

 

Валлерстайн өзінің жүйелік сараптау әлемі теориясында әлемдік капиталистік экономиканың негізгі сипаттарын жасады:

 

1. Капиталдың үздіксіз жинақталуы - оның қозғаушы күші.

 

2. Капиталдың жинақталуы орталық-периферия сызығы бойынша бөлінуге сәйкес кеңістікте сараланған.

 

3. Құрылымды түрде жартылай периферия өмір сүреді.

 

4. Ақысы төленбеген еңбек әлемдік капиталистік экономика өмірінде үлкен рөл атақарады.

 

5. Капиталистік әлем-жүйе халықаралық жүйемен қарым-қатынаста болады.

 

6. Қазіргі әлемдік экономиканың қайнар көзі XVІ ғасырда жатыр.

 

7. Географиялық жағынан ол Еуропада басталып, кейін бүкіл әлемге тарады.

 

8. Дербес мемлекеттер гегемондар болады.

 

9. Мемлекеттер, этникалық топтар мен шаруашылықтар ұдайы пайда болып, қайта жаңғырып отырады.

 

10. Жүйені бір мезгілде күйзелетін және қолдап отыратын жүйеге қарсы қозғалыстар болады. ...

 

11 Жаңа институционализм теориясы

 

Социологияның негізгі пәні қоғам болып табылады, жоғарыда қарастырылған теориялар қоғамға тұрғындардың әлеуметтік-топтық құрылымы ретінде талдау жасайды. Бұл тарауда біз қоғамға оны құрайтын институттар тұрғысынан талдау жасайтын теорияларды қарастыратын боламыз. Бірақ бұл екі жоба тұтас бір нәрсені білдіреді және бір-бірімен органикалық байланыста.

 

Тағы да айта кететін жайт, тарихи тұрғыдан қоғамды зерттеуде социология ғылымында екі бағыт қалыптасты: құрылымдық-жүйелі және субъективті-мінез-құлықтық. Құрылымдық көзқарасты жақтаушылар қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастырады, ал социологияның пәні - әлеуметтік институттар деп есептейді. Мұнда қоғам объективті өмір сүретін және индивидтерге тәуелді емес институционалдық құрылым деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, біз қоғам сараптамасының институционалдық немесе жүйелі деңгейін қарастырамыз.

 

Эмиль Дюркгейм атап көрсеткендей, социологияны институттар, олардың генезисі және жұмыс істеуі туралы ғылым деп пайымдауға болады.

 

Екінші бағыт, субъективті-мінез-құлықтыққа келер болсақ, ғалымдар қоғамға оны құраушы топтардың жиынтығы ретінде талдау жасайды, ал зерттеудің негізгі пәнін тұлға аралық интеракциялар, адамның күнделікті қызметі мен іс-әрекеті құрайды. ...