Реферат: Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
16

... Шәкерімнің философиялық, социологиялық, психологиялық көзқарастары оның “Үш анық” атты еңбегінде көрсетілген, онда үш сәтті бөліп қарауға болады: 1. Шәкерім Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін сын көзбен зерделеп, Спенсердің, Конттің еңбектерін талдайды, олардың көзқарастарына қатысты позициясын білдіреді; 2. Дамыған халықтардың білімдерін өз халқына жеткізуге әрекеттенеді; 3. Ақиқат ғылымды іздеу - басқа жат проблемалардан бас тарту деп есептейді. ғылыммен еркін, жалтақтамай шұғылдану қажеттігін айтады [5].

 

Екінші бағыт - таныммен, танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір әлеуметтік институттардың нақты қызметімен ұштасуына байланысты. Бұл кезеңде қазақ даласында мектептер ашыла бастады, қоғамда Ыбырай Алтинсариннің есімімен тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану процесі басталды. Оның ағартушылық қызметінің ерекшелігі мектеп ашумен шектеліп қоймай, оқытудың дидактикалық принциптерін жасағанында, инспекторлық бақылаудың негізін қалап, мұғалімдер даярлау жүйесін енгізуінде.

 

Үшінші бағыт - “Адам дүниені қалай танып біледі” атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды. Білім беру социологиясы бұл проблеманың кейбір қырларын өз зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда Шәкерімнің “Үш анық” атты еңбегі аталмыш проблеманы зерттеу құралы болып табылады.

 

Қазақ ойшылдарының әлемдік қоғамдық ойға қосылғандығы және қоғам мен прогресс идеяларын қазақ ойшылдарының айрықша қабылдауы Қазақстанда социологиялық көзқарастар қалыптастырудың негізі болды. Бұл қағидалар социологияның пайда болуының қажетті шарттары болды. Теориялық социология Спенсердің және Конттің ұғымдарындағы прогрестен бастау алады. Прогрестің өзін О.Конт адам ақылының имманенттік ұмтылысы, өзіндік қозғаушы күші ретінде түсіндіреді. Конттің әлеуметтік динамикасы қоғамның күйреуін, жойылуын емес, керісінше оның жалпы ілгерілеу қозғалысын қамтамасыз ететін өзгеріске негізделеді, адам қоғамын жануарлардан, биологиялық бірліктен ажырататын да осы өзгеріс. Прогресс дегеніміз - жоғары бағыттағы ілгерілеу қозғалысы - эволюция. ...