Доклад/Баяндама: Қазақстанда социология ғылымының қалыптасуы (ретроспективті шолу)


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
6

Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам дәуірінде дамуымен байланысты. Социология ғылымының осы кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтейік.

 

ХХ ғасырдың басында Ресейдегі социологияның дамуы өрлеу үстінде болды. 1917 жылғы революцияға дейін мұнда айтарлықтай жоғары интеллектуалдық әлеует қалыптасты. Ол мыналардан көрінді:

 

а) академиялық социологияның теориялық зерттеулері басым маркстік емес дәстүрінен - Н.И. Кареев, П.А. Сорокин, К.М. Тахтарев және басқалар;

 

б) саяси күресте социологияны радикалдандыру басым марксистік дәстүрмен - А.А. Богданов, В.И. Ленин, Е.А. Энгель және басқалар. [21, 72‑б.].

 

Ресейде ХХ ғасырдың басында басталған социологияның институттану процесі 1922 жылы Лениннің “Жауынгер материализмнің маңызы туралы” (“О значении воинствующего материализма”) мақаласы жарық көргеннен кейін тоқтап қалды, онда оқыту процесіне коммунистік бақылау туралы мәселе қойылған еді. 1918 - 20 жылдары құрылған социология кафедра­лары қудалауға ұшырады. Нәтижесінде П.А. Сорокин, Г.Д. Гурвич сияқты және т.б. қоғамтанушы көрнекті ғалымдар елден көшіп кетті, бұл социологияның ғылым ретінде дамуын мемлекеттік жүйенің қадағалауында өмір сүру және ғылыми дәстүрлерін үзіп алу қаупін төндірді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы социология белгілі бір дәрежеде жемісті болды. Саяси өкіметтің жаңа түрі орнағаннан кейін өтпелі кезеңдегі революциялық түрленулер нәтижесінде тапсыз социалистік қоғам (буржуазиясыз тарих) - коммунизмнің алғышартын жасау үшін қажет нәрсенің бәрі деп есептелді. Бұл тұрғыдан да кеңестік социология жаңашыл сипатқа ие болды: оның объектісі қоғамдық меншік негізінде құрылатын қоғам болды [21, 73-б.].

 

Әлеуметтік еңбектер мен социологиялық зерттеулерді қатаң ұстау, ал кейіннен тыйым салу сталиндік саясат тарапынан іс жүзінде ғана емес, теориялық жағынан да жүріп жатты. “Бүкілодақтық коммунистік (большевиктік) партиясы тарихының” қысқаша курсына (1938) арнап И.В. Сталин жазған “Диалектикалық және тарихи материализм туралы” бөлімінде әлеуметтік білімнің тұтас бір саласы - тарихи материализм - философиялық білімнің аясына “қайтарылды”. Н.Н. Бухариннің тарихи материализм теориясына сәйкес қоғамдық ғылымдар арасында қоғамдық өмірдің жеке саласын емес, барлық күрделілігімен бірге жалпы қоғамдық өмірді қарастыратын екі аса маңызды ғылым бар. Ондай ғылым, бірінші жағынан, тарих болып табылады, екінші жағынан - социология... Тарих белгілі бір орында белгілі бір уақытта қоғамдық өмір ағыны қалай өтетінін баяндайды... Социология жалпы мәселелер қояды: қоғам деген не? Оның дамуы немесе күйреуі неден болады? Қоғамдық құбылыстардың әр түрлі қатарлары (шаруашылық, құқық, ғылым және т.б.) бір-біріне қандай қатынаста болады? Олардың дамуын немен түсіндіруге болады? Қоғамның тарихи нысандары қандай? Олардың алмасуын немен түсіндіруге болады? және т.с.с. Социология қоғамдық ғылымдар ішіндегі неғұрлым жалпысы (абстрактілісі)... тарих социологиялық қорытындылар мен жалпылаулар үшін материал береді... Социология өз кезегінде... тарих үшін зерттеу тәсілдерін немесе әдісін көрсетеді” [22].  ...