Доклад/Баяндама: Қазақстанда қазіргі заманғы социология ғылымы дамуының негізгі бағыттары


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
22

8. Әлеуметтік және саяси институттарды социологиялық талдау: Асылов Н.Ж., Қарабаев Ш.Қ., Сейдуманов С.Т., Илеуова Г.К., Байделдинов Л.А. [36].

 

...Қоғамды саяси реформалау процестері социологияның алдына теориялық та, практикалық та міндеттер қойып отыр. Саяси социология социология білімі саяси биліктің, саяси институттардың және саяси сайлаудың қызметі проблемаларымен айналысатын салаларының бірі болып табылады.

 

Саяси кеңістіктің құрылымдалуы саяси партиялардың, құралымдардың және саяси элитаның қалыптасуы процесін зерттеулерде келтірілген. Бұл бағыттағы зерттеулердің теоориялық-әдістемелік базасы батыстық социология дәстүрімен жасақталған. Саяси плюрализм батыстың саяси құрылымдарының құбылысы ретінде отандық ғылымда қарастырылмаған.

 

Әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде Қазақстандағы көппартиялылық­тың қалыптасуы проблемалары жөніндегі зерттеулерде көппартиялылықтың қалыптасуының типологиясы мен қалыптасу кезеңдері, партиялар мен қозғалыстардың бағдарламалық ұстанымдарының жіктемесі, көппартиялылықтың дамуына кедергі жасайтын объективтік жағдайлар қарастырылады, сондай-ақ саяси плюрализмнің жеке түрлері мен үлгілерін қарстырудағы теориялық көзқарастар жасалған, саяси құралымдардың ерекшеленген этникалық әлеуметтік құрылымдарының қалыптасу себептері талданады.

 

Билеуші саяси элитаның мәнісі мен қалыптастыру механизмдерін зерттеулердің бастапқы қағидасы қоғам әрқашан да билікке ие болып отырған азшылыққа және қолында билігі жоқ саяси тәуелді көпшілікке бөлінгенін және бөліне беретінін түсінуде. Бұл позиция отандық ғылымда әлемдік классикалық дәстүрлерді қайта ұғынудың және қазіргі заманғы әлеуметтік шынайылықтың негізінде салыстырмалы түрде жақында тұжырымдалған. Билік туралы тұжырымдамалық қағидалар да қазіргі заман аясында қайта қаралуда. Әлеуметтік стратификацияда жоғары позицияны иеленген әлеуметтік бір топтарға өз қалауларын басқаларға таңуға және қоғамдық мүдделерге сәйкес әрекет ету мүмкіндігін беретін биліктің саяси институттардың жиынтығы ретіндегі классикалық түсінігі қазіргі заманғы билікті баяндаудан едәуір өзгеше. Қазіргі заманғы қоғамда билік барлық әлеуметтік кеңістік бойынша жайылған, ол қазіргі кезде экономикалық, мәдени және саяси кеңістіктердің қарым-қатынасын білдіреді (П.Бурдье тұжырымдамасы)....